г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Қазақстанда жаңа үш әуежайдың құрылысы басталды

22.01.2025, 05:42

«Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі өңірлерінің де туристік әлеуетін дұрыс пайдалану қажет. Осындай демалыс аймақтарында сапасы жоғары жол инфрақұрылымы бар әуе бекеттері мен әуежайлар салу керек» – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің тапсырмасына сәйкес ішкі туризмді және жолаушылар әуе тасымалын дамыту мақсатында 2025 жылы Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа үш әуежайдың құрылысы басталды. Бұл жобалардың іске асырылуы өңірлердегі экономиканың дамуына жаңа импульс береді, сондай-ақ отандық және шетелдік туристер ағынын арттыруға және аталған жобалар жергілікті тұрғындарды қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Сонымен қатар, 2024 жылы ірі хабтарды дамыту мақсатында әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғыртуаясында үш жаңа жолаушылар терминалы пайдалануға берілді. Мәселен Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында жолаушылар терминалының өткізу қабілеті ұлғайды.

Алматы қаласы халықаралық әуежайының жаңа терминалы – объектінің өткізу қабілеті жылына 2,5 млн-нан 14 млн. жолаушыға дейін ұлғайды. Отандық авиакомпаниялар Air Astana, SCAT, Qazaq Air, Fly Arystan Қазақстанның 19 қаласынатұрақты ұшуды орындайды. Халықаралық әуе қатынасын әлемнің 26 елінде 50 бағыт бойынша 30 шетелдік авиакомпания орындайды.

Шымкент қаласы әуежайының жаңа терминалының - өткізу қабілеті жылына 800 мыңнан 6 млн. жолаушыға дейін. Жаңа терминал халықаралық әуе маршруттарының санын 10-ға, рейстерді аптасына 24-ке дейін арттырды. Джидда, Медина (КСА), Доха (Катар), Фукуок (Вьетнам) және Пхукетке (Тайланд) әуе қатынасы ашылды.

Қызылорда қаласының «Қорқыт Ата» халықаралық әуежайының - өткізу қабілеті жылына 300 мыңнан 2 млн. жолаушыға дейін өсті. Бүгінгі таңда Қызылорда қаласынан 25 ішкі рейс орындалуда.

«SKYHANSA» қазақстан-германдық компаниясымен «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында қуаты сағатына 500 адамға дейінгі жолаушылар терминалын, сыйымдылығы 550 000 тоннаға дейінгі отын қоймасын, жүктерді 250 000 тоннаға дейін толық өңдейтін жүк терминалын салу,  әуе кемелеріне қызмет көрсету авиациялық-техникалық орталық құру бойынша  жоба іске асырылуда.

Сондай-ақ 300-ден астам тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, халық үшін туристік және сауда, ойын-сауық қызметтерін дамыту жоспарланған.

Соңғы жылдары әуе көлігі жолаушылар үшін ыңғайлы әрі тартымды болуда. Мысалы Қазақстанда жыл сайын әуе тасымалы 10-15% артуда. 2024 жылы қазақстандық авиакомпаниялар 15 миллионға жуық адамды тасымалдады, әуежайлар 30 миллион жолаушыға, оның ішінде шетелдік авиакомпаниялар мен азаматтарға қызмет көрсетті. 2024 жылы жүк тасымалы көлемі - жылына 28 мың тоннаға ұлғайды.

Отандық компаниялардың ұшақтар паркі жыл сайын 10-15 ұшаққа толықтырылуда. Бүгінгі күні әуе кемелерінің саны - 102 ұшақ.

Бүгінгі таңда Қазақстаннан халықаралық әуе қатынасы 31 елмен (Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Беларусь, Әзірбайжан, БАӘ, Сауд Арабиясы, Катар, Иран, Оман, Египет, Кувейт, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Таиланд, Моңғолия, Камбоджа, Малайзия, Мальдив аралдары, Шри-Ланка, Түркия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Нидерланды, Польша, Чехия) аптасына 582 рейс жиілігімен 117 бағыт бойынша орнатылды.

