г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ АТБАСАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮШІН «ЖАС ҚҰТҚАРУШЫ» ҮЙІРМЕСІ АШЫЛДЫ

20.10.2023, 05:47

Құтқарушы мамандығы әлемдегі ең қауіпті және күрделі үштікке енеді. Адамзатты төтенше жағдайлардан құтқаратын адамдар күн сайын өздеріне қауіп төндіріп, өмір мен өлімнің арасында қабырға тұрғызады. Оларды қорқынышты білмейтін батырлар деп атайды, өйткені олар қиын уақытта бірінші болып көмекке келеді.

«Бүкіл жерде құтқару қызметтері халықтың терең сеніміне ие. Бұл мамандық әлемдегі ең жауапты және қауіпті мамандықтардың бірі болып саналады. Біздің қаламыздың көптеген балалары құтқарушы болғысы келеді және осы мамандық бойынша өткізілетін сабақтар мен курстарға қуана қатысады», - деп бөлісті Атбасар қаласының мектеп мұғалімдері.

Үйірмені жүргізу үшін оқу кабинетін ашудың тамаша идеясы Атбасар ауданы ТЖБ басшысы, азаматтық қорғау майоры Ерболат Ашкеновтың ойына келді. Осылайша, Республика күні мен құтқарушылардың кәсіби мерекесі қарсаңында ауданның білім бөлімінің қолдауымен Атбасар қаласындағы №1 жалпы білім беретін мектепте аты үлкен әріптермен азаматтық қорғау тарихына жазылған батыл батыр-құтқарушы Асқар Забикулин атындағы «Жас құтқарушы» үйірмесінің бірінші оқу кабинетінің салтанатты ашылуы өтті.

«Үйірме жұмысын оқу жылының екінші тоқсанынан бастайды, оған қаладағы сегіз мектептің 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Сабақтарды ТЖБ қызметкерлері мектептегі сабақтардан тыс уақытта өткізеді, оқушылармен практикалық дағдыларды пысықтайды « - деді Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Наталья Наймушина. Бөлімнің жоспарында үйірме жұмысына аудан ауылдарының оқушыларын қосу да бар.

Үйірменің ашылуында қонақтар-Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Әділ Шайкенов және Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының қызметі» ММ бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Данияр Смайылов №1 ЖББМ оқушылары дайындаған мазмұнды экскурсияға қатысты. Жас экскурсоводтар іс-шара қонақтарын тақырыптық өртке қарсы стендтер, экспонаттармен, өрт сөндіруші-құтқарушының арнайы жабдықтарымен және экипировкасымен таныстырды. Құрметті қонақтар кәсіби мерекесімен құттықтау сөздері мен үйірменің жемісті жұмысқа байланысты тілектерін барлық қатысушыларға арнады.

«Жас құтқарушы» үйірмесінің ашылуына елеулі көмек көрсеткені үшін Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің алғыс хаттарымен Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Наталья Наймушина және Атбасар қаласының №1 ЖББМ директоры Любовь Бекова марапатталды.

Әрине, болашақта жасөспірімдердің кәсіби қалыптасуын анықтауға көмектесетін жас ұрпақтың жеке әлеуетін дамытуға бағытталған іс-шаралар бүгінгі күні өте маңызды және құнды. Атбасар оқушылары үшін «Жас құтқарушы» үйірмесінің ашылуы осының жарқын дәлелі.

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТКІЗІЛДІ

20.10.2023, 05:46

Ақмола облысында Республика күніне орай облыс мектептерінің директорлары арасында волейболдан турнир өткізілді, оған білім ордалардың жүз шақты басшылары қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын, мектеп әкімшілігі арасында волейбол ойынын насихаттау, қатысушылар – мектеп директорлардың арасында командалық рухты күшейту. Осындай іс-шаралар арқылы жастарды спортпен шұғылдануға тартуға ықпал етеді.

«Турнирге 6 ауданнан мектеп директорлардан құралған командалар келді. Таңертеңнен басталған ойындар кешкі сегізге дейін жалғасты. Турнир барысында басшылармен пікір, тәжірибе алмасу ретінде мектеп жұмысы, оқу- материалдық базасы және бағыттарымен таныстырып экскурсия ұйымдастырылды», - деді биылғы ұйымдастырушы №7 мектеп-лицейінің директоры Дамир Сұрағанов.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының жеңімпазы болып Бурабай ауданының Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейі аталды. 

Тарихқа үңілсек, 2021 жылы Сандықтау ауданында алғашқы рет Ақмола облысының мектеп директорлары арасында волейболдан жарыс өткізілді. Бірінші орынға Зеренді мектеп директорлары ие болды.

