Отрадное ауылының гридері басты назарда
Отрадное ауылы тұрғындарының Отрадное ауылынан Кенское ауылына дейінгі жолдың (грейдердің) жай-күйіне қатысты аудандық мәслихатқа келіп түскен көптеген шағымдары бойынша № 4 сайлау округінің депутаты Р.С. Мұқанов ауыл әкімі Б. Есентаевпен және жергілікті қоғамдастықтың төрағасы Ж. Мұқановпен бірге аталған жолды (9 км), сазды қиыршық тасты қарап, автокөлікпен жүру қиын екенін айтты.
Жарқайың аудандық мәлихаты.
Сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру
8 қарашасында «Сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы» мәселесі бойынша бейнеконференцбайланыс режимінде отырыс өтті.
Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы А. Әлжанов және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ж. Рамазанова қатысты.
Жарқайың аудандық мәлихаты.
Жарқайың ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ағыбай Мұстаховты таныстырылды
13 қарашада аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Мария Жекебатырованың төрағалығымен, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әсем Шәкірова аудан активіне Жарқайың ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ағыбай Мұстаховты таныстырды.
Ағыбай Мұстахов, 1992 жылы туған, Қарағанды облысының тумасы. Еңбек жолын 2013 жылы бастаған. Лауазымға тағайындалғанға дейін Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шортанды ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс атқарған.
Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов ауыл-аймақтарда есептік кездесулер өткізді
Аудан әкімінің есептік кездесулері 13 қарашада Костычев, Отрадный ауылдық округтерімен, Үшқарасу Пятигор, Тасөткел ауылдарының тұрғындарымен кездесуден басталды. Жұмыс тобында: Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары А.Жаныбеков, Жарқайың аудандық мәслихаттың төрағасы А.Әлжанов, «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы» бөлімінің басшысы С.Макрдумян, «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің» басшысының орынбасары Т.Бейсенов, Білім бөлімінің басшысы Г.Нұрпейсова, аудандық пракурор Д.Гришин, АПБ басшысы А.Оразалин, Жарқайың аудандық ауруханасының бас дәрігерінің м.а. Ж.Семжанова, Ветеринарлық станцияның директоры А.Қылышбеков, «Қазақтелеком» АҚ-ның жетекшісі С.Сайдалин, АЭС басшысы Б.Кабдуллин және БАҚ өкілдері кірді.
Аудан әкімі ауыл тұрғындарын 2023 жылдың үшінші тоқсандағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2023 жылдың төртінші тоқсанына арналған міндеттер туралы хабардар етті.
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов:
2023 жылдың басынан аудан бойынша жалпы мемлекеттік бюджетке түсімдер 2 млрд. 74,3 млн. теңгені құрады, немесе 107,2%.
Аудандық бюджет түсімдері 3 млрд. 235,5 млн. теңгені немесе жоспардан 108,4% құрады.
Шығындар бойынша орындалуының 3 млрд. 110,5 млн. теңгені немесе жоспардан 99,7% құрады.
Ауданның негізгі капиталына 2023 жылдың басынан бастап 8 млрд. 509,3 млн. теңге инвестиция тартылды немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 206,8%.
Қарастырылып отырған кезеңде инвестицияларды салудың негізгі көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты есебінен 6 млрд. 186 млн. теңге, басқа алым қаражаты есебінен 2 млрд. 32,8 млн. теңге, бюджет қаражаты 290,4 млн. теңге инвестициялар болды.
Халықпен кездесу барысында: ауыл, ауылдық округ әкімдерінің есептері, жергілікті учаскелік полиция қызметінің атқарған жұмысы тыңдалды.
Ауыл тұрғындарымен кездесуде: денсаулық сақтау, білім беру, жол мәселесі және басқа да сұрақтар көтерілді.
Халықпен кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі тиісті органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы О.Зейнолла.
Державинск қаласындағы 12-ӨСБ-де экскурсия өткізілді
«Азаматтық қорғаныс» және «Өрт қауіпсіздігі» айлықтарын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Жарқайың азаматтық қорғау гарнизонының Державин қаласындағы №12-өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында Николай Островский атындағыорта мектебінің оқушыларына экскурсия өткізілді. Жалпы саны 50 оқушы.
Осы шараның өткізудегі ең негізгі мақсаты келешек ұрпаққа азаматтық қорғау органдарының имиджін көтеру,кезекші қарауылының жеке құрамының жауынгерлік қызметімен және гарнизонның құрал-жабдықтарымен таныстыру, жас ұрпаққа өз еліне деген патриотизмге тәрбиелеу. Оқушыларға осы қүн ерекше әсер қалдырды, өйткені оларды ғимараттың барлық бөлмелеріне экскурссия өткізілді, қызметтік және тұрмыстық бөлмелермен таныстырылды, оқушыларғадың назарына бөлімнің автогаражында өрт сөндіруде пайдаланылатын өртке қарсы қызметіне арналған техникалар көрсетілді.
Оқушылар өздері тыныс алу аппараттарына қосылды. Оларға кезекші ауысым жеке құрамымен дабыл бойынша жиналу және шығу № 4 нормативтің орындалуы үлкен әсер қалдырды. Экскурсияның соңында №12-ӨСБ-нің оқу сыныбында Жарқайың ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты М.Н. Бердыгалиев оқушылармен «от жағу кезеңіндегі өрт қауіпсізді Ережелері» тақырыбында әңгімелесу жүргізілді, әңгімелесу соңында барлық оқушыларға жадынамалар табыс етілді.
12-ӨСБ Державинск қ. және Жарқайың ауданы ТЖБ.