Жазғы суару іске қосылуда
6-маусымда қаламыздың М.Ғабдуллин көшесі мен Ленин-Вокзальный, Ишим-Ниязбаев көшелерінінің қиылысында тұрғындармен кездесу өткізілді. Мұнда жазғы суару сұрақтары қозғалды.
Жиынға қалалық әкімдіктің, тұрғынүй коммуналдық қызметінің, «Коммунсервис» коммуналдық мекемесінің өкілдері қатысып, халықпен бірқатар сұрақтарды талқылады. Жауапты мамандардың айтуынша, жаз маусымы басталғаннан бері жазғы суару жұмыстарын жандандыру үшін су сору құрылғыларында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, су беру құбырлары тексерілді.
Жазғы суару қаламыз үшін өзекті мәселелердің бірі. Себебі, бау-бақша салатын қала тұрғындарына су аса қажет. Жер үйде тұрғаннан кейін де көпшілігі бақшаларында шағын көкөніс салып, картоп еккенді жөн санайды. Жазғы суару құбырларының жұмыс істемеуінен, ауыз суды бақша суаруға пайдаланады. Салдарынан қаланың кейбір аумақтарында ауыз су тапшылығы сезілуде. Бұған халықтың наразылығы әлеуметтік желілерде ашық байқалып жүр. Енді биылдан бастап, жазғы суару құбыры іске қосылмақ. Сейсенбі күні, су берудің алғашқы сатысы жүргізілген болатын. Айта кетерлігі, суға тарифте қымбаттамақ. Оған көрсетілетін қызмет, электр энергиясы және басқалары кіреді.
«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.