
zharkain
Құрметті жарқайыңдықтар!
Сіздерді Қазақстан халқының тілдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тілдер мерекесі бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Тіл – халық игілігі, ол ұлттардың бірігуі мен топтасуына ықпал ететін тәрбие құралы, адамдардың қарым-қатынасын байланыстыратын арқау жібі.
Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Халықтарының тілдер күні» 5-қыркүйек болып жарияланды.
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл»,- деп ұлағатты сөз қалдырған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні Тіл мерекесімен қоса тойланатыны қалың қазақ үшін өте қуанышты жағдай.
Құрметті жерлестер!
Қасиеті терең, құнары мол қазақ тілін өз мәнінде қолданып, жат тілге тәуелді болмай болашақ жас ұрпаққа жеткізу азаматтық парызымыз.
Олай болса, ғасырлар көшінің елге қалдырған ең ұлы аманаты – тіліміздің мерейін асқақтату жолында аянбай еңбек етуге шақырамын!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Тіліміздің мәртебесі биік, абыройы асқақ болсын!
Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысыс А. Әлжанов.
Құрметті Жарқайыңдықтар! Қымбатты жерлестер!
Сіздерді мәні мен мағынасы терең мереке - Қазақстан халқы тілдері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орны бар бұл атаулы күн – Қазақстанда тұратын барлық ұлттар өкілдерінің ана тілдеріне құрмет көрсететін ортақ мейрам.
«Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, дүние жүзі мойындап отырған елміз. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз - біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
Тіл – халық игілігі, ол ұлттардың бірігуі мен топтасуына ықпал етеді, тәрбие құралы мен адамдардың қарым-қатынасын байланыстыратын арқау болып табылады. Тілдер күні – еліміздің барлық азаматтарының достығы, ағайындығы мен бірлігінің нышаны. Халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық – жаңа Қазақстанды салудың басты тірегі.
Тіл — халық қазынасы, ұлттың жаны. Сондықтан ана тіліміздің келешегінің нұрлы болуына, мемлекеттік тіліміздің өркендеуіне, оның әрі қарай дамуына бар күш-жігерімізді, біліміміз бен өнерімізді салуымыз қажет. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оны құрметтеу — әр азаматтың борышы. Сол үшін барша жерлестерімізді мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге, оның өркен жайып дамуына өз үлестерін қосуға шақырамын.
«Тіл - достықтың құралы», туған жер, туған тіл адамға қандай ыстық, қандай қымбат. Осы мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, бақыт, еңбекте табыс тілейміз. Елімізде әр ұлттың достығы мен бірлігі мығым болып, тіліміз жасай берсін!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.
Әзірбайжан президенті қазақтың ұлттық тағамдарымен танысты
Бүгін, 24 тамызда Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуы аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуге сапармен келді.
Сапар аясында Қазақстан мен Әзірбайжан басшылары Каспий теңізінің жағалауын аралап көріп, мұнда орнатылған қазақтың киіз үйіне кірді. Мемлекет басшылары қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, ал ғалым-этнограф, «Sandyq» мейрамханасының асханасының авторы Әйгерім Мұсағажинова оларды ұлттық тағамдармен таныстырды.
«Елімді осындай жоғары деңгейде көрсету мен үшін үлкен мәртебе. Ұлттық нақыштағы Sandyq пен Tary жобалары аясында біз жаңғыртып жатқан ата-бабаларымыздың мұрасына деген мақтаныш сезімім шексіз. Бүгін Әлиев мырза қазақ тағамдарының дәмін татып, мәдениеттеріміздің ортақтығын тағы бір мәрте атап өтті».
1 «алтын», 4 «күміс» және 3 «қола»: ММА бойынша жастар арасындағы әлем чемпионатынан Қазақстан жүлдемен оралды
2022 жылғы 5-21 тамыз аралығында Абу-Дабиде 14-15 және 16-17 жас санаттары арасында ММА аралас жауынгерлік жекпе-жектен әлем чемпионаты өтті.
Чемпионатқа 42 елден 479 спортшы қатысты. Қазақстан намысын 20 спортшы қорғады.
Қостанайлық балуан Шыңғыс Жүсіпов барлық жекпе-жекте жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.
«Мен үшін бұл ММА-дан бірінші халықаралық жарыс болды. Байрағымызды көкке желбіретіп, ел намысын қолдан бермеуге тырыстым. Енді алтын жеңіп алғаныма өте қуаныштымын. Өкінішке орай, құраманың оқу-жаттығу жиыны болмай қалды. Сондықтан жаттықтырушым Марат Әліппаев екеуміз туған қаламда Қостанайда дайындықты өткіздік. Жеңіске жеткеніме әлі де сенбей жүрмін», - турнирден алған әсерімен бөлісті Шыңғыс.
Сонымен қатар, тағы 7 спортшы жүлдегер атанды. Аяжан Ергентай (Түркістан облысы), Самат Төлегенов (Нұр-Сұлтан), Павел Карабанов (Қарағанды облысы), Дмитрий Жижин (Қарағанды облысы) күміс жүлдеге ие болды.
