г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Львов ауылының тұрғындарын В.Камышанский қабылдады

04.08.2023, 05:00

Львов ауылында азаматтарды жеке мәселелері бойынша көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Оған Ақмола облыстық мәслихатының депутаты В. В. Камышанский қатысып, тұрғындардың өтініштері мен сұрақтарын тыңдады. Ауылда спорт алаңын салу бойынша мәселе басты назарда. Себебі ауыл спорттық жетістіктерге бай. ТКШ бөлімі бюджеттік өтінімді облысқа беген болатын, бірақ қаражаттың болмауына байланысты қабылданбады. Болашақта жобаны қаржыландыруға бюджеттік өтінім берілмек. Сондай-ақ,  жиында айтылған өте өзекті мәселенің бірі – су мұнарасына бактерицидтік шамды орнату. 2024 жылы су мұнарасын жөндеу жоспарланған. Бактерицидтік шам сатып алынып, ағымдағы жылдың тамыз айында орнатылады. Кездесуде көтерілген барлық сұрақтар бақылауға алынды.

«Жарқайың тынысы» газетінің тілшісі О.Зейнолла.

Қаламыздың жылу қазандықтары сыннан өтті

19.07.2023, 10:16

Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде Жарқайың аудандық мәслихатының депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері, Державин қаласының әкімі Державин қаласындағы жылу қазандықтарының 2023-2024 жылдарға жылу беру маусымына дайындығын және дайындалу барысын тексерді. Жылу қазандықтарына және қазандық үй-жайларына жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ТКШ және «Коммунсервис» ШЖҚ МКК жауапты қызметкерлері ақпарат берді. Тексеріс барысында қатысушылар сұрақтар қойып, бірқатар ескертулер жасады. Жалпы айтқанда жылу қазандықтары жылу беру мерзіміне әлі толықтай дайын емес. Алайда жауапты тұлғалардың айтуынша жылу беру маусымы қиындықсыз өтеді.

Осы құрылыс және жөндеу барысын жылу беру мерзіміне дейін аяқталуын халық қалаулылары мен Қоғамдық кеңес мүшелері бақылауға алатын болды.

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы Б.Айтпаева.

Астана-арман қала

14.07.2023, 03:10

5 шілдеде Астана күніне орай "Астана-арман қала" жас таланттар байқау-фестивалі өтті.

Айта кетейік, "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңда Астана күнін тойлау мерзімі 6 шілдеде белгіленген. Астана күнінің ел азаматтары үшін қоғамдық-саяси маңызды саналатын мемлекеттік мәртебесі бар. Заң бойынша мереке күндерінде халыққа демалыс беріледі.

Тарихқа көз жүгіртсек, бұл күні қалаға астана мәртебесін беруге қатысты алғашқы құжат қабылданды. 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі "Астананы Ақмола қаласына көшіру туралы" қаулы қабылдады. 1998 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қалаға "Астана" деген жаңа атау берілді.

Астана күніне орай елорданың көрнекті ғимараттарының маңайы түрлене түседі. Бұл аумақтар мерекелік концерттер, көрмелер және басқа да бұқаралық іс-шаралар өтетін орынға айналады.

Біздің ауданымыз да мерекелеуден шет қалған жоқ. Державин қаласының орталық саябағында орналасқан сахынада "Астана-арман қала" жас таланттар байқау-фестиваліне қатысу үшін, ауа райының қызуына қарамастан, ауданымыздың түкпір-түкпірінен жас дарынды таланттар жиналған. Осылайша шараға қатысуға 20 бала ниет білдірді. Бұл ауқымды шараны Аудандық Мәдениет үйі ұйымдастырған еді. Фестиваль барысында қатысушылар өздерін ән айтудан ғана емес, сондай-ақ би билеу, шығармашылық оқу бойынша да көрсетті.

Қатысушылар үшін келесі жас санаты қарастырылған: 5-7 жас, 8-10 жас, 11-15 жас, 16-20 жас және 21-30 жас аралығы. Шараны өткізудің басты мақсаты жас таланттарды, жаңа тұлғаларды табу болатын.

Шарадан тыс қалалық «КaDance» би тобы да шет қалмай, қонақ ретінде өз өнерін көрсетті.

Бағалау барысы 3 кезеңнен тұрады:

1 кезең ол – Лауреат дипломымен (сатысыз) марапатталғандар, яғни, шығармашылығы кәсіби шығармашылыққа жақын қаысушылар. Бұл сатыда 5 қатысушы марапатталды.

