14 маусымда аудан әкімдігінің отырыс залында «Жезқазған-Петропавл» республикалық жолды орташа жөндеу жұмысы туралы «Қарағанды Жолдары» ЖШС Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Е.М.Смагуловтың есебі тыңдалды. Тыңдалымға қатысқандар: Қоғамдық кеңестің мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары. Е.М.Смагулов біздің ауданда жалпы қашықтығы 36 шақырымды құрайтын Уәлиханов ауылынан Державин қаласына дейінгі жолдың орташа жөндеуі жоспарланғаны хабарлады. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 950 млн. теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 22 шақырым жол жөнделген. Сонымен қатар Московский көшесіне асфальт төселеді. Қоғамдық кеңес мүшелері ойларында жүрген сұрақтарын қойып, аудан әкімінің орынбасарынан және мердігер ұйымның директорынан тиісті жауаптарын алды. Аталған жұмыстардың барлығы ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқталатыны айтылды. Жарқайың ауданының Қоғамдық кеңесі.