Жәния Төлеубаева (Қарағанды облысы), Шыңғысхан Тұрсынханов (Нұр-Сұлтан), Аяулым Әубәкір (Түркістан облысы) қола медаль жүлдегерлері атанды.
Айта кетейік, ММА бойынша әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан 8-ші орында болды.
Қазақстандық ММА Біріккен
Федерациясының баспасөз-қызметі, Мадина Уразмбетова.
«Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жұмысқа орналасуы»
Мүгедектігіне қарамастан, әрбір азамат еңбек қызметін жүзеге асыруға құқылы. Мүгедек адамдардың еңбек қызметін мемлекет жұмысқа орналасуға ықпал ететін уәкілетті лауазымды адамдар арқылы қамтамасыз етеді.
Мемлекеттің кепілдіктері кез келген ұйымда немесе кәсіпорында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін көздейді. Жұмыс берушілерге жұмыспен қамту орталықтарына мүгедек адамдар үшін бос жұмыс орындарының болуы туралы ақпарат беру міндеті жүктеледі. Еңбек қызметі барысында мүгедектігі бар адамдар қажетті жұмыс көлемін орындай алды. Жұмыс уақыты мүгедектердің бір күн ішінде де, демалыс кезеңінде де еңбек қызметі үшін күшін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін демалыс уақытының арнайы режимдерін белгілеумен қоса жүргізілуге тиіс.
Осы санаттағы тұлғалар «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасына» қатыса алады.
Мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Жарқайың ауданының әкімдігі 03.12.2021 жылғы № А-12/502 «2022 жылға арналған Жарқайың ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулы қабылдады.
Ағымдағы жылдың 8 айында Жұмыспен қамту бөліміне 11 адам жүгінді, оның ішінде 5 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 6 адам бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды. Анықтама телефоны: 9-21-83
«Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.
«Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қол жеткізу каналдары): «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) куәлік (куәлік телнұсқасын) беру – 5 (бес) жұмыс күні. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді; 2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут; 3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: Қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша куәлік немесе оның телнұсқасы.
Мемлекетік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері: Тегін.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- ақтау туралы анықтама не сот ұйғарымының (қаулысының) көшірмесі;
- өкілі арқылы жүгінген жағдайда – оның өкілеттіктерін растайтын нотариат куәландырған құжат. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздері: Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Стандарттың 8-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Анықтама телефоны: 9-21-83.
«Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру
Конкурсты ұйымдастырушы:
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі,
Орналасқан жері: Көкшетау қаласы, Абай көшесі 96, Ақмола облысы аудандарының, Көкшетау, Қосшы және Степногорск қалаларының кәсіпкерлік саласындағы жергілікті атқарушы органдары (кәсіпкерлік бөлімдері);
Байланыс телефоны: 8 (7162) 24-00-15, 24-00-16, 24-00-14;
Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер:
Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының 404 каб.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2022 ж. «1» қыркүйектен бастап 2022 ж. «15» қыркүйекке аралығында, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.30-ге дейін (жергілікті уақытпен).
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upp/press/news/details/413863?lang=ru сайтында танысуға болады.
"AMANAT" партиясы мүшелерінің азаматтарды мобильді қоғамдық қабылдауы өтті
"AMANAT" партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев азаматтарды көшпелі қабылдау, шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесулер өткізу қажеттілігі туралы тапсырма берді. Республикалық қоғамдық қабылдаудың тапсырмасын орындау мақсатында Ақмола облысында мобильді қоғамдық қабылдауларды өткізу басталды. "AMANAT" партиясы мүшелерінің азаматтарды мобильді қоғамдық қабылдауы 2022 жылғы 4 шілдеде Отрадный ауылдық округінде өтті. Қабылдауға ауылдың 6 тұрғыны Отрадное ауылының мектебін және Кенское ауылының мектебінің шатырын күрделі жөндеу, Отрадное және Кенское ауылдарындағы жолдарды жөндеу, округтің екі ауылындағы ФАП-тарды жөндеу, ауруханада медициналық қызмет алу мәселесі, қағаз жеткізгіште тұтынылған электр энергиясы үшін төлем шоттарын ұсыну мәселесін шешу бойынша сұрақтармен жүгінді электрондық пошта, иттерді аулауды ұйымдастыру, ауылдарды абаттандыру, студентті медициналық институтта бюджет қаражаты есебінен оқыту. Азаматтарды қабылдау барысында 5 мәселе оң шешіліп, 6 сұраққа түсініктеме берілді. Мысалы, Отрадное ауылының мектебіне күрделі жөндеу жүргізу туралы. Ауылдық округтің ауыл шаруашылық құрылымдары мектепті күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірледі. ҚМЖ сомасы 234,4 млн теңгені құрады. Жоба