
zharkain
COVID - 19 коронавирустық инфекциясы, вакцинация және ревакцинация бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы
2022 жылдың басынан бастап ауданда 400 COVID -19 оқиғасы тіркелді, оның ішінде 279 жағдай қаңтар айында тіркелген, 110 жағдай ақпанда, 4 жағдай наурызда. Науқастардың басым бөлігі ересек тұрғындарға тиесілі, оқушылар мен зейнеткерлер арасында да бұл жағдайлар тіркелген еді.
Сәуірден бастап шілде айына дейін эпидемиологиялық жағдай тұрақты болды, ауру жағдайлары болған жоқ.
Ағымдағы жылғы шілде айының ортасынан бастап бүгінгі күнге дейін ауданда COVID -19 симптомдары расталған 7 жағдай тіркелді, оның ішінде қала тұрғындары арасында – 5 және ауыл тұрғындары арасында 2 жағдай (Пригородное және Уәлиханов ауылдары).
А.ж. шілде айында анықталған 3 жағдай вакцинация курсынан өтпеген тұлғалар арасында және 3 жағдай ревакцинация алмаған тұлғалар арасында болды. Бір жағдайда – жасына байланысты вакцинациялауға болмайтын тұлада, анасы вакцинацияланбаған және өзі ауырған бір жасқа дейінгі бала инфекция көзі болды.
Ағымдағы жылдың маусым айында ауырғандар арасындағы кәсіби құрамы бойынша: мемлекеттік ұйымдар қызметкерлері арасында 1 жағдай, білім беру қызметкерлері арасында 1 жағдай, 1 зейнеткер және 3 жұмыс істемейтін, 1 жасқа дейінгі ұйымдастырылмаған балалар арасында 1 жағдай.
Жас санаты бойынша: 30 - дан 40 жасқа дейін - 2 жағдай, 50-ден 60-қа дейін - 2 жағдай, 60 және одан жоғары жастағы адамдар арасында - 1 жағдай және 1 жасқа дейінгі балалар арасында - 1 жағдай тіркелді.
Барлық жағдайлар қоғамдық орындарға барумен байланысты.
Жарқайың ауданы жалпы Ақмола облысы сияқты жасыл аймақта орналасқанына қарамастан, әлемде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсу үрдісі байқалады. Қазақстан Республикасы бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес сары аймақта Нұрсұлтан қаласы орналасқан, тәулікте шамамен республика бойынша 2 мыңнан астам жаңа жағдайлар тіркелуде.
Биылғы жылдың сәуір-шілде айлары аралығында ауданда COVID - 19 бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанын, бұл жалпы вакцинация мен ревакцинацияның тиімділігін растайтынын еске салғым келеді.
Бүгінгі таңда COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын-алудың маңызды шараларының бірі вакцинация болып табылады және солай болып қала береді, оның ішінде 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер, сондай-ақ ревакцинация жасауға тиісті.
Жарқайың ауданында COVID - 19-ға қарсы вакцинация және ревакцинация науқаны жалғасуда.
Барлығы 8300 адам вакцинациялауға жатады, бірінші компоненті 8755 (105%), екінші компоненті 8214 (99%). Ревакцинацияға (үшінші бустерлік екпе) вакцинацияның толық курсын аяқтаған 5917 адам жатады. Қайта вакцинацияланғандардың 75,1%. Бұл көрсеткіш аудан тұрғындарының барлығы бірдей алғашқы ревакцинациядан өтпегенін көрсетеді. Осы жерде мен аудан тұрғындарына жүгінгім келеді, егер алғашқы ревакцинацияны алу мерзімі келген болса, ревакцинацияны алу керек, өйткені вакцинациядан кейін 6 айдан кейін иммунитет төмендейді.
Қайта ревакцинациядан (төртінші екпе) 669 аудан тұрғыны өтті, оның ішінде қауіп топтары бойынша: 50 жастан жоғары – 98, медицина қызметкерлері – 117, педагогтар – 152, күш құрылымдарының қызметкерлері – 28. Қайта ревакцинация алынғаннан кейін екпеден кейінгі қолайсыз реакциялар тіркелген жоқ.
