... Қой бағын құйрықжеген озар!
Саяхат Халібек ағамыз көпжылдардан бері адал маңдай терімен хылқтың ірілі-ұсақты малын мағып жүрген азамат. Көктем аяқталысымен ел-жұрт қорадағы төрт түлігін осы Саяхат ағаның жайлауына апарып тастайды. Менде еңбегі орасан, қазақтың төл шаруашылығын жүргізіп отырған жанмен сұхаббатсуды жөң көрдім.
- Ассаламуәләйкум аға! Әуелі өзің жайлы айта кетсеңіз.
- Мен, Моңғолияның Баянөлгей аумағының қазақшаға аударғанда Жасылкөл деген кеңшары дейміз алтын және 10 шақты руда шығатын Асқынты деген елдімекенде дүниеге келгенмін. Бүгінде Державин қаласының маңындағы Гастелло ауылында тұрамын.
- Бұл кәсіпке қалай бастадыңыз?
- Бұл кәсіпті қалай бастағанда, осыдан 10 жыл бұрын әртүрлі жұмысты істедік. Мұнайбазасында күзетші болдық, орталықтың мәдениет үйінде от жағып жүрдік, содан кейін үкіметтің жұмысын істесек үйдегі аз ғана малға қарау қиын, сондықтан не болса да, тәуекел деп бел буып, 10 жылдан бері осы кәсіпті бастадық. Әуелде 400 бастай ұсақ, 150 бастай ірі қара мал болды. Ең басында сол жер мәселесі қиын болды. Одан кейін сол 2 жыл Пригородный жақтан жер беріп, бұрынғы әкім келісіп солай осы кәсіпті бастап кеттік. 10 жыл бойы осы шамадағы малдар, кейбір жылдары көп болады, ешкісімен бірге 1000–ға жуық болып қалады. Жұрттан 600-700дей ешкі-қойымен, өзіміздің ағайын-туыстікі бар дегендей сол бәрі мыңға жуық болып қалады.
- Мал бағудың қиыншылығы неде?
- Мал бағу деген оңай жұмыс емес. Күннің ыстығңы бар, жаңбырлы, қарлы кездер болады. Күзде салқын болады. Оның бәріне шыдай білу керек деп ойлаймын. Жалпы Абай атамыз айтқандай: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей дегендей қазаққа бұл жат нарсе емес. Ата-бабамыздан келе жатқан ата кәсіпқой бұл. Сырттай адамдарға серуендеп жүргендей көрінгенмен, бұның ыстығы мен суығы қатар жүретін кәсіп. Қара малдан гөрі қойдың құрттағаны, әсіресе, жаз айларында шыдау мүмкін емес. Күніне 20 бас, 30 бас соның құртын тазалау күннің ыстығында сол қиыншылығы. Бұл кәсіпте ең бастысы демалыс жоқ. Құдайдың құтты күні малды бағасың.
- Аталмыш кәсіпті қолға алғысы келіп жүрген азаматтарға қандай ақыл-кеңес бересіз? Қолға ұстауға төрт түліктің қайсысы ыңғайлы?
- Жалпы, әркім қандай мамандық оқыды, соны жете меңгеру керек. Соның әдіс-тәсілін білгенде сол кәсіп сол адамға ыңғайлы болып келеді. Енді қолға ұстауға қайсы малда ыңғайлы. Бірақ негізі қазақ айтады ғой, «мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көлкөсір» - демекші қой өсіруге болады. Бордақықға қойып сиырды да өсіруге болады. Қазір сиыр мен қой бірге жайылып жүр. Күннің ыстығында әсіресе сиырлар кейде сүзіп жібереді, қойды бөлек баққан дұрыс болады. Өзі есі шығып жүрген қара малдар сүзіп жіберіп жарақаттап кетуі мүмкін. Сол үшін таңертең қойды бөлек баққан дұрыс. Мал бағудың да өзіндік әдіс-тәсілі болады. Жалпы қазақ баяғыдан малды бір жерге жая бермеген. Жазда жайлауға, күзде күзеуге, қыста қыстауға түсірген деген сияқты. Біздің ондай мүмкіншілігіміз жоқ. Табиғаттың өзінің ыңғайына қарай сол малды әрбір кезеңге бағатын орындары болуы, жайылым жеткілікті болу керек. Бізде жайылым мәселесі қиындау. Совхоздың кезінде де жылқы бақтық, өзіміз қойшының баласы болдық. Кейбір адамдар болады қойды бір түбекке қамап тастап, күні бойы отыра беретін. Ол енді уақыт өткізудің амалы ғой. Әйтпесе таңертеңнен кешке дейін өзі сүйген шөбін жеп оттап жүруге тиісті. Суы үнемі қасында болғаны дұрыс. Қазір мал бағудың заманауй үлгілері шығып жатыр. Откорм ішінен жағдайы келген адамға , электронный пастух(электрондық бақташы) дит.
