Львов ауылының тұрғындарын В.Камышанский қабылдады
Львов ауылында азаматтарды жеке мәселелері бойынша көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Оған Ақмола облыстық мәслихатының депутаты В. В. Камышанский қатысып, тұрғындардың өтініштері мен сұрақтарын тыңдады. Ауылда спорт алаңын салу бойынша мәселе басты назарда. Себебі ауыл спорттық жетістіктерге бай. ТКШ бөлімі бюджеттік өтінімді облысқа беген болатын, бірақ қаражаттың болмауына байланысты қабылданбады. Болашақта жобаны қаржыландыруға бюджеттік өтінім берілмек. Сондай-ақ, жиында айтылған өте өзекті мәселенің бірі – су мұнарасына бактерицидтік шамды орнату. 2024 жылы су мұнарасын жөндеу жоспарланған. Бактерицидтік шам сатып алынып, ағымдағы жылдың тамыз айында орнатылады. Кездесуде көтерілген барлық сұрақтар бақылауға алынды.
«Жарқайың тынысы» газетінің тілшісі О.Зейнолла.