«Ілияс оқулары» және «Мағжан оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті
Қаңтардың 19-ы күні Н. Островская атындағы орта мектебінде аудандық «Ілияс оқулары» байқауы ұйымдастырылды. Ілияс Жансүгіров оқулары байқауының мақсаты ақын шығармаларын кеңінен насихаттау. Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру. Өлең сөзінің құдіретін жанымен сезіну, жүрегімен түсіне білуге баулу.
Байқаудың «Сұлу сөздің сүлейі» ақын шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша 8 оқушы қатысты. Нәтижесінде: Зілқара Ақбота 1- орын, Балтабай Мерей, Вебер Виолетта 2-орын, Эргашова Сабрина, Советова Зарина, Жиеналина Жансая есімді оқушылар 3-орынды иеленді. «Ілияс – эпик ақын» поэма жатқа оқу номинациясы бойынша: Тұрағал Ернұр және Ахметова Лейла 2- орын, Тұрағал Әмір 3-орынды иеленді. «Ағынды менің Ақсуым» өз өлеңдерін оқу номинациясы бойынша: Әлиасқар Тілеуді 1- орын, Ысқақ Самат, Ибраев Нұрмұхамбет 2-орынды иеленсе, Шарипов Абай, Бабахумар Мирас, Подрезова Милана, Ауезова Аяна есімді оқушылар 3-орынды иеленді.
Дәл осы күні «Мағжан оқулары» байқауы өткізілді. Мағжан Жұмабаев оқулары байқауының мақсаты ақын шығармаларын кеңінен насихаттау. Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру. «Рухани жаңғыру» шығармасын Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңын іске асыру аясында жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Байқаудың «Өлең –менің Шолпаным, Айым, күнім» ақын шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша 18 оқушы қатысты. Нәтижесінде: Халибек Жаннұр 1- орын, Скобцова Вероника, Елтай Сұңғат, Тюреньков Игорь, Жакупова Самал 2-орын. Воронина Евгения, Тоболина Анастасия, Тұрсынбай Гаухар, Нұрболқызы Іңкәр, Елеш Айым есімді оқушылар 3-орынды иеленді. «Жасынан оқу оқып, өнер қуған» номинациясы бойынша: Найзабекова Арай 1- орын, Жомартова Керім, Чепигина Александра 2-орын, Мирас Адина, Рыжкова Лилия 3-орынды иеленді. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы бойынша: Шарипов Абылай 1- орын, Силеухадыр Анель, Магизамов Рамазан, Ауезова Аяна 2-орынды иеленсе, Куделюк Богдан, Бабахумар Мирас есімді оқушылар 3- орынды иеленді. Байқау соңынан жүлдегерлер марапатталды.
Жалпы байқауға 56 оқушы қатысты. Облыстық кезеңге: «Ілияс оқуы» байқауы бойынша: «Сұлу сөздің сүлейі» номинациясында 1- орынды иеленген Зілқара Ақбота Тасты -Талды ЖОББМ оқушысы, жетекшісі: Нуралина Акмарал, «Ілияс эпик ақын» номинациясы бойынша Тұрағал Ернұр А. Үкібаев атындағы ЖОББМ 10 сынып оқушысы, жетекшісі: Оспанова Эльмира. «Ағынды менің Ақсуым» номинациясы бойынша 1- орынды иеленген Әлиасқар Тілеуді А. Үкібаев атындағы ЖОББМ 10 сынып оқушысы жолдама алды. Жетекшісі: Абикеева Анар. «Мағжан оқуы» бойынша А. Үкібаев атындағы ЖОББМ оқушылары облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Оспанова Эльмира. Нақтырақ айтсақ: «Өлең – менің Шолпаным, Айым, күнім» номинациясында Халибек Жаннұр, «Жасынан оқу оқып, өнер қуған» номинациясы бойынша Найзабекова Арай, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы бойынша Шарипов Абылай.
Білім бөлімінің "Дарынды балалармен жұмыс " әдіскері Нурмагамбетова Д.М.
Мобилдi аударымдар туралы
1. МОБИЛДІ АУДАРЫМДАРДЫ ТЕКСЕРУ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?
Мобилді аударымдарды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған.
Кейбір кәсіпкерлер сатылған тауарлар немесе қызметтер үшін төлемді мобилді аударымдар арқылы алады. Алайда, бұл аударымдар кассалық аппараттарды, POS-терминалдарды және QR-кодтарды қолданбай жүргізіледі. Тиісінше, чектер берілмейді және тұтынушылардың құқықтары бұзылады.
Айта кету керек, мемлекет барлық мобилді аудармаларды тексермейді.
Тек әртүрлі тұлғалардан үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобилді аударымдар алған тұлғалар ғана, яғни, кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалған жағдайда тексеру жүргізіледі.