екі жылдық. Ағымдағы жылға қаржыландыру сомасы 100,9 млн теңге, 2023 жылға-облыстық бюджеттен 133,5 млн теңге. Конкурс қорытындысы бойынша ЖСҚ және 2022 және 2023 жылдарға арналған қаржыландыру көлеміне сәйкес "ГрадСтройСервис" ЖШС ҚМЖ мердігерлік ұйымы анықталды. Отрадное ауылындағы жолдарды жөндеу бойынша ағымдағы жылдың 8 шілдесінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Отрадное ауылы тірек ауыл болып анықталды. Қажет болған жағдайда 120,0 млн теңге "Ауыл Ел бесігі" бағдарламасы бойынша 60,0 млн теңге бөлінді. Қалған сомаға салалық жол басқармасына бюджеттік өтінім берілді. "Ауыл Ел бесігі" жобасы аясында Жарқайың ауданы Отрадное ауылының ұзындығы 2510 м ауылдың 4 көшесін орташа жөндеуге 60,0 млн теңге бөлінді. Конкурс қорытындысы бойынша 28.03.2022 жылы "INK" ЖШС мердігерлік ұйымымен шарт жасалды. Жоба бір жылдық. Шілде айында мердігер ұйым жұмысқа кірісті, аяқталу мерзімі а. ж. қыркүйек айы. Ауруханада медициналық қызмет алу мәселесі бойынша жүгінген ауыл тұрғыны жыл бойы айғақтарға сәйкес стационарда емделуден жылына екі рет өтуге құқылы, электрондық жіберілімнің орнына қағаз тасығышта тұтынылған электр энергиясы үшін төлем шоттарын ұсыну бойынша ауыл зейнеткерлері тұрғындарының өтінішіне Жарқайың АЭЖ басшысы Евгений Компаниец өтініш беру барысында мәселені оң шешті. Студентті медициналық институтта оқыту бойынша аудандық бюджет есебінен. Медициналық ЖОО студенттерінің отбасы бюджет есебінен білім алушылар тізіміне енгізу үшін санатқа жатады. Медициналық ЖОО-ға қабылданғаннан кейінгі іс-әрекеттер алгоритмі бойынша түсініктемелер берілді.
Кенское ауылы мектебінің шатырын жөндеу сұрағы бойынша. Кенская ауылы мектебінің шатырын ағымдағы жөндеуге 3814,760 т. т. сомасына жергілікті смета әзірленді, "Ауыл Ел бесігі"бағдарламасы бойынша жөндеу жүргізу мүмкіндігін қарау туралы салалық құрылымдарға хаттар жіберілді. Барлық мәселелер бақылауда. Жобаны іске асыру барысын партия мүшелері Қоғамдық кеңес құрамында бақылайды.
ЖПБ ұйымына "AMANAT" партиясының мүшелері қатысты: Жарқайың "AMANAT" ТФП атқарушы хатшысы Г. М.Баегізова, аудандық емхананың меңгерушісі К.И.Байжұманова, Жарқайың ауданының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ басшысы Б. Д. Кушеков, Жарқайың ауданының "Білім бөлімі" ММ басшысы Г. К. Нұрпейісова, Отрадный ауылдық округінің әкімі Ғ. К. Жұмағұлов.
Жарқайың АMANAT ТФП атқарушы хатшысы, Гүлжан Баегізова.
Бюджеттік саясат және ауданның экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті
Аудандық мәслихаттың 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ауданның бюджеттік саясат және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның күн тәртібіне «Жарқайың ауданында жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарының орындалу қорытындысы туралы» мәселе енгізілді.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бүгінгі отырысына аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің орынбасары, «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің өкілі, мемлекеттік мекемелерінің басшылары, мәслихаттың жауапты қызметкерлері қатысты.
«Жарқайың ауданында жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарының орындалу қорытындысы туралы» ақпарат алу үшін «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің өкілі Дубровин Кирилл сөз сөйледі.
2021 жылдың 7 қыркүйегінде Жарқайың ауданында жайылымдарды басқару және оларды пайдаланудың 2021-2022 жылдарға арналған жоспары қабылданды. Жоспар жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалану, жемшөп қажеттілігін тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерінің алдын алу мақсатында қабылданды. Жайылымдардың деградациясының алдын алу және елді мекендердегі жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін елді мекендерден шалғайдағы (Шойындыкөл ауылы) шалғайдағы жайылымдық жерлерге пайдаланылатын шалғайдағы жайылымдар пайдаланылады.
2021 жылы облыстың елді мекендерінің шекарасын белгілеу бойынша қабылданған шараларға байланысты жайылымдағы халықтың жетіспеушілігі қысқартылды, сондықтан елді мекендердің шекарасына ауыл шаруашылығы мақсатындағы 12,7 мың га жер көлемін құрайтын босалқы жерлер енгізілді. Қалған 8,4 мың гектар қажеттілік ауылдар мен ауылдық округтердің әкімшілік шекарасында облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен меморандумдар жасасу арқылы өтелді деп шешілді. Меморандумдар бар тапшылық ауданы бойынша тапшылық бар елді мекендерде ғана жасалатын болады.
Жарқайың тынысы газетінің редакторы, Б.Айтпаева.
Шекара әскерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Шекара әскерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, Қостанай облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі департаментінің техникалық және кәсіби мамандарды даярлау бөлімінің бастығы, полковник, Шухрат Курбановқа алғыс хат табыс етті.
Салтанатты шара шағын концертпен аяқталды.
Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.