Қазақстан Республикасының прокуратурасының құрылған күні
Тәуелсіз Қазақстанда басты қадағалаушы орган прокуратураның алатын орны ерекше. Оның беделі мен әлеуметтік маңыздылығы еселеп өсіп келе жатқандығы жүріп өткен жолымызда айқын көрініс тапты.
Осы орайда Қазақстан Республикасының прокуратурасының құрылған күні, яғни 6 желтоқсан еліміздің тарихындағы биік белестердің бірі десек жаңылмаймыз.
Төл мерекеміздің 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні қарсаңында тойлануының да өзіндік айшықты маңызы бар.
Егемен мемлекетіміздің әлеуметтік - экономикалық дамуы мен тұрақтап нығая түсуі үшін Ата Заңымызбен бекітіліп, өмірлік қағида - ережелерге айналған заң талаптарының қатаң сақталуы бірінші кезектегі қажеттілік болып табылары сөзсіз. Шынайы тұрғыдағы құқықтық мемелекеттің құрылуы мен заң үстемдігінің өріс алуы - өркендеп өсуіміздің түбегейлі алғы шарттары болып табылатынына өмірдің өзі көз жеткізіп отыр.
Осыдан тура бір жыл бұрын, яғни 2022 жылдың 5 қарашасында «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Конституциялық заңы қабылданды. Жаңа Заңның қабылдануының да өзіндік тарихи маңызы бар. Елімізде алғаш рет прокуратура туралы заңға конституциялық мәртебе берілді. Бұл жаңа Конституциялық заң ең алдымен прокуратура органдары қызметінің құзыреттілігін, ұйымдастырылуын және тәртібін нақты белгіледі. Бүгінгі таңдағы жаңа кезеңнің талаптарына сәйкес прокуратура қызметіндегі тәсілдер өзгергенімен, прокурордың ең бастапқы міндеті ғана емес, парызы болып табылатын мемлекет мүддесін қорғау, азаматтардың құқығы мен бостандығына қорған болу қағидалары өзгерген жоқ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясына сәйкес Қазақ КСР-ның Жоғары Кеңесінің 6 желтоқсан 1991 жылы қаулысымен еліміздің тәуелсіз прокуратура органдары құрылған болатын. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 25 ақпан 2004 жылғы бұйрығымен 6 желтоқсан Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылған күні ретінде жарияланып, жыл сайын атап өту белгіленген.
Өтініштерді қарау мен азаматтарды жеке қабылдау Қазақстан прокуратурасының құқық қорғау қызметінің ажырамас бөлігі ретінде қадағалау органы қызметкерінің жұмысында маңызды орын алады. Бүгінгі күні ақпараттық технологиялардың тұрақты дамуы мен құқық саласының өркендеуі кезінде Бас прокуратура республика азаматтарының өтініштерін қарау мәселесін жеңілдетуге байланысты шаралар қабылдады.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.
Мобильділігі төмен азаматтар үшін кедергісіз ортаны ұйымдастыру және ауданда медициналық қызметтер көрсету саласындағы мониторинг барысы
Ағымдағы жылдың 21 қарашасында құрамында ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері, мәслихат депутаттары, ауданның Құрметті азаматы О.П. Решетнев, мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі кеңесші А. Г. Нұрбеков бар жұмыс тобы Г.В. Смағұлованың төрағалығымен объектілерге мониторинг жүргізілді.
Мониторинг жүргізу барысында халықтың мобильділігі төмен топтары үшін «Білім бөлімі» ММ бейімделу сапасы бойынша кейбір бұзушылықтар анықталды. Ғимаратта қозғалыс жолдарының бедерлі тактильді белгілері, Мнемотехника және нашар көретіндерге арналған көрсеткіштер жоқ екені анықталды. Сондай-ақ, ғимараттың фоесінде жарық жеткіліксіз екендігі анықталды.
«Экономика және қаржы бөлімі» ММ ғимаратына қатысты бұл объектінің бейімделу бөлігінде бұзушылықтар жоқ. Барлық нормалар толық сақталды және қолжетімділік порталында әлеуметтік маңызы бар объектілердің тізіліміне енгізілді.
