ӨЗ ЕҢБЕГІМЕН…
Қазір, өкінішке қарай, көпшілігіміз бұл сөздің мағынасын да, шығу тегін де білмейміз. Сонымен қатар, бұл біздің халқымыздың қандай орасан зор еңбек жасағанын байқатпайды. Бұрын-соңды болмаған қысқа тарихи кезеңде әскери күйреуден кейін бос жатқан далалар мол өнім беретін құнарлы жерлерге айналды. Тек беріктіктің, еңбекқорлықтың және өз жеріне деген сүйіспеншіліктің арқасында жастар тың жерлерді игеру үшін біздің кең Отанымыздың түкпір-түкпірінен келді. Бұрын адамның аяғы баспаған жерде өмір қайта жанданып, жаңа совхоздар, қалалар, электр желілері, тас жолдар пайда болды және мыңдаған гектарға егін салынды. Алғашқы тың игеруші батырлар қазір біздің арамызда тұрады, алайда олардың көпшілігі өмірден өткен. Иванов Иван Дмитриевич 1937 жылы 1 қаңтарда Украинада, Житомир облысында, Врайшан ауданы, Малая Пятигорка ауылында дүниеге келген. 1945 жылдан 1953 жылға дейін балалар үйінде тәрбиеленіп, 7 (жеті) сыныпты бітірді. 1953-1955 жылдары Ворошиловград облысының Красный Луч қаласында ауыл шаруашылығы училищесінде кең бейінді тракторшы-механизатор болып оқыды.
1955 жылы сәуірде Комсомол жолдамасы бойынша тың және тыңайған жерлерді игеруге келді. Онда Львов совхозының № 4 бригадасында жұмыс істеді. 1959 жылы астық қоймасында қойма меңгерушісі, ал 1960 жылы жүгері шаруашылығында буын меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1971 жылы шөп шабу бригадасының бригадирі болып қызмет атқарып, содан кейін қайтадан жүгері шаруашылығына оралды. 1978 жылы шөп шабу бригадасының бригадирі болды. 1981 жылы № 6 бригада бригадирінің көмекшісі болды. Бригадалар ірілендірілгеннен кейін кешенді бригадалар құрылып, онда есепке алу жөніндегі бригадирдің көмекшісі болып жұмыс істеді. 1992 жылы совхозда күнбағыс майы өндірілетін май цехы ашылды, онда ол меңгеруші болды. 1992 жылы ол лайықты демалысқа кетті.
Еңбек еткен жылдары: "Ерен еңбегі үшін" медалімен (1970 ж.); "Тың жерлерді игергені үшін" медалімен (1974 ж.); "Еңбек ардагері" медалімен (1987 ж.); "Тыңға 50 жыл" медалімен (2004 ж.); 1983 ж. Қазақ республикалық кәсіподақтар комитеті төралқасының Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Львовское ауылдық кітапханашы Н. Тасчи.
Аударып дайындаған «Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.