Комирнати вакцинасымен вакцинациялау (Пфайзер), толық курспен қамтылуы тиістілер санының 39,3% - ын құрады, оның ішінде 264 жасөспірім, 62 бала емізетін және 6 жүкті әйел егілді.
Ревакцинация мәселелеріне тоқталғым келеді. Қол жеткізілген ұжымдық иммунитетке қарамастан, ревакцинацияны алу керек, өйткені уақыт көрсеткендей, иммунитет 6 айдан кейін төмендейді, ал егер сіз үшінші және төртінші дозаны алмасаңыз, жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинацияламасаңыз, онда аурудың өсуі сөзсіз. Көріп отырғанымыздай, барлық анықталған жаңа жағдайларда науқастар вакцинацияланбаған немесе ревакцинация кезеңдерінен уақтылы өтпеген.
Республика мемлекеттік дәрігерінің қаулысына сәйкес төртінші дозаны қайта вакцинациялауға жұқтыру қаупі жоғары адамдар, бірінші қатардағы жұмысшылар, яғни өз қызметінде адамдармен көбірек жұмыс істейтіндер жатады:
Бұл:
1) медицина қызметкерлері;
2) медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;
3) күш құрылымдарының қызметкерлері;
4) педагогтар;
5) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің контингенті;
6) 50 жастан асқан тұлғалар.
Бүгінгі таңда жеткілікті мөлшерде КазВак, Вероселл және Пфайзер вакциналары бар. Вакцинация пункттері күн сайын жұмыс істейді, сіз сондай-ақ вакцинация қоюшылар тобын ұйымға шақыра аласыз.
Мен аудан тұрғындарына айтқым келетіні, COVID -19 вакцинациясы мен ревакцинациядан өту маңыздылығы — жұқтыру ықтималдығын азайту және осы қауіпті инфекцияның ықтимал асқынуларынан өзіңізді қорғау үшін жасалады.
Санитарлық қызмет жаз мезгілінде аурудың өсуі тіркелген елдерге барудан аулақ болуды, түрлі бұқаралық іс-шараларға барудан, қоғамдық орындарға, әсіресе медициналық ұйымдарға барған кезде қорғаныс маскаларын қолдануды ұсынады.
"Жарқайың аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ басшысы Ж.Ахметова.
Дауды шешудегі медиацияның маңызы
Татуласу рәсімдері бүгінгі таңда тек еліміз бойынша ғана емес, бүкіл дамыған мемлекеттердің азаматтық-құқықтық кеңестігіндегі дау мен жанжалды шешудегі ең маңызды, перспектиалы рәсімдердің бірі болып отыр. Бұл ретте татуластыру рәсімдері немесе оның баламалы түрлерінің дауды сот тәртібімен шешуге қарағанда үлесі елеулі.
Бүгінде соттар жұмысына заманауи форматтар енгізу арқылы артық сот рәсімдері мен шығындары қысқартылды, Азаматтық процестік кодекске өзгіріс енгізілді. Соның нәтижесінде татуластыру рәсімдерін қолдана отырып, дауды реттеу жаңашылдығы қолға алынды.
Тараптарды татуластыру негізінде неке және отбасы қатынастарынан туындайтын мүліктік даулар, шарт міндеттемелері және зардапты өтеу даулары бойынша жүргізіледі. Тараптарға АПК-нің 174 бабының 3-тармағына сәйкес, татуласу рәсімін қолдана отырып дауды реттеу туралы өтінішхат, егер осы кодексте немесе заңда өзгеше көзделмесе, жария-құқықтық қатынастардан туындайтын істерден басқа, талап қою ісін жүргізудің кез келген ісі бойынша берілуі мүмкін екендігі түсіндіріледі. Татуластыру рәсімі іс жүргізудің кез келген сатысында мүмкін. Егер талаптар келісімге талап арызды сот өндірісіне қабылдау сатысында он күн ішінде келмесе , сот өндірісі басталғаннан кейін де татуластыру рәсімін жүргізе алады. Бұл да өз кезегінде оң нәтиже береді.