Екінші осындай іс-шара 2022 жылы Зеренді ауданында өтіп, бірінші орын іегерлері Бурабай ауданының мектеп директорлары атанды.

2023 жылы 14 қазанда Республика күніне орай Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінің базасында  ұйымдастырылған Ақмола облысының мектеп директорлары арасындағы волейболдан тартысты бәсекеде Жақсы ауданының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Зеренді ауданы, үшінші орынды Бурабай ауданы иеленді. Белсенді қатысқаны үшін Көкшетау қаласы, Біржан сал ауданы және Сандықтау аудандарының командалары марапатталды.

Ойын алаңқайы кеңейтілді

20.10.2023, 04:23

Орталық саябақта жаңа ойын алаңқайының жұмысы қарқынды жүруде. Оған 3 млн 620 мың теңге қаржы бөлінген. Қаражат жергілікті бюджеттен берілді. Оны Астаналық "Алтайр Сервис" ЖШС жеңіп алған. Мұнда тартан жабындысы, сырғанақтар мен лабиринт, алтыбақан құрылған. Жұмыстар аз уақытта бітеді.

- Біз осы істі қолымызға алдық. 3,5 млн теңге қаржы бөлінді. Қазір ойын алаңқайын салып жатырмыз. Жұмыстар 1 ай мерзімге жоспарланған, - деді мердігер.

Қазір, жұмыстар өз мерзімімен жүргізіліп жатыр. Асты құйылып, тегістелуде. Шарбақтары кеңейтілген. Әрі ескі ойын алаңқайына қосылып үлкейтілуде. Алдағы уақытта балалар емін-еркін ойнайтын болады. Жаңадан әкелінген құрылғыларда бүлдіршіндерге ерекше әсер сыйламақ. Айта кетерлігі ойын алаңқайлары қаламыздың басқа жерлерінде де салынып жатыр. Бұл ауданымызда балаларға үлкен көңіл бөлініп жатқанының көрсеткіші.

"Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі О.Зейнолла.

Мемлекеттік кірістер басқармасы «Ашық есік күнін» өткізді

20.10.2023, 04:14

Жарқайың ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 13 қазан күні «Ашық есік күнін» өткізілді. Оның мақсаты салық төлеушілердің салықтық сауаттылығын арттыру болды.

Іс-шара барысында: - жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, «SalyqBot», Жалпыға бірдей декларация, Жеке тұлғалардың банкроттығы, мобильді қосымшалар, «E-Salyq-Azamat», «E-Salyq Business», бөлшек саудасы, Үш бөлікті интеграциялық жүйе тақырыптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

"Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі О.Зейнолла

Министрлік бұқаралық ақпарат құралдарына әрдайым көмектесуге дайын.

13.10.2023, 04:32

Өңірлік БАҚ-қа қаржылай қолдау өңірлік деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында жергілікті атқарушы органдардың конкурстарына қатысу арқылы жүргізіледі. Өйткені өңірлік БАҚ жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Өздеріңізге мәлім, өңірлік БАҚ-тың өтініштерінің нәтижесінде Министрлік өңірлік ақпараттық тапсырысты мемлекеттік сатып алу жүйесінен шығарып, конкурс түрінде өткізуге бастамашылық жасады. Бұл да өңірлік БАҚ-қа, әсіресе аудандық БАҚ-қа үлкен қолдау деп есептеймін.

Марапаттау мәселесіне келетін болсақ, Министрлік тарапынан мемлекеттік мерекелер қарсаңында БАҚ өкілдерін ведомстволық наградалармен («Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі, «Еңбек ардагері» төсбелгісі, «Алғыс хат», «Құрмет грамотасы») марапаттау дәстүрге айналды. Наградаға ұсыныстарды БАҚ-тың меншік иесі, жергілікті атқарушы органдар немесе басқа да ұйымдардың атынан жолдай аласыздар. Ұсыныстарды Министрлік жанынан құрылған арнайы комиссия қарап, шешім шығарады.

Бұдан бөлек, мемлекеттік наградалар, «БАҚ қызметкерлері күніне» орай Президенттің арнайы сыйлығы, гранттары мен алғысы, Министрлік жыл сайын өткізетін «Үркер», «Тұмар» сыйлықтары бар. Министрліктің сайтында, әлеуметтік желілерінде аталған марапаттар бойынша ақпараттар бар.

Бұдан бөлек, биылдан бастап мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту бойынша әдебиет және журналистика саласындағы үздік жұмыстары үшін сыйлықты өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл сыйлықты алуға өтінімдер ағымдағы жылы 1-30 қыркүйек аралығында қабылданды.

Сіздер де Министрліктің жоғарыда атап өткен шараларына қатыса аласыздар.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…