Аудандық ауруханаға бару барысында анықталған кемшіліктер: пациенттердің тіркеушінің жұмыс істемейтіні, халықтың мобильділігі төмен топтары үшін байланыс телефондары, лифтке шағымдары, тар бейінді мамандардың жетіспеушілігі, мамандардың жұмыс кестесі және қабылдау сағаттары туралы толық ақпараттың болмауы туралы . Сондай - ақ, қоғам белсенділері ұйымның мүмкіндігі шектеулі азаматтар топтары үшін қолжетімділігін бағалады: шақыру түймесі жұмыс істемейді, бірінші қабатта пациенттерге арналған санитарлық-гигиеналық бөлмелер жұмыс істемейді.
Жарқайың аудандық қоғамдық кеңесі.
Жарқайың ауданында «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті
Аталмыш оқу-жаттығудың мақсаты азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін қыс мезгілінде ТЖ қаупі төнген және туындаған кезде қойылған міндеттерді орындауға жоғары әзірлікке келтіру, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың әзірлігі мен мүмкіндіктерінің деңгейін арттыру, жедел кезекшілікті ұйымдастыру, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі байланысының дайындығы, материалдық-техникалық қордың құрылуын тексеру, азық-түлік және медициналық резервтерді тексеру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру болып табылады.
Ауданның шұғыл ден қою жасағының күштері мен құралдарына саптық байқау өткізілді. Байқау барысында Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов шұғыл әрекет ету жасағының қолда бар техникасымен танысты. Сондай-ақ келесі оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді:
1-жаттығу. Қаланың қазандықтарының бірінде апат болып, төтенше жағдайды жою үшін оқиға орнына ауданның шұғыл әрекет ету жасағы күштері барып, өрт сөндіру есебінің жұмысы үшін электр беру желілерін токтан ажыратып, өрт сөндіру есебі өртті сөндірді, бұдан әрі зардап шеккен адамдарды шығарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды.
2-жаттығу. Республикалық маңызы бар автожолда (Гастелло-Державин аралығы) ауа-райының нашарлауына байланысты жол-көлік апаты орын алды, нәтижесінде жүргізушілер зардап шекті. Қалыптасқан жағдайды жою үшін оқиға орнына шұғыл әрекет ету жасағы күштері мен құралдары шықты. Зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көрсетілді.
Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында 26 бірлік техника мен жеке құрамның 45 адамы жұмылдырылды. Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін Жарқайың ауданының әкімі барлық қызметтердің жұмысына оң баға берді.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.
Ақыл Қарпықбаев мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен кездесті
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовтың төралығымен, аудан әкімдігінің мәжіліс залында, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінің бастығы Ақыл Қарпықбаев мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен кездесу өткізді.
Осы жиында Ақыл Қарпықбаев Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық жүйелерін таныстырды.
Кездесу барысында ол аудан аумағындағы қылмыстың жай-күйі, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу және апаттық жағдайлар туралы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ағымдағы жылдың 10 айында жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау туралы ақпарат берді.
Бақылау-қадағалау жұмыстары нәтижелері туралы мемлекеттік бақылау органдарының өкілдері де мәлімдеме жасады.
Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні атап өтілді
Жарқайың аудандық мәдениет үйінде Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты бөлім алдында, Мәдениет үйінің фойесінде ауыл шарушылығы саласына арналған көрме ұйымдастырылды.
Салтанатты іс-шара барысында Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов ауданның барлық диқандарын кәсіби мерекемен құттықтап, жаңа еңбек жетістіктері мен денсаулық тілеп, ауданның ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін, шаруа қожалықтарының, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің басшыларына алғыс хаттар табыс етіп, ауыл шаруашылығы ардагерлерін, комбайнерлерін, механизаторларын және басқа да үздік мамандарын атап өтті.
Нақтылай кетсек:
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен "Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы В.П.Белых;
- "Еңбек адамы" номинациясы бойынша Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен: "Державинская Агромпромтехника" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүргізушісі В.Н. Паламарчук, "Сельхозхимия" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механизаторы В.И. Мироненко;
- Ақмола облысы әкімінің алғыс хатымен: "Темірлан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Е.К. Алин, «АБС Жаркөл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механизаторы М.О. Тұрсынбаев, «Ростовское Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің үздік механизаторының бірі С.М. Ахметов, "Жер-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас агрономы С.Ю.Орехова марапатталды.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласының үздіктеріне Жарқайың ауданы әкімінің атынан алғыс хаттар табыс етілді. Шара концерттік бағдарламамен аяқталды.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.