г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру

Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы газет беттерінде және әлеуметтік желілерде бірнеше рет айтылды.

Кедергісіз ортаның басты қағидаты - әлеуметтік өмірдің барлық салаларында құқықтарды пайдалануға тең мүмкіндіктер беру. Қолжетімділікті қамтамасыз ету құрылыс нормаларына сәйкес келетін пандустардың болуын, Брайль шрифтімен мәтіндік ақпаратты орналастыруды, сәйкестендіру белгісі бар тұрақ орындарын құруды, қозғалыс жолын, санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды бейімдеуді және т. б. білдіреді.

Мүгедектігі бар адамдарға объектілерге қол жеткізу үшін жағдай жасау бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті болып табылады. Мемлекеттік мекемелерді тексеруге ерекше назар аударылады, өйткені мүгедектігі бар адамдар мемлекеттік қызметтерді алуға мемлекеттік органдарға жүгінеді. Бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

«Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасын «Кедергісіз келешек!» - «Кедергісіз болашақ!» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде  «Amanat» партиясының Жол картасына сәйкес нысандарды 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен бейімдеу қарастырылған. Бейімделуге жататын барлық басым объектілер Интерактивті қолжетімділік картасында орналастырылған.

Қоғамдық бақылау тобы 2021-2023 жылдары бейімделген 25 объектіге қорытынды мониторинг жүргізді. Барлық нысандар бойынша мәліметтер қолжетімділік картасына енгізілген.

Аурудан, жазатайым және т.б. оқиғалардан біздің ешқайсымыз сақтандарылмағанбыз. Біздің жақындарымыз, таныстарымыз, әріптестеріміз халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында бар. Барлық субъектілердің – кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың назарын аударғымыз келеді, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау, оларды объектілеріне кедергісіз қол жеткізу, жанашырлық таныту, олардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін эмпатияға ену.

Жарқайың ауданының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру  бөлімі.

Ресми бөлім

22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…
27.01.2023, 10:27 Темір жолдардағы үй малы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Акционерлік қоғамының филиалы «Қостанай магистральдық…