2. ТУЫСТАР МЕН ДОСТАРҒА АҚША АУДАРУҒА БОЛА МА?
Жеке тұлғалар бұрынғыдай өздерінің жеке мақсаттары үшін: туыстарына, достарына, ата-аналарына, балаларына және басқа да өмірлік жағдайларға байланысты мобилді аударымдар жасай және қабылдай алады. Бұған қатысты ешқандай шектеу жоқ.
3. КЕЙБІР КӘСІПКЕРЛЕР ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУДАН БАС ТАРТЫП, ТЕК ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАМЕН ТӨЛЕМ ЖАСАУДЫ ТАЛАП ЕТЕ БАСТАДЫ. БҰЛ ҚАНШАЛЫҚТЫ ЗАҢДЫ?
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес түрлі төлем тәсілдері қарастырылған – банк картасымен, QR төлемімен немесе қолма-қол ақшамен (25-бап).
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады және тұтынушылардың құқықтарын бұзады.
Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту жасалады, ал қайталап бұзған жағдайда – 147 680 теңге (40 АЕК) көлемінде айыппұл салынады (ӘҚБтК-нің 194-бабы).
4. ЕГЕР КӘСІПКЕР ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМ ҚАБЫЛДАУДАН БАС ТАРТСА, ҚАЙДА ЖҮГІНУГЕ БОЛАДЫ?
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына жүгіну қажет.
5. АЛ МЫСАЛЫ, ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ НЕ ІСТЕУІ КЕРЕК? ОЛАР КАССАЛЫҚ АППАРАТТЫ ӨЗДЕРІМЕН БІРГЕ АЛЫП ЖҮРЕ АЛМАЙДЫ ҒОЙ.
Жеке тасымалдаушылар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Мұны «e-Salyq Business», «Egov Mobile» және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобилді қосымшалары («Halyq bank», «Kaspi bank», «BankCenterCredit») арқылы жасауға болады.
Бұл ретте қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін онлайн режимінде кәсіпкерлік банк шотын ашуға болады, сол жерге көрсетілген қызметтер үшін төлемдер түседі. Ол үшін сізге тек смартфон қажет. Кассалық аппараттар мен POS-терминалдарды алып жүрудің қажеті жоқ.
6. БҰЛ БАСТАМА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ «КӨЛЕҢКЕГЕ» КЕТУІНЕ ӘКЕЛІП СОҚПАЙДЫ МА?
Қазіргі таңда салықтық міндеттемелерді адал орындау әлдеқайда тиімді.
Бүгінде бизнес жүргізуге және оны дамытуға қолайлы жағдай жасалған. Салық режимдерінің тәртібі жеңілдетілді – салық мөлшерлемелеріқызмет түріне байланысты тек 1-4%-ды ғана дейін құрайды.
Егер мұндай жағдайда кәсіпкер мобилді аударымдар қабылдаса, онда ол қазірдің өзінде «көлеңкеде» қалып, салық бақылауына түседі.
Бұл ретте мобилді аударымдарды тексеру адал салық төлеушілерге әсер етпейді.
Осылайша, әділдік және міндетті салық салу принциптері жүзеге асырылады. Яғни, барлық салық төлеушілер тең болуы және алынған табыстан салық төлеуі тиіс.
"Құқықтық тәртіп" ЖАІШ
"Құқықтық тәртіп" ЖАІШ шеңберінде Жастар ортасында қылмыстың, сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасаған басқа да құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында "Октябрдің 50 жылдығы атындағы орта мектепте" білім алушылардың кәмелетке толмағандар жөніндегі инспектор полиция майоры Д. К. Жұматаевамен кездесуі ұйымдастырылды.
Мектепте жасөспірімдермен кездесу және жоспарлы профилактикалық әңгімелер өткізу кәмелетке толмағандар ин жөніндегі инспектор мен мектептің бірлескен жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Оқушылармен әңгімелесуде Д .Жұматаева. К.балаларға жол ережесі туралы еске салды. Әрі қарай ол балаларға қылмыстың құрбаны болмау туралы айтты: балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі, сондай-ақ оқушылардың өз бетінше пайдаланатын жеке заттарының сақталуы үшін жауапкершілігі мәселелері көтерілді.
Сонымен қатар, Д. К. Жұматаева "кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі" тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.
Әңгіме барысында ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік қозғалды. Жасөспірімдерге қай жастан бастап қылмыстық жауапкершілік жүктелетіні және қылмыс жасағаны үшін қандай жазалар қолданылатыны түсіндірілді. Кәмелетке толмағандар ин жөніндегі Инспектор көшеде, қоғамдық орындарда, көпшілік демалатын орындарда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауды, коменданттық сағатты сақтауды ұмытпауды қатаң ұсынды. Ол мектеп оқушыларына алкоголь мен темекіні тұтынудың зияны туралы еске салды, сонымен қатар бұл тәуелділіктің қауіпті екенін түсіндірді.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.
