г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

«Ұстаз - ұлы есім»

29.09.2023, 05:44

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,

өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.

Ыбырай Алтынсариннің сөзіне сүйенетін болсақ, әлемдегі мамандық атауының төресі-ұстаз. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. «Ұстаз болу – өз уақытынды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, біздің еңбегіміз ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, тәрбиелеп шығару екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлайды. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру деп білемін.

«Николай Островский атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі К.С.Досмаханова.

Сайлау барысының сағат 14.00-ге сәйкес Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметі

24.09.2023, 09:44

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, Державинск қаласы бойынша сағат 14.00-де 2263 адам немесе 45,3 пайыз дауыс берген. Уәлиханов сайлау округі бойынша 290 сайлаушы немесе 55% - дан астам дауыс берді.

Дауыс беру жалғасуда. Естеріңізге сала кетейік, Державинск қаласы мен Уәлиханов ауылдық округі әкіміне сайлау 24 қыркүйек күні сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

Сайлауға қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілуде

24.09.2023, 09:41

Державин қаласы мен Уәлиханов ауылдық округінің сайлау учаскелерінде бірінші дауыс берушілерге, сондай-ақ туған күн иелеріне естелік сыйлықтар табыс етілді.
Учаскелерде сайлаушылар, тәуелсіз бақылаушылар үшін барлық қажетті жағдайлар, мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы орта жасалған. Денсаулық жағдайы бойынша учаскеге өздері келе алмайтын аудан тұрғындары үшін арнайы тасымалданатын жәшіктер арқылы дауыс беру көзделген.

Бақылаушы пікірі

24.09.2023, 09:40

«Мен "АМАНАТ" партиясынан бақылаушымын. Сайлау учаскесі қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Келушілерге де талаптарға сәйкес қызмет көрсетілуде. Таңнан бері қарап отырмын, ешқандай заң бұзылып жатқан. Сондықтан сайлау әділ жане заңды өтуде деп санаймын» - деді бақылаушы Қуаныш Мендібеков.

Бүгін біздің ауылда сайлау өтіп жатыр!

24.09.2023, 09:38

«Бүгін біздің ауылда сайлау өтіп жатыр! Қала мен ауыл әкімдерін тікелей сайлау – азаматтардың конституциялық құқықтарын толыққанды іске асырудағы белсенділігін арттыруға, халықтың билікке деген сенімін және әкімнің халық алдында есеп беруін күшейтуге мүмкіндік береді деп санаймыз.

Тұрғындар Уәлиханов ауылдық округінің әкімін өздері таңдайды!

Халық сайлаған жаңа әкімнің келуімен ауылдық округтегі өмір жақсы жаққа өзгереді және барлық басталған істер аман-есен жалғасады деп үміттенеміз. Барлық тұрғындарды сайлаумен құттықтаймыз! Сіздің дауысыңыз маңызды!!!» - деді, Колесник А. және Ким Л. отбасысы.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…