Сот тарапынан бітімгершілік келісімдермен қатар, медиациялық келісімдер де жасалады.
Бүгінгі таңда әлемдік тәжірбие татуласудың балама тәсілдерінің бірі ретінде – медиацияны ұсынады. Медиацияны қолдану саласы – жеке және заңды тұлғалар қатынасын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ Қылмыстық кодексінің 68-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда ауыр қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жан-жалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезіндегі туындайтын қатынастар.
Соттағы медиациялық келісімнің басқа келісімдерден басты айырмашылығы – тараптар талаптың көлемімен шектелмейді, яғни талап қоюшы сотқа тек материалдық залалды өндіру бойынша жүгіне отырып, одан бөлек моральдық зиянды өтеуге қатысты дау бойынша немесе жауапкер талап қоюшының тарапынан орын алған кемшіліктерге қатысты өз уәждері мен шарттарының негізінде келісімге келуге мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ медиацияның тағы бір тиімділігі ретінде оның шарттарын орындауда жауапкердің мүдделі екендігін айту артық болмас, себебі келісім әрқашан екі жақтың шынайы мүмкіндігі мен ойын ескере отырып жасалады, яғни тараптардың медиация туралы шартта көрсетілген өзара ерікті ниет білдіру медиация рәсіміне қатысудың шарты болып табылады. Тиісінше, жауапкер өзіне жүктелген міндеттерін уақытылы және кемшіліксіз орындауға тырысады.
Атап өткеніміздей, дауды бейбіт жолмен шешіп, тараптар арасында өзара келісім орнатады. Елімізде даудың баламалы тәсілдерін енгізу 2011 жылдан бастау алды. Өткен кезеңде көріп отырғанымыздай, түрлі саладағы дауды шешуде оң өзгерістер байқалады.
Бұл, әрине, тек сот саласының емес, сотқа қатысушы тараптардың дауды баламалы тәсілдермен шешудің қаншалықты тиімді екендігіне іс жүзінде көз жеткізіп, оның қолдану кеңестігін кеңейті, өздерінің септігін тигізуіне тікелей байланысты. Тараптар қазіргі уақытта достық, кәсіпкерлік және туыстық қатынастарды сақтап, арадағы дауды ортақ келісімге келе отырып шешу қажеттігі қаншалықты маңызды екендігін ұғынып, оның мақсатқа қол жеткізудің кілті-бітім болғандығын басты назарға алуда. Сол себепті, алдағы уақытта көрсеткіштерде тараптар арасындағы шынайы жағдайда дауды шешудің баламалы жолдарын қолдану көптеп кездесетініне сенім мол.
Жарқайың аудандық соты.
Мемлекеттік қызмет көрсету – бұл еліміздің дамуының негізі
Егемендік алғаннан бері қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі оңтайлы өзгерістер орын алып келеді. Соның ішінде, мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалды. Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үкімет алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттің бірі болып табылады.
Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер — жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Ол қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше түрде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асырады. Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi — жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзуі. Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
1) көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;
2) Мемлекеттік корпорация арқылы;
3) «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.
«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда. Бүгінгі таңда «Кең ауылының негізгі орта мектебі» КММ мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау;
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау;
Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау;
Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.
Бұл қызметтерді алу үшін мектебімізде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» да бар. Кез келген қызмет алушы осы бұрышты өздігінен пайдалана алады немесе арнайы маман көмегі арқылы алуға мүмкіндік бар. Осы оқу жылында бізің мектебімізде осы аталған бес мемлекеттік қызмет түрінен барлығы 10(он) қызмет көрсетілді. Барлығы да өз уақытында нәтижелі атқарылды. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік орындардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығы зор.
