Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні атап өтілді
Жарқайың аудандық мәдениет үйінде Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты бөлім алдында, Мәдениет үйінің фойесінде ауыл шарушылығы саласына арналған көрме ұйымдастырылды.
Салтанатты іс-шара барысында Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов ауданның барлық диқандарын кәсіби мерекемен құттықтап, жаңа еңбек жетістіктері мен денсаулық тілеп, ауданның ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін, шаруа қожалықтарының, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің басшыларына алғыс хаттар табыс етіп, ауыл шаруашылығы ардагерлерін, комбайнерлерін, механизаторларын және басқа да үздік мамандарын атап өтті.
Нақтылай кетсек:
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен "Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы В.П.Белых;
- "Еңбек адамы" номинациясы бойынша Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен: "Державинская Агромпромтехника" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүргізушісі В.Н. Паламарчук, "Сельхозхимия" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механизаторы В.И. Мироненко;
- Ақмола облысы әкімінің алғыс хатымен: "Темірлан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Е.К. Алин, «АБС Жаркөл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механизаторы М.О. Тұрсынбаев, «Ростовское Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің үздік механизаторының бірі С.М. Ахметов, "Жер-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас агрономы С.Ю.Орехова марапатталды.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласының үздіктеріне Жарқайың ауданы әкімінің атынан алғыс хаттар табыс етілді. Шара концерттік бағдарламамен аяқталды.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.