Қазақстанның әуежайларында ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Жерүсті қызметінің қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсету, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды сүйемелдеу бойынша тұрақты арнайы оқудан өтеді. Амбулаторлық көтергіштер, мүгедектер арбалары, соқырларға арналған тактильді плиткалар мен дыбыстық навигация жүйелері бар.

Еліміздің халықаралық әуежайларында ана мен балаға арналған бөлмелер, валюта айырбастау пункттері, пошта байланысы, сымсыз интернет бар. Сондай-ақ онлайн тіркеу процесін жылдамдату үшін бірқатар әуе компаниялары мобильді қосымшаларды енгізді. Көрсетілетін қызметтер барлық санаттағы азаматтар үшін сапаны және қолжетімділікті арттыруға бағытталған.

Жолаушылар авиатасымалдары көрсеткішінің өсуі, маршруттардың артуы ішкі және шетелдік туризмді дамытады. Бұл ел өңірлерінің инвестициялық тартымдылығын арттырады.

Қазақстанда авиация саласын дамытуды халықаралық тану ұшу қауіпсіздігіне байланысты.

Қазақстанда ұшу қауіпсіздігі халықаралық стандарттарына сәйкестік деңгейі 82% құрайды. Бұл — ТМД елдері арасында ең жоғары көрсеткіш. Дания мен Польша сияқты Еуропа Одағы елдерімен салыстыруға келеді.

Бұл нәтижелер Қазақстандағы авиациялық туризмді дамытуға, сондай-ақ еліміздің экономикалық әлеуетін нығайтуға және оның халықаралық аренадағы тартымдылығын арттыруға септігін тигізеді.

2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған

15.01.2025, 13:48

«Қолжетімді баспана – арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз», – Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда 18,96 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тұрғын үй құрылысындағы рекордтық көрсеткіш.

2024 жылдың қорытындысы бойынша 172 089 баспана пайдалануға берілді. Оның 39 064 жеке үй. Өңірлер арасында Шымкент қаласы, Павлодар, Түркістан және Қызылорда облыстары құрылыс қарқыны бойынша көш бастап тұр.

2024 жыл Қазақстанның тұрғын үй саясаты үшін бетбұрыс кезеңі болды. Қараша айында Президент «Тұрғын үй заңнамасын реформалау туралы» Заңға қол қойды. Ол азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерін жетілдіреді. «Отбасы банкі» «Бір терезе» қағидаты бойынша мұқтаж азаматтар арасында тұрғын үйді тіркеу және бөлумен айналысатын толыққанды даму институтына айналады. Реформа тұрғын үй алу кезегіндегі азаматтарға баспана беру процесінің ашықтығын арттыру мақсатында жүргізілді.

Сондай-ақ осы заң аясында жалға берілетін мемлекеттік тұрғын үйлерде тұратын 71 мыңға жуық азаматқа пәтерлерін жекешелендіруге мүмкіндік берілді. Жалдамалы тұрғын үй иелерінің көпшілігі халықтың әлеуметтік осал топтары, ҰОС ардагерлері, мүгедектігі бар азаматтар, көп балалы отбасылар, жетім балалар және т.б.

Әлеуметтік осал топтары санатындағы мұқтаж азаматтар үшін әкімдіктер 20 мыңнан астам пәтер сатып алынды. Оның 13 мыңға жуық отбасы алғаш рет жеке баспананың иесі атанды.

Одан бөлек, 2300 азаматқа ипотека бойынша бастапқы жарнаны жабу үшін тұрғын үй сертификаттары түрінде 2,6 млрд теңге бөлініп, 10,4 мың азаматқа тұрғын үйді жалға алғаны үшін жалдау ақысының бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй төлемдері субсидияланды.

«Наурыз» және «Отау» мемлекеттік бағдарламалары аясында 2024 жылы 10 мыңға жуық отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты. 64 мыңға жуық отбасын қолдауға 1 трлн. теңге бөлген. Мемлекет жалдау ақысын субсидиялау және жеңілдетілген ипотекалық несиелер беру бойынша қолдау көрсетуді жалғастырады.