Кең ауылының негізгі орта мектебінің іс жүргізушісі А.Б.Алимгазина.
«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту»
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.
«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 3 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны қағаз түрінде, тегін ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушылар бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және Заңда белгіленген тәртібінде тиісті мәртебе алған ұлты қазақ этникалық қазақ және (немесе) оның отбасы мүшелері болып табылады.
Мемлекеттік қызмет заңнамада белгіленген мерзімде көрсетіледі.
Қызмет көрсету процесіне тартылған қызметкерлерге жұмыстардың стандарттары мен регламенттері, басқа да нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсініктемелер беріледі.
Жұмыстың негізгі бағыттары - қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуын бақылау, қызмет көрсету сапасын жақсарту, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру.
Сонымен, Ақмола облысында 2022 жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін қандас мәртебесі 136 адамға берілді, оның ішінде из Қытайдан – 10 адам, Моңғолиядан – 48 адам, Өзбекстаннан – 31 адам, Ресейден – 9 адам, Қырғызстаннан – 2 адам, Ауғанстаннан – 35 адам, Түрікменстаннан – 1 адам.
Көшіп келген қандастарға көшуге субсидиялар және тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар төленеді.
көшуге субсидия – отбасының әр мүшесіне бір жолғы 70 АЕК мөлшерінде.
тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидия – ай сайын, он екі ай ішінде келесі мөлшерінде:
1) қалалық жерге көшіп келгендерге:
- бір адамға 20 АЕК мөлшерінде;
- отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болған кезде 25 АЕК мөлшерінде;
- отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған кезде 30 АЕК мөлшерінде;
2) ауылдық жерге көшіп келгендерге:
- бір адамға 15 АЕК мөлшерінде;
- отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болған кезде 18 АЕК мөлшерінде;
- отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған кезде 21 АЕК мөлшерінде.
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету
Мемлекеттік қызметті алу тәртібі:
Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорациясы арқылы келесі құжаттармен бірге өтініш жолдайды:
- өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
- отбасының табысын растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
- жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
- зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
- балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
- банктік шоты;
- тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
- коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
- телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
- жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
- осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Көрсетілетін қызметті беруші өздеріне меншік құқығымен тиесілі тұрғын үйдің ( Қазақстан Республикасы бойынша) болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді ақпараттық жүйелердің құралдарымен алады.
Отбасы (азамат) (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде отбасының табысы туралы растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарды ғана ұсынады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылы:
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттармен өтінішті олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініш берген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінішті құжаттармен бірге осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін – 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарайды.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" немесе Мемлекеттік корпорация арқылы жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарда көрсетілген мәліметтердің сәйкестігін тексереді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінішті құжаттармен қарау нәтижелері бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарламаны не көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған дәлелді бас тартуды ресімдейді және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинеті" немесе Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинеті" арқылы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды.
Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:
- мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
- көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
- көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
- көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылғанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі:
Шағымдар көрсетілетін қызметті берушінің немесе тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына не уәкілетті орган басшысының блогына ("уәкілетті орган басшысының блогы" парағы) беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма - қол қабылданады. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
Портал арқылы өтініш берілген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Мемлекеттік тіл – қызмет тілі!
Тіл – ұлттың ұлы игілікті, әрі оның ажырағысыз белгісі. Қандай да бір халықтың болмысы, өркениеттілігі, саналылығы, кең мағынасында сауаттылығы соның тіл мәдениеттімен, сол тілдің қолданыс ауқымдылығының кеңдігімен өлшенеді. Еліміз егемендік алып, ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Белгілі бір тілдің мемлекеттік мәртебеге ие болуы оңай міндет емес, себебі ол тіл мемлекеттік иесі болып отырған халықтың мүддесінен шығып, барлық саладағы мұқтаждықты өтей алатын дәрежеде болуы шарт. Яғни ол өнер, әдебиет, мәдениетте, баспасөз, ресми іс-қағаздар т.б. салаларға дейін қызмет ететеін қоғамның қажетті құралына айналуы қажет.