- Биылғы маусым қалай өтуде? Малға жайлы ма?
- Енді биылғы маусым күн ыстық, жаңбыр жоқ, жер қурап қалды. Малдың мынау қуат жинап қыс бойы өзінің денесіне семіру процессі болу керек. Күннің ыстығы бөгет болып тұр. Малға жайлы болып тұр деп айта алмаймын.
- Мемлекеттен қандай да бір көмек бар ма?
- Мемлекеттен айтарлықтай көмек жоқ, жерді бірнеше жыл бұрын тегін берді. Қазір 2 жыл арендада мал бағудың проблемалары көп. Даланың қаңғыбас иттері де бөгет болып тұр. Полицияға да шағымданған едік одан да хабар жоқ. Итті атпауға байланысты шетелдердің технологиясын алды ма, соған сай жұмыс істеп, ең әуелі ит қамайтын орын дайындау керек. Хабарласқан уақытта, иттердің ұстап әкетіп, сондай жерлерге орналастырса құба құп болар еді. Ал қазір бұл мәселе бойынша жағдай қиын болып тұр. Итті атпау туралы заң бар, бірақ оны әрі қарай не істеу керек, сол өзекті мәселе болып отырған жайы бар. Адамдарға да шауып жатыр, қаншама малды қынадай қырып кеткен фактілер де баршылық. Моңғолияда өзіміз секілді мал өсіріп жатқан азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау жақсы. Жыл сайын бақташыларға сыйлықтар беріліп, түрлі ордендерге ұсынылады. Алдында Ардақ Назаровта үкіметке бірқатар жақсы ұсыныстарын айтты. Енді соны мемлекет басшылары құп көрсе жақсы болар еді. Себебі, қазір шыны керек малшыны онша керек қылып жатқан жоқ. Еңбегіміз елініп жүргені шамалы. Өзіңе бізді қолдап, газет беттеріне жариялайын деп тұрғаныңа алғысым шексіз.
- Сұхбатыңызға рахмет!
«Жарқайың тынысы» газетінің тілшісі О.Зейнолла.
Львов ауылының тұрғындарын В.Камышанский қабылдады
Львов ауылында азаматтарды жеке мәселелері бойынша көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Оған Ақмола облыстық мәслихатының депутаты В. В. Камышанский қатысып, тұрғындардың өтініштері мен сұрақтарын тыңдады. Ауылда спорт алаңын салу бойынша мәселе басты назарда. Себебі ауыл спорттық жетістіктерге бай. ТКШ бөлімі бюджеттік өтінімді облысқа беген болатын, бірақ қаражаттың болмауына байланысты қабылданбады. Болашақта жобаны қаржыландыруға бюджеттік өтінім берілмек. Сондай-ақ, жиында айтылған өте өзекті мәселенің бірі – су мұнарасына бактерицидтік шамды орнату. 2024 жылы су мұнарасын жөндеу жоспарланған. Бактерицидтік шам сатып алынып, ағымдағы жылдың тамыз айында орнатылады. Кездесуде көтерілген барлық сұрақтар бақылауға алынды.
«Жарқайың тынысы» газетінің тілшісі О.Зейнолла.
Қаламыздың жылу қазандықтары сыннан өтті
Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде Жарқайың аудандық мәслихатының депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері, Державин қаласының әкімі Державин қаласындағы жылу қазандықтарының 2023-2024 жылдарға жылу беру маусымына дайындығын және дайындалу барысын тексерді. Жылу қазандықтарына және қазандық үй-жайларына жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ТКШ және «Коммунсервис» ШЖҚ МКК жауапты қызметкерлері ақпарат берді. Тексеріс барысында қатысушылар сұрақтар қойып, бірқатар ескертулер жасады. Жалпы айтқанда жылу қазандықтары жылу беру мерзіміне әлі толықтай дайын емес. Алайда жауапты тұлғалардың айтуынша жылу беру маусымы қиындықсыз өтеді.
Осы құрылыс және жөндеу барысын жылу беру мерзіміне дейін аяқталуын халық қалаулылары мен Қоғамдық кеңес мүшелері бақылауға алатын болды.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы Б.Айтпаева.
