Хабарландырулар
Ақпараттық хабарлама
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 8 желтоқсан "Ақмола облысы №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жарқайың аудандық мәслихатының шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауын тағайындау туралы" № 19/76 қаулысының негізінде 2024 жылғы 11 қазан тағайындалған "Жарқайың тынысы" газетінің редакциясы баспа қызметін ұсынады. №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жарқайың аудандық мәслихатының шығып қалған мәслихат депутатының орнына
сайлау алдындағы үгіттің алаңы.
№7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жарқайың аудандық мәслихатының шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау тіркеу аяқталған сәттен басталады: 2024 жылғы 14 қарашадан бастап.
Азаматқа бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет алу бойынша жәрдем көрсетілді
«1414» бірыңғай байланыс орталығында «уәкілетті органға өтініш беру» батырмасы бар. Онда азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша пікір, шағым, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жөнінде ұсыныс енгізе алады.
Осылайша, Департаментке мемлекеттік қызмет алу кезінде техникалық ақауларға тап болған азамат жүгінді. Өтініш берушімен Департаменттің жауапты мамандары кері байланыс орнатып, тиісінше түсіндірме кеңес берді.
Нәтижесінде азамат сол күні «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алды.