Мемлекеттік тіл мемлекеттік маңызды мәселе болғандықтан, ол азаматтық, патриотизм, мәдени тұтастық сияқты ұйғарымдармен тығыз байланысты. Түптеп келгенде, ол өңірдің, елдің ұлттық қауіпсіздігі, әлеуметтік тұрақтылығы мен интеллектуалды даму мәселесі де. Сонымен бірге, мемлекеттік тіл-мемлекеттің бет бейнесі, туы, Елтаңбасы , Әнұраны сияқты рәмізі болап табылады.
Ол – азаматтық патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншіліктің негізі бола отырып, ел азаматтарын біріктіретін күш. Тіл - елдің мәдениетін қалыптастыратын ұйтқы, ұлттық бірліктің негізі, адамның рухани және имандылық қасиеттерінің басты факторы. Тіл білу халықты, оның тарихын, тұрмысы мен әдеп-ғұрпын және салт-дәстүрлерін терең тануға жол ашады. Басқаларға ұлттық мемлекет ретінде танылғымыз келсе, біз ең алдымен қасиетті ана тілімізді сақтауымыз керек. Тіл жоғалған күні ұлттың өзі де жоғалатыны белгілі. Тілін жоғалтып, артынан өздері ұлт ретінде құрып кеткен халықтар қаншама. Біздің тіліміз ең ескі, тамыры тіптен тереңде жатқан тілдердің бірі.
Мемлекеттік тіл – сол елдің халқын біріктіретін, отарақ істерге жұмылдыратын, елге деген перзенттік ықыласты қалыптастыратын бірден-бір құрал. Бір тілде сөйлемеген халық біріге де алмайды, өздерін бір шанырақ тың мүшесімін деп те сезіне алмайды.
Мемлекет басшысының қазақстандықтардың жаңа ұрпағы кем дегенде үш тілді білуге тиіс деген пікірі де өте орынды. Себебі, бұл – уақыт талабы, сонлықтанда оны заңдылық әрі өзекті деп қабылдаған дұрыс.
Тілдік орта болмаса, он жерден оқысаң да нәтиже шықпайды.
«Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды», - деп М.Әуезов айтқан екен. Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз. Оны білмеу-өзімізге сын.
Жарқайың аудандық сотының жетекші маманы А.Ауезова.
«Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру
Отбасылық құндылықтарды нығайту, дәстүрлерді сақтау, өскелең ұрпақтың бойында партриотизм, үлкендерді құрметтеу сезімін тәрбиелеу, балаларға қамқорлық көрсету, еңбексүйгіштік, білімге деген ұмтылыс әрқашан кез келген мемлекеттің табысы мен өркендеуінің кепілі болады.
Біздің мемлекетіміз отбасы институтын нығайту, балалардың құқықтарын қорғау, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударады.
Бүгінгі таңда қазіргі жағдайда отбасылық тәрбиедегі жағдайдың өзгеруі, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен балаларды қатыгездікпен қарауға байланысты мәселелер, көп балалы отбасыларды әлеуметтендіру, сондай-ақ «проблемалық» отбасылар проблемалық мәселелер болып табылады.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету бойынша «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде ауданда полицияның тірек пункттерінің базасында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға көмек көрсету үшін жедел әрекет ету топтары құрылды.
Жедел топтар жұмысының мақсаты барлық мүдделі мемлекеттік органдардың көмегімен осы отбасылардың әр қайсысына кешенді көмек ұйымдастыру болып табылады.
Ағымдағы жылдың басынан өмірлік қиын жағдайға тап болған 58 отбасыға (адамдарға) атаулы әлеуметтік көмек ресімдеуге, жұмысқа орналасуға, тамақ және киім түрінде көмек көрсетілді.
