2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған
«Қолжетімді баспана – арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз», – Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда 18,96 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тұрғын үй құрылысындағы рекордтық көрсеткіш.
2024 жылдың қорытындысы бойынша 172 089 баспана пайдалануға берілді. Оның 39 064 жеке үй. Өңірлер арасында Шымкент қаласы, Павлодар, Түркістан және Қызылорда облыстары құрылыс қарқыны бойынша көш бастап тұр.
2024 жыл Қазақстанның тұрғын үй саясаты үшін бетбұрыс кезеңі болды. Қараша айында Президент «Тұрғын үй заңнамасын реформалау туралы» Заңға қол қойды. Ол азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерін жетілдіреді. «Отбасы банкі» «Бір терезе» қағидаты бойынша мұқтаж азаматтар арасында тұрғын үйді тіркеу және бөлумен айналысатын толыққанды даму институтына айналады. Реформа тұрғын үй алу кезегіндегі азаматтарға баспана беру процесінің ашықтығын арттыру мақсатында жүргізілді.
Сондай-ақ осы заң аясында жалға берілетін мемлекеттік тұрғын үйлерде тұратын 71 мыңға жуық азаматқа пәтерлерін жекешелендіруге мүмкіндік берілді. Жалдамалы тұрғын үй иелерінің көпшілігі халықтың әлеуметтік осал топтары, ҰОС ардагерлері, мүгедектігі бар азаматтар, көп балалы отбасылар, жетім балалар және т.б.
Әлеуметтік осал топтары санатындағы мұқтаж азаматтар үшін әкімдіктер 20 мыңнан астам пәтер сатып алынды. Оның 13 мыңға жуық отбасы алғаш рет жеке баспананың иесі атанды.
Одан бөлек, 2300 азаматқа ипотека бойынша бастапқы жарнаны жабу үшін тұрғын үй сертификаттары түрінде 2,6 млрд теңге бөлініп, 10,4 мың азаматқа тұрғын үйді жалға алғаны үшін жалдау ақысының бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй төлемдері субсидияланды.
«Наурыз» және «Отау» мемлекеттік бағдарламалары аясында 2024 жылы 10 мыңға жуық отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты. 64 мыңға жуық отбасын қолдауға 1 трлн. теңге бөлген. Мемлекет жалдау ақысын субсидиялау және жеңілдетілген ипотекалық несиелер беру бойынша қолдау көрсетуді жалғастырады.
2025 жылы елімізде 19 млн. шаршы метр немесе 175 мың тұрғын үй, 2029 жылға қарай 111 млн. шаршы метр салу жоспарлануда.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Президенттің әрбір қазақстандықтың қолайлы жағдайда өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмаларын белсенді түрде жүзеге асыруда.
Есептік кездесу
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов бүгін Далабай ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуге ауыл тұрғындарымен, Жарқайың ауданының прокуроры, полиция бөлімі қызметкерлері, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ұйым басшылары, денсаулық сақтау өкілдері, ономастика маманы, жер қатынастары және мәселелері мамандары қатысты.
Аудан әкімі ауыл тұрғындарын 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, халықпен кездесу барысында ауыл әкімінің есебі тыңдалды.
Халықпен, ауыл тұрғындарымен кездесу барысында білім беру, денсаулық сақтау және басқа да мәселелер көтерілді.
Халықпен кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі жетекшілік ететін бөлімге бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Есептік кездесулер өтті
Бүгін Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов Тассуат ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуге Жарқайың ауданының прокуроры, полиция бөлімі басшысының орынбасары, аудандық ұйым басшылары, қатысты.
Аудан әкімі ауыл тұрғындарын 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, халықпен кездесу барысында ауыл әкімінің есебі тыңдалды.
Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында білім беру саласы, жолдардың жай-күйі және басқа да мәселелер көтерілді.
Халықпен кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі жетекшілік ететін бөлімдерге бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Кітапханашылардың аудандық семинары
26-ақпан 2024 жылы, аудандық кітапхананың оқырман залында кітапханашылармен "Табыс. Мәселе. Перспектива: кітапхананың 2023 жылғы қызметіне шолу және 2024 жылға арналған перспектива" тақырыбында аудандық семинары өтті.
Семинар мақсаты – жұмыс қорытындысын жасау, кітапхана қызметі тапсырмаларының кешенді шешімдеріне байланысты теориялық әдістемелік және тәжірибелік мәселелерді талқылау: кітап қорын қалыптастырудағы актуалды мәселелер.
Семинарды ОКЖ басшысы – Сейтбек Ж.Д. мен ОКЖ әдіскері – Муратова Р.Р. ұйымдастырды. Шараға: Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары – Жекебатырова М.Ж., балалар, аудандық және ауыл кітапханаларының кітапханашылары қатысты.
Кітапханашылардың аудандық семинар бағдарламасы бойынша: ОКЖ әдіскері– Регина Рафаиловна «2023 жылғы есеп және 2024 жылғы бағыт», Б. Соқпақбаевтың «Бір ел- бір кітап» акциясына байланысты Отрадное ауылы кітапханасының кітапханашысы Светлана Витальевна, Уәлихан ауылы кітапханасының кітапханашысы Любовь Викторовна және Львов ауылы кітапханасының кітапханашысы Наталья Константиновна видеоролик көрсетіп, жазушы және оның шығармасы туралы шағын мәлімет айтылды, алпрограммист – Айнұр Кенжебекқызы «Кітапхананы әлеуметтік желілерде насихаттау» деген тақырыпта презентация көрсетіп, инстаграм парақшасын қалай тиімді пайдалану және де «қызықты видеоролик» қалай түсіру керектігі жайлы кітапханашыларға тренинг көрсетті.
Кітапхана жұмысындағы басты мақсат, бұрынғыдай өскелең ұрпақты оқуға шақырып, жоғары буын өкілдері мен біздің ауданымыздың жұмысшылары арасында оқырмандық белсенділікті арттыру.
Қорытындылай келе, Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары - Мария Жүсіпқызы, Жарқайың ауданы әкімінің атынан, ал Жарқайың ОКЖ басшысы Жұлдыз Дәулетқызы, өзінің атынан, алғыс хат және сыйлықтармен кітапханашыларды марапаттады.
ОКЖ библиографы: Бәкір Н.Қ.
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
Аудан әкімдігінде Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға аудан тұрғындары жылыту, тұрғын үй беру, ауылды оңтайландыру мәселелері бойынша жүгінді.
Қабылдауға жүгінген азаматтарға Жарқайың ауданының әкімі, заңға сәйкес барлық мәселелер бойынша түсіндіріп, ведомстволық бағынысты мекемелердің басшыларына азаматтардың өтініштерін шешу бойынша қажетті шаралар қабылдау туралы тиісті тапсырмалар берді.
Жарқайың ауданды әкімінің баспасөз қызметі.