г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Сібір жарасы қауіпті дерт

Сібір жарасы – адамзат баласына«қасиетті от немесе парсы оты» атауымен ерте заманнан белгілі ауру түрі. Аталмыш дерт Сібірде кеңінен таралғандықтан сібір жарасы атауына ие болып, сібір жарасының адам мен жануарға ортақ ауру екендігін және ол жануарлардан адамға жұғатынын ауру.

Сібір жарасы – жіті жұқпалы ауру. Көбінесе тері жамылғысында көрініс береді, өкпе мен ішектерде сепсис түрінде өтуі — сирек кездеседі.

Аурушаңдықтың қоздырғышыBacillus anthracis – жоғары температурада қыздырғанда және қарапайым дезинфекциялау құралдарын пайдаланғанда жылдам жойылатын сібір жарасының бацилласы. Сібір жарасының клиникалық белгілері Қоздырғыш енген тері жамылғысында 2-3 күн өткен соң қызылтым немесе көкшіл түсті дақ пайда болады. Сол жер қышып, теріні сәл күйдіргендей болып басталып, үдей түседі. Бөртпе 12-24 сағат өткеннен кейін диаметрі 2-3 мм, ішінде ашық түсті сұйықтығы бар күлдіреген бөртпеге айналады, уақыт өте келе оның ішіндегі сұйықтық қою түске боялып, қан араласады. Бөртпе қышып шыдатпаған соң, ауруға шалдыққан адам оны қасып, бетін жаралап тастайды. Іріңді бөртпенің орнына беті ашылған өлі етті қабыршақ пайда болады. Дәл осы қабыршақ сібір жарасының негізгі белгісі, дерттің атауы да осы қара даққа («anthrax»-«углевик») байланысты шыққан. Қабыршақ қатты, тығыз, күйдірілген сияқты болады. Оның айналасын қызыл түсті жиек қоршайды.

Алғашында қабыршақ көлемі үлкен емес, диаметрі 2-3 мм. құраса, бірте-бірте оның мөлшері ұлғайып, оның шығыңқы бөлігі тері деңгейінен төмен түсіп, түсі қап-қара болып, тығызданады (тығыздылығын иленген терімен салыстыруға болады). Сібір жарасын сипаттауға болатын белгілерге орталық қабыршақтың маңайына аурудың алғашқы күндері екінші қайтара сулы бөртпелердің шығуын жатқызады. Тері жамылғысы өзгеруінің алғашқы сағаттарында дертке шалдыққан адам әлсіреп, селқос болып, басы ауырады; алғашқы тәулік өткен соң немесе 2-ші күні дене қызуы 39-40 градусқа көтеріліп, халі нашарлайды. Бұл жағдайда тахикардия, ентігу, тахипноэ, кеуде тұсының ауруы және жөтел, қан араласқан  қақырық байқалады.

Анықталатын белгілері кеуде ауруы және тершеңдік  пайда болады. Аурудың өршу кезінде инфекциялық-токсикалық шок пайда болады, геморрагиялық өкпе ісінеді. Қанда және қақырықта көптеген  бактериялар пайда болады, іштің ауыруы, жүректің айнуы, қанды құсу, қанды сұйық бөлінеді. Бұдан әрі дамып, ішек парезі, мүмкін ішек жарылуы. Қандай да бір белгілері мидыңоэнцефалиты. Алғашқы тіркелкен күнен ауруда, инфекциялық-токсикалық шок, ісік және бас миының ісінуі, асқазан-ішектен қан кету және ішек жарылу өлімге алып келу себебі болып табылады.

Сібір жарасының алдын алудың басты мақсаты жылсайынғы  сібір жарасына қарсы міндетті  түрде  екпе жасату!

Жарқайың ауданның аумағында қазіргі таңда тағайындалған үш сібір жарасының жерлеулер орны бар: Далабай ауылына қарасты Актобе бөлімшесінде бар, Жанадала ауылдық округінің Зерноград ауылында бар, және Тасөткел ауылында бар.

Ұмытпауы тиіс, сібіржарасы жерленген аумаққа еш қашан жақындауға болмайды, жақынаған күнде сібір жарасы жерленген жерден ауру қайта шығуы мүмкін.

 

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…