2 кезең – Дипломат дипломымен марапатталғандар. Бұл сатыда да 5 қатысушы марапатталды.

3 кезең – Белсенді қатысушылар грамоталарымен марапатталғандар. Онда 10 қатысушы марапатталды.

Шараның соңында барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталып жақсы көңіл-күйде тарқады.

«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.

Шомылу маусымында сақ бол!

14.07.2023, 03:00

Жарқайың ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен Державин қаласының ӨСБ-12 азаматтарға жүгінеді!

Су объектілерінің жанында демалу кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз: тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз, қатты ағысы бар тік жағалауларда, батпақты және өсімдіктері көп жерлерде шомылмаңыз; таңертең немесе кешке күн жылынған кезде шомылған дұрыс, бірақ қызып кету қаупі жоқ кезде. Судың температурасы 18-19 градустан, ал ауа температурасы – 22-ден кем болмауы керек, сонымен қатар, шомылу ұзақтығы 15-20 минуттан аспауы қажет және бұл уақыт 3-5 минуттан біртіндеп артуы керек; ұзақ күн сәулесінен кейін суға түспеңіз және секірмеңіз; мас күйінде суға түсуге болмайды; жағадан алыс жүзбеңіз, өйткені сіз өз күшіңізді есептей алмайсыз. Шаршауды сезінгеннен кейін, үрейленбеңіз және жағаға мүмкіндігінше тез жүзуге ұмтылмаңыз. Арқаңызға бұрылып, қолдарыңыз бен аяқтарыңыздың жеңіл қозғалыстарымен бетіңізді жоғары қаратып демалыңыз; өтіп бара жатқан кемелерге жүзбеңіз; егер ағын іліп алса, онымен күресуге тырыспаңыз. Біртіндеп жағаға жақындаған кезде ағынмен жүріңіз; ата-аналар балаларға көбірек көңіл бөлуі керек, олармен профилактикалық әңгімелер жүргізуі керек, су объектілерінің жанында демалу кезінде оларды қараусыз қалдырмауы керек. Апат болған жағдайда тәулік бойы "112", "101"телефондары арқылы көмек сұрауға болады.

Державинск қаласының 12-ӨСБ қарауыл бастығы

азаматтық қорғау лейтенанты А.М.Айжанов.

Гастелло ауылында сервистік әкімдік жұмыс істейді

14.07.2023, 02:57

Елімізде  халықпен билік арасындағы ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ел президенті Қ.Тоқаевтің бастамасымен сервистік әкімдіктер қолға алынған болатын. Нәтижесінде бұл жұмыстар ауданымызда да қыз жүргізіліп, Тасты-Талды мен Гастелло ауылдарында сервистік әкімдіктер құрылды. Бұл дегеніміз енді ауыл әкімі бірінші қабатта, ашық кеңседе халыққа қол жетімді болып, мемлекеттік қызметтің кез-келген түрін көрсете алады. Сонымен қатар, мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға да жағдай жасалған. Қажетті ақпаратын алуға еркін кіріп-шығу үшін, шақыру батырмасы, пандустар мен айқындағыш белгілер орнатылып, кедергісіз орта қалыптасқан. Сервистік әкімдікте әкімдік қызметкерлерінен бөлек, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында, Е-гов қосымшасы арқылы, түрлі қызметті өзіңіз-ақ ала бересіз. Тек компьютермен жұмыс істей білсеңіз болғаны. Онымен қоса, әрқашанда әкімдік мамандар қол ұшын созып, көмекке жүгінуге әзір. Гастелло ауылында сервистік әкімдікті салуға материалдық, ақшалай көмек көрсеткен жандарға алғысым шексіз. Атап айтар болсам, Гастелло ауылының сервистік әкімдігінің демеушілері: 1) «Сельхозхимия» ЖШС – В.А.Сидиров-250000тг, 2)  «Атай» Ш/Қ – С.А.Оспанұлы -100000тг, 3) «Шаим» Ш/Қ – А.Багиев -70000тг, 4) «Вилма» Ш/Қ- А.А.Вольф -40000тг, 5) «Жанат» Ш/Қ –М.А.Шорахметов -40000тг. Баршаңызға алғыс білдіреміз.

Гастелло ауылының әкімі С.Қадыров.

 

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…