2025 жылы елімізде 19 млн. шаршы метр немесе 175 мың тұрғын үй, 2029 жылға қарай 111 млн. шаршы метр салу жоспарлануда.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Президенттің әрбір қазақстандықтың қолайлы жағдайда өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмаларын белсенді түрде жүзеге асыруда.

Есептік кездесу

06.06.2024, 10:44

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов бүгін Далабай ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуге ауыл тұрғындарымен, Жарқайың ауданының прокуроры, полиция бөлімі қызметкерлері, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ұйым басшылары, денсаулық сақтау өкілдері, ономастика маманы, жер қатынастары және мәселелері мамандары қатысты.

Аудан әкімі ауыл тұрғындарын 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, халықпен кездесу барысында ауыл әкімінің есебі тыңдалды.

Халықпен, ауыл тұрғындарымен кездесу барысында білім беру, денсаулық сақтау және басқа да мәселелер көтерілді.
Халықпен кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі жетекшілік ететін бөлімге бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Есептік кездесулер өтті

06.06.2024, 10:35

Бүгін Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов Тассуат ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуге Жарқайың ауданының прокуроры, полиция бөлімі басшысының орынбасары, аудандық ұйым басшылары, қатысты.

Аудан әкімі ауыл тұрғындарын 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, халықпен кездесу барысында ауыл әкімінің есебі тыңдалды.

Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында білім беру саласы, жолдардың жай-күйі және басқа да мәселелер көтерілді.

Халықпен кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі жетекшілік ететін бөлімдерге бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Кітапханашылардың аудандық семинары

01.03.2024, 04:56

26-ақпан 2024 жылы,  аудандық кітапхананың оқырман залында кітапханашылармен "Табыс. Мәселе. Перспектива: кітапхананың 2023 жылғы қызметіне шолу және 2024 жылға арналған перспектива" тақырыбында аудандық семинары өтті.

Семинар мақсаты – жұмыс қорытындысын жасау, кітапхана қызметі тапсырмаларының кешенді шешімдеріне байланысты теориялық әдістемелік және тәжірибелік мәселелерді талқылау: кітап қорын  қалыптастырудағы актуалды мәселелер.

Семинарды ОКЖ басшысы – Сейтбек Ж.Д. мен ОКЖ әдіскері – Муратова Р.Р. ұйымдастырды. Шараға: Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары – Жекебатырова М.Ж., балалар, аудандық және ауыл кітапханаларының кітапханашылары қатысты.

Кітапханашылардың аудандық семинар бағдарламасы бойынша: ОКЖ әдіскері– Регина Рафаиловна «2023 жылғы есеп және 2024 жылғы бағыт», Б. Соқпақбаевтың «Бір ел- бір кітап» акциясына байланысты Отрадное ауылы кітапханасының кітапханашысы Светлана Витальевна, Уәлихан ауылы кітапханасының кітапханашысы Любовь Викторовна және Львов ауылы кітапханасының кітапханашысы Наталья Константиновна видеоролик көрсетіп, жазушы және оның шығармасы туралы шағын мәлімет айтылды, алпрограммист – Айнұр Кенжебекқызы «Кітапхананы әлеуметтік желілерде насихаттау» деген тақырыпта презентация көрсетіп, инстаграм парақшасын қалай тиімді пайдалану және де «қызықты видеоролик» қалай түсіру керектігі жайлы кітапханашыларға тренинг көрсетті.

Кітапхана жұмысындағы басты мақсат, бұрынғыдай өскелең ұрпақты оқуға шақырып, жоғары буын өкілдері мен біздің ауданымыздың жұмысшылары арасында оқырмандық белсенділікті арттыру.

Қорытындылай келе, Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары - Мария Жүсіпқызы, Жарқайың ауданы әкімінің атынан, ал Жарқайың ОКЖ басшысы Жұлдыз Дәулетқызы, өзінің атынан, алғыс хат және сыйлықтармен кітапханашыларды  марапаттады.

ОКЖ библиографы: Бәкір Н.Қ.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…