Гастелло ауылында сервистік әкімдік жұмыс істейді
Елімізде халықпен билік арасындағы ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ел президенті Қ.Тоқаевтің бастамасымен сервистік әкімдіктер қолға алынған болатын. Нәтижесінде бұл жұмыстар ауданымызда да қыз жүргізіліп, Тасты-Талды мен Гастелло ауылдарында сервистік әкімдіктер құрылды. Бұл дегеніміз енді ауыл әкімі бірінші қабатта, ашық кеңседе халыққа қол жетімді болып, мемлекеттік қызметтің кез-келген түрін көрсете алады. Сонымен қатар, мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға да жағдай жасалған. Қажетті ақпаратын алуға еркін кіріп-шығу үшін, шақыру батырмасы, пандустар мен айқындағыш белгілер орнатылып, кедергісіз орта қалыптасқан. Сервистік әкімдікте әкімдік қызметкерлерінен бөлек, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында, Е-гов қосымшасы арқылы, түрлі қызметті өзіңіз-ақ ала бересіз. Тек компьютермен жұмыс істей білсеңіз болғаны. Онымен қоса, әрқашанда әкімдік мамандар қол ұшын созып, көмекке жүгінуге әзір. Гастелло ауылында сервистік әкімдікті салуға материалдық, ақшалай көмек көрсеткен жандарға алғысым шексіз. Атап айтар болсам, Гастелло ауылының сервистік әкімдігінің демеушілері: 1) «Сельхозхимия» ЖШС – В.А.Сидиров-250000тг, 2) «Атай» Ш/Қ – С.А.Оспанұлы -100000тг, 3) «Шаим» Ш/Қ – А.Багиев -70000тг, 4) «Вилма» Ш/Қ- А.А.Вольф -40000тг, 5) «Жанат» Ш/Қ –М.А.Шорахметов -40000тг. Баршаңызға алғыс білдіреміз.
Гастелло ауылының әкімі С.Қадыров.
Гүлдене бер арман қала, жас қала
5-шілдеде Орталық саябақтағы ашық аспан астында аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы «Бірлік» қоғамдық қорының балаларымен «Гүлдене бер арман қала, жас қала» атты презентациясын өткізді. Кітапхана маманы балалармен тығыз жұмыс жасап, суреттер арқылы елііздің бас қаласы Астананың тарихымен таныстырып, бүгінгі әсем келбетін көрсетті. Мереке қарсаңында қоғадық қордың тәрбиеленушілерімен қызықты ойындар ойнатылып, векториналық сұрақтар қойылды.
«Жарқайың тынысы» газетінің тілшісі О.Зейнолла.
Домбыра – жан әні
Домбыра сыныбы бойынша Балалар музыка мектебінің бұрынғы түлегі Александр Шорбан өзінің музыкалық аспабымен ажыраспайды. Жеті жыл бұрын Александр Ресейге Краснодар қаласына кетті, онда ол Краснодар мемлекеттік мәдениет институтында оқу грантын жеңіп алып, оны сәтті аяқтады. Қазір ол көп жұмыс істейді, көбінесе ұзақ іссапарларда болады, бірақ домбырамен қоштаспайды, ал бос уақытында, оның жұмысы қай жерде болса да, ол әкесінің үйін еске алып ойнайды.
Мақала мен сурет: «Целинное знамя» газетінің редакторы С.Шорбан.
Домбыра – қазақтың рухы, күйі һәм тілі
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Базарбай Досбол домбыра сыныбы бойынша Балалар музыка мектебінің түлегі.
2017 жылы Балалар музыка мектебіне оқытушы Айжан Қамзағалиқызы Молдағұлованың домбыра сыныбына түсті. Оқу барысында өте талантты табандылық танытқан ол көптеген облыстық, республикалық, сондай-ақ халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Досбол 2022 жылғы "Жас дарын" республикалық байқауына қатысты.
2023 жылы Арқалық қаласында Абжан Сәрсенбаевтың 70 жылдығына арналған өңірлік домбырашылар байқауында 3 орын алды. National art Dance sport GAMES халықаралық байқауында I дәрежелі лауреат атанды. Сондай-ақ Алматының "Көктем шуағы" республикалық фестиваль-конкурсына қатысып, Бас жүлдеге қол жеткізді . Өз шығармашылығын ЮНЕСКО Қазақстандық Ұлттық клубы Федерациясының"Күй күмбірі" халықаралық байқауында көрсетті, онда 1 орын алды.
Балалар музыка мектебі директорының м.а. С. Ерекешева.