г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Біздің Жарқайың!

Біздің Жарқайың ауданы – көп ұлтты, бірақ бір жүректі аймақ. Мен бұл жерде туғанымнан бері тұрып келемін, түрлі кезеңдерді бастан өткердік. Бірақ біз әрдайым бір-бірімізге қолдау көрсетіп, қиындықтарды бірге еңсеріп отырдық. Қазақы кеңпейілділік пен достыққа негізделген қатынас осы уақытқа дейін өз жемісін беріп келеді.

Бізде ұлтаралық кикілжің деген атымен болған емес. Себебі ата-аналарымыз, ата-әжелеріміз балаларын әрқашан татулыққа, бауырмалдыққа үйретті. Көшеде неміс көршің қазақша амандасып тұрса, қазақ баласы орысша сәлем береді – бұл біздің күнделікті өміріміздің көрінісі.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап біз Жарқайыңда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап келеміз. Бұл – тек биліктің ғана емес, барша халықтың еңбегі. Осы бағыттан айнымай, бірлікті көздің қарашығындай сақтау – әрқайсымыздың борышымыз. Бүгінгі жастар да бұл құндылықтарды бойына сіңіріп келеді. Сондықтан мен Жарқайыңның болашағына сенемін. Бұл – достық пен келісім өлкесі!
Рахимбекова М. қоғамдық кеңес мушесі

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…