г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік

Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған» немесе «бас тартылған» дегенді білдірмеу қажет, керісінше қандай да бір әлеуметтік мәртебе бола алатын түсінік ретінде қалыптасуы қажет.

Қазіргі уақытта «мүгедектік» мәртебесі театрларға, кітапханаларға, саяжайларға, мемлекеттік мекемелерге, спорт алаңдарына кедергісіз жүріп - тұруды қамтамасыз етуі керек, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар барлық қызметтерді дені сау адам дәрежесімен бірдей алуға құқылы.

Пандустар, көтергіштер, арнайы көлік түрлері, визуалды, мәтіндік және дыбыстық ақпарат қайталануы және т. б. сияқты  қолжетімді орта құру арқылы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қоғамға барынша максималды интеграциялауды ұйымдастыру уақыт өте келе мүгедектігі бар адам мен дені сау адам арасында туындайтын қашықтықты қысқарту мақсатында елеулі сипатқа ие болып келеді, алайда Ақмола облысының объектілерінің ішінде құқықтарды пайдалану құқығы бірдей ұсынылмаған.

Осыған байланысты Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментімен мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, атап айтқанда, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың объектілерге кедергісіз жүріп – тұруына жағдай жасауы бойынша тексерістер өткізеді.

Профилактикалық бақылаудың тізімі Интерактивті қолжетімділік картасының көмегімен қалыптастырылады, жоспардан тыс тексерулер жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштері (шағымдары) негізінде жүзеге асырылады, бақылау тексерістері берілген ұйғарымдардың орындалуы мерзімдері келген кезде жүргізіледі.

Тексеру нәтижелері бойынша департамент мамандары анықталған бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсететін нұсқамаларды табыстайды, кейін олардың орындалуы ерекше бақылауда болады.

2023 жылғы өткен кезеңіне 61 тексеріс жүргізілді, оның ішінде: профилактикалық бақылау – 48, жоспардан тыс бақылау – 13.

Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 42 нұсқама, 9 қорытынды, жоспардан тыс бақылау тексерулерінің қорытындысы бойынша 6 акт берілді.

Соңғы уақытта департамент мемлекеттік мекемелерді тексеруге ерекше назар аударуда, өйткені мүгедектігі бар адамдар алдымен мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерге жүгінеді. Сондықтан біз аудандық және қалалық әкімдіктерді, қалалардағы, аудандардағы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдерін, мәдени-ойын-сауық нысандарын (мәдени орталықтар, кітапханалар), денсаулық сақтау мекемелерін (ауруханалар, емханалар) және спорттық нысандарды қамтыдық.

Алайда, бұл объектілердің басшылары бұзушылықтарды жою жөнінде берілген нұсқамаларды орындай бермейді, сондықтан біздің сот органдарына жүгінуімізге тура келеді (мысалы 2022 жылы 5651,0 мың теңге сомасына 19 мекеме мен кәсіпорындар бойынша әкімшілік істер қозғалды, 2023 жылғы ағымды жағдай бойынша 2880,0 мың теңге сомасына 6).

Қазақстан мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялады, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы Заң қабылдады, Ұлт жоспарын жасады, яғни әлеуметтік өмірдің, денсаулық сақтаудың, білімнің, әлеуметтік қорғаудың және демалудың барлық салаларына қолжетімділік ерекше бақылауда болып табылады.

2021 жылдан бастап AMANAT партиясының Жол картасы 2025 жылға дейін қолжетімділік картасының барлық нысандарын кезең-кезеңімен бейімдеуді қарастырады, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар да ерекше басымдық болып табылады.

Мүгедектігі бар адамдарға қолжетімділікті қамтамасыз етудің маңызды дәлелі «ескерту» сияқты әкімшілік шараның болмауы болып табылады.

Кіріс топтарына, санитарлық-тұрмыстық орынжайларға, жол қозғалысында, объекті аумағына қолжетімділіктің сәйкес келмеуіне байланысты бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда лауазымды тұлға және кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабына сәйкес: лауазымды тұлғаларға – 50 АЕК (172 500 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 120 АЕК (414 000 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК (690 000 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартылады.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) – лауазымды адамдарға – 80 АЕК (276 000 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 150 АЕК (517 500 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне 250 АЕК (862 500теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 600 АЕК (2 070 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, барлық субъектілердің– ол дүкендер, шаштараздар, ательелер, мейрамханалар, асханалар, банктер, ломбардтар, кітапханалар, мұражайлар, коммуналдық кәсіпорындар, спорттық мекемелер, дәріханалар және басқа да объектілер болсын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ қызмет көрсететін заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодекстің 154-бабына сәйкес аз мобильді топтарға олардың объектілеріне кедергісіз жүрiп-тұруына мемлекеттiк стандарттарға сәйкес жағдай жасауға мiндеттi екендігіне назар аударуды өтінеміз.

Өмір сүру шектеулерін жеңу, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға барлық әлеуметтік ортада: жұмыста, демалыста, білімде, әлеуметтік – тұрмыстық қызмет көрсетуде  құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз ету үшін барлық кәсіпкерлерге, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор басшыларына әлеуметтік инфрақұрылым, көлік, байланыс және ақпарат объектілеріне кедергісіз жүріп – тұру жағдайларын жасауын ұсынамыз.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Әсемгүл Әубәкірова.

 

Ресми бөлім

22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…
27.01.2023, 10:27 Темір жолдардағы үй малы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Акционерлік қоғамының филиалы «Қостанай магистральдық…