г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

... Қой бағын құйрықжеген озар!

Саяхат Халібек ағамыз көпжылдардан бері адал маңдай терімен хылқтың ірілі-ұсақты малын мағып жүрген азамат. Көктем аяқталысымен ел-жұрт қорадағы төрт түлігін осы Саяхат ағаның жайлауына апарып тастайды. Менде еңбегі орасан, қазақтың төл шаруашылығын жүргізіп отырған жанмен сұхаббатсуды жөң көрдім.

  • Ассаламуәләйкум аға! Әуелі өзің жайлы айта кетсеңіз.
  • Мен, Моңғолияның Баянөлгей аумағының қазақшаға аударғанда Жасылкөл деген кеңшары дейміз алтын және 10 шақты руда шығатын Асқынты деген елдімекенде дүниеге келгенмін. Бүгінде Державин қаласының маңындағы Гастелло ауылында тұрамын.
  • Бұл кәсіпке қалай бастадыңыз?
  • Бұл кәсіпті қалай бастағанда, осыдан 10 жыл бұрын әртүрлі жұмысты істедік. Мұнайбазасында күзетші болдық, орталықтың мәдениет үйінде от жағып жүрдік, содан кейін үкіметтің жұмысын істесек үйдегі аз ғана малға қарау қиын, сондықтан не болса да, тәуекел деп бел буып, 10 жылдан бері осы кәсіпті бастадық. Әуелде 400 бастай ұсақ, 150 бастай ірі қара мал болды. Ең басында сол жер мәселесі қиын болды. Одан кейін сол 2 жыл Пригородный  жақтан жер беріп, бұрынғы әкім келісіп солай осы кәсіпті бастап кеттік. 10 жыл бойы осы шамадағы малдар, кейбір жылдары көп болады, ешкісімен бірге 1000–ға жуық болып қалады. Жұрттан 600-700дей ешкі-қойымен, өзіміздің ағайын-туыстікі бар дегендей сол бәрі мыңға жуық болып қалады.
  • Мал бағудың қиыншылығы неде?
  • Мал бағу деген оңай жұмыс емес. Күннің ыстығңы бар, жаңбырлы, қарлы кездер болады. Күзде салқын болады. Оның бәріне шыдай білу керек деп ойлаймын. Жалпы Абай атамыз айтқандай: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей дегендей қазаққа бұл жат нарсе емес. Ата-бабамыздан келе жатқан ата кәсіпқой бұл. Сырттай адамдарға серуендеп жүргендей көрінгенмен, бұның ыстығы мен суығы қатар жүретін кәсіп. Қара малдан гөрі қойдың құрттағаны, әсіресе, жаз айларында шыдау мүмкін емес. Күніне 20 бас, 30 бас соның құртын тазалау күннің ыстығында сол қиыншылығы. Бұл кәсіпте ең бастысы демалыс жоқ. Құдайдың құтты күні малды бағасың.
  • Аталмыш кәсіпті қолға алғысы келіп жүрген азаматтарға қандай ақыл-кеңес бересіз? Қолға ұстауға төрт түліктің қайсысы ыңғайлы?
  • Жалпы, әркім қандай мамандық оқыды, соны жете меңгеру керек. Соның әдіс-тәсілін білгенде сол кәсіп сол адамға ыңғайлы болып келеді. Енді қолға ұстауға қайсы малда ыңғайлы. Бірақ негізі қазақ айтады ғой, «мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көлкөсір» - демекші қой өсіруге болады. Бордақықға қойып сиырды да өсіруге болады. Қазір сиыр мен қой бірге жайылып жүр. Күннің ыстығында әсіресе сиырлар кейде сүзіп жібереді, қойды бөлек баққан дұрыс болады. Өзі есі шығып жүрген қара малдар сүзіп жіберіп жарақаттап кетуі мүмкін. Сол үшін таңертең қойды бөлек баққан дұрыс. Мал бағудың да өзіндік әдіс-тәсілі болады. Жалпы қазақ баяғыдан малды бір жерге жая бермеген. Жазда жайлауға, күзде күзеуге, қыста қыстауға түсірген деген сияқты. Біздің ондай мүмкіншілігіміз жоқ. Табиғаттың өзінің ыңғайына қарай сол малды әрбір кезеңге бағатын орындары болуы, жайылым жеткілікті болу керек. Бізде жайылым мәселесі қиындау. Совхоздың кезінде де жылқы бақтық, өзіміз қойшының баласы болдық. Кейбір адамдар болады қойды бір түбекке қамап тастап, күні бойы отыра беретін. Ол енді уақыт өткізудің амалы ғой. Әйтпесе таңертеңнен кешке дейін өзі сүйген шөбін жеп оттап жүруге тиісті. Суы үнемі қасында болғаны дұрыс. Қазір мал бағудың заманауй үлгілері шығып жатыр. Откорм ішінен жағдайы келген адамға , электронный пастух(электрондық бақташы) дит.
  • Биылғы маусым қалай өтуде? Малға жайлы ма?
  • Енді биылғы маусым күн ыстық, жаңбыр жоқ, жер қурап қалды. Малдың мынау қуат жинап қыс бойы өзінің денесіне семіру процессі болу керек. Күннің ыстығы бөгет болып тұр. Малға жайлы болып тұр деп айта алмаймын.
  • Мемлекеттен қандай да бір көмек бар ма?
  • Мемлекеттен айтарлықтай көмек жоқ, жерді бірнеше жыл бұрын тегін берді. Қазір 2 жыл арендада мал бағудың проблемалары көп. Даланың қаңғыбас иттері де бөгет болып тұр. Полицияға да шағымданған едік одан да хабар жоқ. Итті атпауға байланысты шетелдердің технологиясын алды ма, соған сай жұмыс істеп, ең әуелі ит қамайтын орын дайындау керек. Хабарласқан уақытта, иттердің ұстап әкетіп, сондай жерлерге орналастырса құба құп болар еді. Ал қазір бұл мәселе бойынша жағдай қиын болып тұр. Итті атпау туралы заң бар, бірақ оны әрі қарай не істеу керек, сол өзекті мәселе болып отырған жайы бар. Адамдарға да шауып жатыр, қаншама малды қынадай қырып кеткен фактілер де баршылық. Моңғолияда өзіміз секілді мал өсіріп жатқан азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау жақсы. Жыл сайын бақташыларға сыйлықтар беріліп, түрлі ордендерге ұсынылады. Алдында Ардақ Назаровта үкіметке бірқатар жақсы ұсыныстарын айтты. Енді соны мемлекет басшылары құп көрсе жақсы болар еді. Себебі, қазір шыны керек малшыны онша керек қылып жатқан жоқ. Еңбегіміз елініп жүргені шамалы. Өзіңе бізді қолдап, газет беттеріне жариялайын деп тұрғаныңа алғысым шексіз.
  • Сұхбатыңызға рахмет!

«Жарқайың тынысы» газетінің тілшісі О.Зейнолла.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…