Теңгенің тарихы тереңде
Қазақстанның ұлттық валютасы 1993 ж. 15 қарашада пайдалануға еңгізілді. Ақша белгілілері - теңге мен тиынды Қазақстанның озық суретшілерінің қатысуымен Ұлттық банк әзірледі. Теңге Қазақстанның алғашқы ақшасы емес. Ақша Қазақстанда көптеген ғасырлар бұрын пайда болған. Қазақ ақшасының тарихы біздің заманымызға дейінгі үшінші ғасырдан бастау алады. 6-7 ғасырларда алғашқы ру рәмізі бейнеленген теңгелер шығарылған. 8 ғасырдың аяғында Отырарда сауда айналымын қамтамасыз ету үшін мыс теңгелер шығарылды. 9- 12 ғасырда Қазақстанның ірі қалаларында Тараз, Отырарда мыс, күмістен құйылған ақшалар шығарыла бастады. Жиырмасыншы ғасырда Қазақстан рубль аймағына енді. Рубльдер 1993 ж. 15 қарашада теңгемен ауыстырылды. Бұл күн Ұлттық валютаның туған күні болып саналады. Ең алғашқы банкноталар 1993 жылы шыққанан еліміздің терең таныта білген теңгенің қосбеттеріне еліміздің мәдени, саяси өмірінде өшпес із қалдырған тарихи тұлғалардың бейнесі басылса, сыртына байтақ даламыздың табиғаты мен тарихи маңызды нысандары еңгізілген. Қилы-қилы тарихы бар тәуелсіз мемлекетіміздің экономикасының темір қазығы төл теңгеміздің тарихы осындай.
Жарқайың аудандық мұражайы.