Теңгенің тарихы тереңде
Қазақстанның ұлттық валютасы 1993 ж. 15 қарашада пайдалануға еңгізілді. Ақша белгілілері - теңге мен тиынды Қазақстанның озық суретшілерінің қатысуымен Ұлттық банк әзірледі. Теңге Қазақстанның алғашқы ақшасы емес. Ақша Қазақстанда көптеген ғасырлар бұрын пайда болған. Қазақ ақшасының тарихы біздің заманымызға дейінгі үшінші ғасырдан бастау алады. 6-7 ғасырларда алғашқы ру рәмізі бейнеленген теңгелер шығарылған. 8 ғасырдың аяғында Отырарда сауда айналымын қамтамасыз ету үшін мыс теңгелер шығарылды. 9- 12 ғасырда Қазақстанның ірі қалаларында Тараз, Отырарда мыс, күмістен құйылған ақшалар шығарыла бастады. Жиырмасыншы ғасырда Қазақстан рубль аймағына енді. Рубльдер 1993 ж. 15 қарашада теңгемен ауыстырылды. Бұл күн Ұлттық валютаның туған күні болып саналады. Ең алғашқы банкноталар 1993 жылы шыққанан еліміздің терең таныта білген теңгенің қосбеттеріне еліміздің мәдени, саяси өмірінде өшпес із қалдырған тарихи тұлғалардың бейнесі басылса, сыртына байтақ даламыздың табиғаты мен тарихи маңызды нысандары еңгізілген. Қилы-қилы тарихы бар тәуелсіз мемлекетіміздің экономикасының темір қазығы төл теңгеміздің тарихы осындай.
Жарқайың аудандық мұражайы.
Қазақстан Республикасының прокуратурасының құрылған күні
Тәуелсіз Қазақстанда басты қадағалаушы орган прокуратураның алатын орны ерекше. Оның беделі мен әлеуметтік маңыздылығы еселеп өсіп келе жатқандығы жүріп өткен жолымызда айқын көрініс тапты.
Осы орайда Қазақстан Республикасының прокуратурасының құрылған күні, яғни 6 желтоқсан еліміздің тарихындағы биік белестердің бірі десек жаңылмаймыз.
Төл мерекеміздің 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні қарсаңында тойлануының да өзіндік айшықты маңызы бар.
Егемен мемлекетіміздің әлеуметтік - экономикалық дамуы мен тұрақтап нығая түсуі үшін Ата Заңымызбен бекітіліп, өмірлік қағида - ережелерге айналған заң талаптарының қатаң сақталуы бірінші кезектегі қажеттілік болып табылары сөзсіз. Шынайы тұрғыдағы құқықтық мемелекеттің құрылуы мен заң үстемдігінің өріс алуы - өркендеп өсуіміздің түбегейлі алғы шарттары болып табылатынына өмірдің өзі көз жеткізіп отыр.
Осыдан тура бір жыл бұрын, яғни 2022 жылдың 5 қарашасында «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Конституциялық заңы қабылданды. Жаңа Заңның қабылдануының да өзіндік тарихи маңызы бар. Елімізде алғаш рет прокуратура туралы заңға конституциялық мәртебе берілді. Бұл жаңа Конституциялық заң ең алдымен прокуратура органдары қызметінің құзыреттілігін, ұйымдастырылуын және тәртібін нақты белгіледі. Бүгінгі таңдағы жаңа кезеңнің талаптарына сәйкес прокуратура қызметіндегі тәсілдер өзгергенімен, прокурордың ең бастапқы міндеті ғана емес, парызы болып табылатын мемлекет мүддесін қорғау, азаматтардың құқығы мен бостандығына қорған болу қағидалары өзгерген жоқ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясына сәйкес Қазақ КСР-ның Жоғары Кеңесінің 6 желтоқсан 1991 жылы қаулысымен еліміздің тәуелсіз прокуратура органдары құрылған болатын. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 25 ақпан 2004 жылғы бұйрығымен 6 желтоқсан Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылған күні ретінде жарияланып, жыл сайын атап өту белгіленген.
Өтініштерді қарау мен азаматтарды жеке қабылдау Қазақстан прокуратурасының құқық қорғау қызметінің ажырамас бөлігі ретінде қадағалау органы қызметкерінің жұмысында маңызды орын алады. Бүгінгі күні ақпараттық технологиялардың тұрақты дамуы мен құқық саласының өркендеуі кезінде Бас прокуратура республика азаматтарының өтініштерін қарау мәселесін жеңілдетуге байланысты шаралар қабылдады.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.