Астана-арман қала
5 шілдеде Астана күніне орай "Астана-арман қала" жас таланттар байқау-фестивалі өтті.
Айта кетейік, "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңда Астана күнін тойлау мерзімі 6 шілдеде белгіленген. Астана күнінің ел азаматтары үшін қоғамдық-саяси маңызды саналатын мемлекеттік мәртебесі бар. Заң бойынша мереке күндерінде халыққа демалыс беріледі.
Тарихқа көз жүгіртсек, бұл күні қалаға астана мәртебесін беруге қатысты алғашқы құжат қабылданды. 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі "Астананы Ақмола қаласына көшіру туралы" қаулы қабылдады. 1998 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қалаға "Астана" деген жаңа атау берілді.
Астана күніне орай елорданың көрнекті ғимараттарының маңайы түрлене түседі. Бұл аумақтар мерекелік концерттер, көрмелер және басқа да бұқаралық іс-шаралар өтетін орынға айналады.
Біздің ауданымыз да мерекелеуден шет қалған жоқ. Державин қаласының орталық саябағында орналасқан сахынада "Астана-арман қала" жас таланттар байқау-фестиваліне қатысу үшін, ауа райының қызуына қарамастан, ауданымыздың түкпір-түкпірінен жас дарынды таланттар жиналған. Осылайша шараға қатысуға 20 бала ниет білдірді. Бұл ауқымды шараны Аудандық Мәдениет үйі ұйымдастырған еді. Фестиваль барысында қатысушылар өздерін ән айтудан ғана емес, сондай-ақ би билеу, шығармашылық оқу бойынша да көрсетті.
Қатысушылар үшін келесі жас санаты қарастырылған: 5-7 жас, 8-10 жас, 11-15 жас, 16-20 жас және 21-30 жас аралығы. Шараны өткізудің басты мақсаты жас таланттарды, жаңа тұлғаларды табу болатын.
Шарадан тыс қалалық «КaDance» би тобы да шет қалмай, қонақ ретінде өз өнерін көрсетті.
Бағалау барысы 3 кезеңнен тұрады:
1 кезең ол – Лауреат дипломымен (сатысыз) марапатталғандар, яғни, шығармашылығы кәсіби шығармашылыққа жақын қаысушылар. Бұл сатыда 5 қатысушы марапатталды.
2 кезең – Дипломат дипломымен марапатталғандар. Бұл сатыда да 5 қатысушы марапатталды.
3 кезең – Белсенді қатысушылар грамоталарымен марапатталғандар. Онда 10 қатысушы марапатталды.
Шараның соңында барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталып жақсы көңіл-күйде тарқады.
«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.
Шомылу маусымында сақ бол!
Жарқайың ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен Державин қаласының ӨСБ-12 азаматтарға жүгінеді!
Су объектілерінің жанында демалу кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз: тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз, қатты ағысы бар тік жағалауларда, батпақты және өсімдіктері көп жерлерде шомылмаңыз; таңертең немесе кешке күн жылынған кезде шомылған дұрыс, бірақ қызып кету қаупі жоқ кезде. Судың температурасы 18-19 градустан, ал ауа температурасы – 22-ден кем болмауы керек, сонымен қатар, шомылу ұзақтығы 15-20 минуттан аспауы қажет және бұл уақыт 3-5 минуттан біртіндеп артуы керек; ұзақ күн сәулесінен кейін суға түспеңіз және секірмеңіз; мас күйінде суға түсуге болмайды; жағадан алыс жүзбеңіз, өйткені сіз өз күшіңізді есептей алмайсыз. Шаршауды сезінгеннен кейін, үрейленбеңіз және жағаға мүмкіндігінше тез жүзуге ұмтылмаңыз. Арқаңызға бұрылып, қолдарыңыз бен аяқтарыңыздың жеңіл қозғалыстарымен бетіңізді жоғары қаратып демалыңыз; өтіп бара жатқан кемелерге жүзбеңіз; егер ағын іліп алса, онымен күресуге тырыспаңыз. Біртіндеп жағаға жақындаған кезде ағынмен жүріңіз; ата-аналар балаларға көбірек көңіл бөлуі керек, олармен профилактикалық әңгімелер жүргізуі керек, су объектілерінің жанында демалу кезінде оларды қараусыз қалдырмауы керек. Апат болған жағдайда тәулік бойы "112", "101"телефондары арқылы көмек сұрауға болады.
Державинск қаласының 12-ӨСБ қарауыл бастығы
азаматтық қорғау лейтенанты А.М.Айжанов.