Вольф Раиса Кәкімқызына «Еңбек ардагері» медалі табысталды
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі №409 бұйрығымен, Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов «Целинная знамя» қоғамдық-саяси газетінің директоры Вольф Раиса Кәкімқызына «Еңбек ардагері» медалін табыс етті.
Раиса Кәкімқызы 1960 жылы 12 қыркүйекте Ақмола облысы, Қима ауданы, Ишимка ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1976 жылы бастаған. «Целинная знамя» қоғамдық-саяси газетінде еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Жалпы жұмыс өтілі 47 жыл.
Қазіргі уақытта «Держава-Пресс» ЖШС директоры.
Раиса Вольф күнделікті жұмыс арқылы өзінің білімі мен дағдыларын жас ұрпаққа беруге тырысады.
Осы орайда әріптесімізді «Жарқайың тынысы» газетінің атынан құттықтағымыз келеді. Зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.
«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы О.Зейнолла.