г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

«Халық заңгері» республикалық акциясы

02.06.2023, 04:05

26-мамырда  Аудандық мәдениет үйінде «Халық заңгері» республикалық акциясы аясында азаматтарды қабылдау өткізілді.

Акция барысында, Жарқайың ауданының азаматтары тегін заңгерлік кеңес ала алды.

Акцияға: полиция, көші-қон қызметі бөлімінің өкілдері, аудан ұйымдарының басшылары қатысты.

Жарқайың ауданының тұрғындары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, халықты жұмыспен қамту, сәулет және қала құрылысы, жер мәселелері және т. б. мәселелер бойынша жүгінді.

Барлық сұрақтарға аудан тұрғындары заңнамаға сәйкес тиісті кеңестер мен ұсынымдар алды.

«Жарқайың тынысы» газетінің тілшісі О.Зейнолла.

Ауылшаруашылық жәрмеңкесі

02.06.2023, 04:04

Бағаны тұрақтандыру мақсатында 27-мамырда Державин қаласының коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.

Оған ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер  қатысты.

Жәрмеңкеде нарықтық бағадан төмен өнімдердің кең ассортименті ұсынылды. Олар: нан-тоқаш өнімдері, сүт өнімдері, ет өнімдері, тірі ешкілер, жұмыртқа және т.б. Жәрмеңкеге келген жұрт арзан бағадағы өнімдерді алып, апталық азық қорын жинады.

«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.

Ер – елінің қорғаны

12.05.2023, 05:41

Еркекке тіс те керек, іс те керек, білек те керек, жүрек те керек...

 Ғабит Мүсірепов

5-мамырда ауданымыздың Мәдениет үйінде «Отан қорғаушылар» күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

Шараға Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов және мемлекеттік мекемелердің басшыларымен  ауданымыздың тұрғындары қатысты.

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов қатысушыларды мерекемен құттықтап, зор денсаулық, бақыт және бейбітшілік тіледі. Сондай-ақ, аудан әкімі аудан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі, мінсіз және жоғары кәсіби қызметі үшін Шыңғыс Әлібекұлы Жанатайды, Низами Вагиф-Оглы Казимовты, Виктор Леонидович Братчиковты, Игорь Павлович Рыжковты, Жанат Ерғожаұлы Жаманшаловты, Игорь Анатольевич Трубавинді, Константин Юрьевич Русинді, Дәурен Төлеуұлы Төлеуді, Евгений Николаевич Мигуновты алғыс хатпен марапаттады.

Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара әйелдер ұжымдары ұйымдастырған мерекелік концертпен жалғасты. Концерттік бағдарламада әйелдер қауымы түрлі тақырыптағы әндерді шырқап, би билеп барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мерекелік шара аяқталғаннан кейін қонақтар өз ризашылықтарын дауылды қошеметпен білдірді.

«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.

Ақмола облысындағы РАТТ жұмысы

12.05.2023, 05:41

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында, 24-28 сәуір аралығында, Ақмола облысында Дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшелері діни экстремизм мен терроризмнің таралуының алдын алуға бағытталған өңір халқымен түрлі форматтағы бірқатар іс-шаралар өткізді.

Іс – шараларды РАТТ өкілдері (теологтар, дінтанушылар, психологтар) - Смағұлов М.А., Шакимова Л.С., Рақымбердиев Ж.С., Батаева Д.К. өткізді.

РАТТ іс-шараларының ішінде: Атбасар, Көкшетау, Степногорск қалаларында №1, №4, №5, №7 түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан діндар азаматтармен семинарларды, Бұланды және Біржан сал аудандарының құс фабрикаларының қызметкерлерімен кездесулерді, Шоқан Уәлиханов ат. Көкшетау университетінің,  Көкшетау жоғары медициналық колледжінің, Степногорск қ. тау-кен техникалық колледжінің, Атбасар аграрлық-индустриялық колледжінің  студенттерімен, оқытушыларымен, психологтарымен және Атбасар қ. балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған спорт мектебінің жаттықтырушыларымен, «Өрлеу» БАҰО облыстық филиалының тыңдаушыларымен, «Науан Хазірет» Ақмола облыстық мешітінің жамағатымен, аудандық АТТ мүшелерімен және т.б. дін төңірегінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шаралар барысында өңірлердің тұрғындары Қазақстан халқының мәдениетін дамытуға және рухани мұрасын жандандыруға бағытталған діни қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың маңыздылығы, жастарды патриоттық тәрбиелеу қажеттілігі және деструктивті діни идеялардың қауіптілігі туралы хабардар етілді.

Тыңдаушылар тарапынан РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар алынды.

Іс-шараларға барлығы 800-ден астам адам қатысты.

9 Мамыр!

09.05.2023, 11:23

Posted @withregram • @zharkain_audanynyn_akimdigi Жеңіс күні, 9 мамыр — бүкіл әлем үшін ең маңызды, толғандыратын және қастерлі мерекелердің бірі. Сол қатыгез соғыстың майдан даласында қаза тапқандардың бәрін еске алу, фашизмді жеңген түрлі ұлт өкілдерінің бірлігі мен патриотизмінің символы.

 

Бүгін ағымдағы жылдың 9 мамырында аудан орталығының шағын алаңында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Жарқайыңдықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан батырларымызды еске алу үшін "Мәңгілік есте" жауынгерлік Даңқ монументіне келіп гүлшоқтары мен гүл себеттерін қойды.

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов, еңбек ардагері Ибраев Төлеген монументке гүл шоқтарын қою рәсімін ашты.

 

🔹🔹🔹

 

День Победы, 9 мая — является одним из самых важных, волнующих и почитаемых праздников всего мира. Это священная память обо всех погибших на полях сражений той жестокой войны. Символ сплоченности и патриотизма представителей разных национальностей, победивших фашизм.

 

Сегодня 9 мая текущего года, на малой площади районного центра состоялась церемония возложения цветов к Вечному огню. 

Жаркаинцы пришли к монументу Боевой Славы «Вечная память» чтобы почтить память погибших в годы Великой Отечественной войны.

Открыли церемонию возложения цветов к монументу аким Жаркаинского района Жанболат Хамитов, Ветеран труда Ибр

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…