«Лучи добра» медициналық - әлеуметтік мекемесінің жанынан тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына психолог, заңгер және басқа да кеңес ала алатын дағдарыс орталығы ашылды.
Сонымен қатар, халықтың табысын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар іске асырылды. Жастарға арналған «Алғашқы жұмыс орны», «Түлектерге арналған жастар практикасы», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары іске асырылуда. Түрлі мемлекеттік бағдарламаларға тарту арқылы ауданда 45 жас адам жұмысқа орналастырылды. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,8% - ға дейін төмендегені байқалады.
Жаңа бизнес-идеялар белсенді қолдау табуда. Іскер жастар үшін 400 АЕК көлемінде өтеусіз гранттар беру қарастырылған.
Айта кету керек, ауданда халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша демеушілерді тарта отырып, қайырымдылық акциялары өткізіледі. Наурыз мейрамын, қасиетті Рамазан айын, Халықаралық Отбасы күнін, балаларды қорғау күнін, Астана күнін, Құрбан айтты мерекелеу құрметіне 7271,0 мың теңге сомасына 3177 адам демеушілік көмекпен қамтылды. Ерекше қажеттіліктері бар екі баланы емдеуге қаражат жиналды.
Қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды (тұлғаларды) анықтау және олар бойынша нақты шаралар қабылдау жұмыстары жалғасуда.
«Жарқайың ауданының жұмыспен қамтуды және
әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі» ММ.
Дипломмен ауылға!
Жарқайың ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Аталған мемлекеттік қызмет «Дипломмен ауылға!» әлеуметтік бағдарламасы аясында көрсетіледі, бұл мемлекеттік қызмет 2009 жылдан бастап іске асырылуда. Оны іске асыру барысында Жарқайың ауданының ауылдық жерлеріне Қазақстанның әр түрлі өңірлерінен жас мамандар жұмыс істеу және тұру үшін келе бастады.
Аталған жобаны іске асыруда тек диплом алған оқу орындарының түлектері, сондай-ақ еңбек өтілі бар, яғни үш жылдан кем емес жұмыс істеу және тұру үшін ауылға келген мамандар жатады.
Бұл мемлекеттік қызмет «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің әкімдігі аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын беру мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысы, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі:
- Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" веб-портал арқылы көрсетіледі;
- Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі;
- Мемлекеттік қызметті көрсету үлгісі – электрондық/қағаз түрінде;
- Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы шарт жасасу қажеттілігі туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту болып табылады;
- Жүз есеге тең айлық есептік көрсеткіші (306 300 теңге) сомасындағы көтерме жәрдемақы;
- Тұрғын үй сатып алу және тұрғын үй құрылысы үшін әлеуметтік қолдау – айлық есептік көрсеткіші бір мың бес жүз еседен аспайтын (4 594 500 теңге) бюджеттік кредит сомасындағы, он бес жылға арналған мерзімімен мамандар үшін тұрғын үй сатып алу немесе құрылысы үшін бюджеттік кредит, жылдық кредит сомасынан 0,01 % мөлшерінде кредит бойынша сыйақы мөлшері белгіленеді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттар тізбесі қажет:
1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
- осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес нысан бойынша өтiнiш;
- жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
- жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi.
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
- осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес нысан бойынша өтiнiш;
- жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
- жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
- сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
- кредиттік бюродан есеп.
3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
- осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес нысан бойынша өтiнiш;
- жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
- жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
- сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
- кредиттік бюродан есеп.
Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды.
Қосымша ақпаратты алуға Жарқайың ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, мына мекенжай бойынша: ҚР, Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Державин қ., Ленин к-сі 16 ғимарат немесе осы телефондар арқылы: +7/71648/ 9-12-85; 9-22-20; факс: 9-12-47 хабарласа алады.
Жарқайың ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ.
Парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды орындау бойынша өткізілген іс-шаралар
Жарқайың ауданының әкімі Ж.К.Хамитовтың 2022 жылға бекітілген парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды жүзеге асыру мақсатында, 2022 жылдың 27 шілдесінен 3 тамызы аралығында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:
- Жарқайың ауданы Пятигор ауылы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің арасында «Мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді.
- Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Сәуле Жульмухаметова аудан жастарының арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы әңгімелесу өткізді.
- Жарқайың ауданы жастарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, Жарқайың ауданы жастар ресурстық орталығының директоры Державин қаласының жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы проблемалар және олардың алдын алу әдістеру туралы жастардың арасында әңгімелесу өткізді.
- «Адал бизнес» акциясының аясында, Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы Т.Шпановпен 2022 жылдың 3 тамызында жеке кәсіпкерлер арасында "Мен адал бизнесті таңдаймын" тақырыбындағы жұмыс жалғастырылды. Нақты акцияның барысында ірі сауда нысандарының жеке кәсіпкерлері өкілдерінің арасында әңгімелесу өткізілді. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік шаралары туралы ақпарат бар буклеттер, сондай-ақ бизнес құрылымдарға қатысты қандай да бір мәселелер туындаған кезде кәсіпкерлік бөлімінің визит карточкалары таратылды. Бөлімнің бас маман Т. Шпанов ЖК өкілдерін сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күресте бірлесіп жұмыс істеуге және "Адал бизнес"жүргізуге шақырды.
- Жарқайың ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді тдамыту және спорт бөлімі» ММ Далабай ауылының кітапханасының қызметкерлерімен 2022 жылдың 27 шілдесінде мектеп әкімшілігімен әңгімелесу өткізді. Тақырыбы: "Сыбайлас жемқорлық". Сыбайлас жемқорлық – әдетте лауазымды тұлғаның өзіне сеніп тапсырылған өкілеттіктері мен құқықтарын, сондай-ақ осы лауазымдық мәртебеге байланысты өкілеттіктерді, мүмкіндіктер мен байланыстарды заң мен моральдық принциптерге қайшы келетін жеке бас пайдасы үшін пайдалануын білдіретін термин.
- «Адал көмек» жобасының аясында 2022 жылдың 2-3 тамызында Державин қаласы әкімінің орынбасары Т.Б.Өмірзақовтың және «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас маманы Н.Төлегенованың қатысуымен «2022 жылға қаланы абаттандыру жөнінде жүргізілген жұмыстар және 2023 жылға арналған жоспарлар туралы» және «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын жою» тақырыбында тікелей эфир өткізді.
- «Жарқайың ауданы Державин қаласы әкімінің аппараты» ММ азаматтық қауымдастықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қою мақсатында ағымдағы жылдың 3 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген 2022-2026 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы концепцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ауылдық округтің тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.
- Жарқайың ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді тдамыту және спорт бөлімі» ММ Кен ауылының кітапханасының қызметкерлерімен 2022 жылдың 27 шілдесінде оқушылармен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» ақпараттық сағатынақпараттық буклеттер таратылды.
Жарқайың ауданының әкімдігі.
Жарқайың ауданы бойынша ауыл әкімдерінің бірінші жартыжылдығының есептері басталды
2022 жылдың 8 тамызында аудан әкімі Жанболат Хамитов Үшқарасу, Пятигор ауылы және Костычев ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.
Халықпен кездесу барысында ауыл әкімдерінің бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар және екінші жартыжылдыққа арналған міндеттер мен жоспарлар туралы есептері тыңдалды.
Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ұйым басшылары, аурухана мен полиция өкілдері қатысты.
Ауыл тұрғындары ауылдарда медициналық кадрлардың жетіспеушілігі, мектептерді жөндеу және басқа да мәселелерді көтерді.
Тұрғындармен кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі тиісті органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, сапар барысында аудан әкімі ауыл мектептерін аралап, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті, жаңа оқу жылына дайындық және алдағы егін жинау барысымен танысты.
Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.