г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

Ағымдағы 2022 жылдың 22 қыркүйегінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өткізілген онкүндіктің жабылуына арналған салтанатты іс-шара өткізілген еді.

Салтанатты іс-шараның қатысушыларын аудан әкімі Жанболат Хамитов құттықтап, зор денсаулық, еңбекте мол табыс, отбасыларына амандық тіледі.

Мерекелік іс-шара барысында аудан әкімі Ж.Хамитов Марокконың Марракеш қаласында мүгедектігі бар тұлғалар арасында жеңіл атлетикадан әлемдік серия кезеңіне қатысып жүлделі күміс және қола медальға ие болған спортшымыз және біздің жерлесіміз Әсем Жаңаділоваға және оның жаттықтырушысы Данияр Бектемісоқа, сонымен қатар, Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкекте гір спортынан өткен Әлем Чемпионатының жеңімпаз ұлдарымыз, үш бірдей жерлесіміз Аманқұл Әбуәліге, Ернұр Дәрменовқа, Қуаныш Нұрғожинге және олардың жаттықтырушысы Салтанат Халибекке ақшалай сертификаттарды табыс еттіп болашақта да жарқын белестерге жетуді тіледі.

Сонымен бірге, Жарқайың ауданының әкімі, Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай, онкүндік жоспар аясында өткізілген іс - шаралардың қорытындылары бойынша және мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқаны үшін бір қатар алғыс хаттарын табыс етті және де мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, мәртебесін өсіруде атқарып келе жатқан еселі еңбектері үшін Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасының алғыс хаттары табыс етілді.

Мерекелік іс-шара мәдениет үйінің қызметкерлерінің шағын концетртімен аяқталды.

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.

Среда, 28 сентября 2022 09:21

ХАБАРЛАМА

2022 жылғы 25 қыркүйекте Жарқайың ауданының Далабай ауылының әкімін Далабай сайлау округі бойынша сайлау өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының  2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жарқайың ауданының Далабай ауылы әкімі сайлауының қорытындылары туралы №490 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын анықтады:

Далабай сайлау округі

Далабай ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 194 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс бергені 113. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 1, «Барлығына қарсы» белгісі бар – 8.  

Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:

А.К.Арыстанбековке – 0; Жанат Х. – 30; Т.С.Старожиловаға – 0; А.А.Сүлейменовке – 29; С.К.Сұлтановқа– 45.

Далабай ауылының әкімі болып Сұлтанов Серік Кәдешұлы, 1973 жылы туған, Державин қаласының тұрғыны, зейнеткер сайланды, өзін-өзі ұсыну ретімен ұсынылған.

Жарқайың аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 27 қыркүйектегі шешімімен 2022 жылдың 25 қыркүйегінде сайланған Жарқайың ауданы Далабай ауылының әкімін тіркеді.                      

Жарқайың аудандық сайлау комиссиясы.

Среда, 28 сентября 2022 09:14

Ұстаз – ұлағатты есім

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы!

Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, Сіздерді «Ұстаздар күні» мерекесімен құттықтаймын! Отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!

Жарқайың ауданы білім бөлімінің басшысы Г. Нурпеисова.

Сiздердi кәсiби мереке — мұғалiмдер күнiмен шын жүректен құттықтаймын!

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» – демекші, ұстаздық мәртебелі мамандық десек жалған айтпаған боламыз. Себебі хан да, қарапайым адамда мұғалім мектебінен өтіп, өмірге жолдама алады.

Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу жолында ұстаздарға жүктелер жауапкершілік жоғары. Мектептердің оқу бағдарламасы жаңартылған мазмұнға көше бастады. Оқушылардың білім деңгейін көтеру үшін мұғалімге қойылар талап күшейді. Осының бәрі мұғалімдердің кәсіби тұрғыдан дамуына және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасайтынына сенімдімін.

Құрметті ұстаздар!

Алдағы уақытта да отан алдында атқарып отырған жауапты еңбектеріңіз ел көңілінен шығып, қойған мақсаттарыңызға қол жеткізуге сенімділік пен қайсарлық, төзімділік тілеймін. Біліммен баулып, биікке ұшыратын оқушыларыңыздың оқуда озат, өмірде патриот болуына тілектеспін!

Мәртебелеріңіз асқақтап, абыройларыңыз арта берсін! Отбасыларыңызға есендік, телегей табыс, зор денсаулық тілеймін!  Еліміздің ертеңі нұрлы, аспаны ашық болсын!

Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов.

Сіздерді Халықаралық Қарт адамдар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 

Сіздер сабырлық, қарапайымдылық қасиеттеріңізбен біздерді мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелеп келесіздер. Көргені көп, түйгені мол Сіздердің өмірлік тәжірбиелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыз біз үшін әрдайым орны бөлек екенін айтқым келеді. Себебі әрқайсыларыңыздың өмір соқпақтарыңыз еңбекпен өріліп, бейнетпен боялған.

Зейнеткерлер мен ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсету, үлкендерді құрметтеу-мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі.

Сіздердің экономикалық, қоғамдық, мәдени, рухани өмірге белсене араласуларыңызға қолайлы жағдай туғызылуда. Осы ретте, Жарқайың ауданында әлеуметтік жағынан аз қамтылған қарт адамдар, жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектер мүддесі, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету мәселелері басты назарда ұсталып келеді. Сіздердің барлықтарыңызға біздің есіктеріміз әрқашанда ашық, қажетті қолдау көрсетуге бар мүмкіндігімізді жасаймыз. Бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсаған аға ұрпақ өкілдеріне алғысымыз шексіз.

Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, көтеріңкі көңіл-күй, бейбітшілік пен ынтымақ, әрқашанда біздердің жаңымызда болуларыңызды тілеймін.

 Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А.Әлжанов.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Сіздердің тынымсыз, ерен еңбектеріңіздің арқасында еліміздегі әрбір азаматтың ұстанымы нығайып, қоғамның жоғары мәдениеті қалыптасты. Әсіресе, құқықтық жүйе құрудың басында тұрған, сол жолда бойларындағы бар білімі мен білігін аянбай жұмсаған, бай тәжірибелерін кейінгі жастарға үйретуден жалықпаған осы саланың ардагерлеріне шынайы алғысымды айтқым келеді.

Әділет саласының қызметкерлері алдағы уақытта да мемлекеттігімізді нығайту және өркендету, заңнамаларды жетілдіру, конституциялық құқықты қорғау мен жүзеге асыру, азаматтардың еркіндігі мен заңды мүдделерін қорғау жолында белсенді еңбек ететіндіктеріне зор сенімдемін.

Сіздердің жоғары кәсіби біліктіліктеріңізге шынайы риза бола отырып, алдағы уақытта мол табыс тілеймін. Әрдайым бойларыңыздағы ерік-жігерлеріңіз, қажыр-қайраттарыңыз мықты болып, өздеріңізге тапсырылған аса жауапты істерде жоғары жетістіктерге жете беріңіздер. Кәсіби мереке күні отбасының амандығын, тау-сылмас күш-қуат, болашаққа деген сенім және денсаулықтарыңыздың мол болуын тілеймін!

Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов.

Сiздердi кәсiби мерекелерiңiзбен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаздық ету елдегi ең жауапты мамандықтың бірі!

Себебi, Қазақстанның болашағы сiздердiң қолдарыңызда. Баланың болашағы, оқуда қандай жетiстiкке жететiнi, өмiрде қаншалықты табысты, iскер болатыны тiкелей тәлiмгерге байланысты.

“Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” дегендей өнегелi ұстаздан жақсы шәкiрт шығады.  «Адамның адалдығы- жақсы ұстаздан болады» - деген ұлы Абай бабамыз.

Баланың болашағы, олардың өмірлік жолы ұстаздар сіздерге байланысты.

Білгенін басқаға үйретіп, жақсылыққа жақын болуға шақырып, адамның жүрегіне нұр беретін - ол ұстаз.

Болашақта еліміздің қасиетті, ақылды азаматын, еліне еңбек еткен ер болуға тәрбиелейтін де ұстаз.

Қымбатты ұстаздар!

Сіздерге өскелең ұрпаққа сапалы білім беріп, мемлекеттің гүлдену жолындағы абыройлы қызметтеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін.

Сіздер еліміздің патриоттарын, дарынды, озат азаматтарды тәрбиелейді деген сенімдемін.

Сiздердi мерейлi мерекелерiңiзбен құттықтай отырып, денсаулық, iзгi махаббат пен мейiрiм, шыдамдылық пен шығармашылық табыстар тiлеймiн!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметпен, Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.

1 қазан күні қалыптасқан дәстүр бойынша бүкіл әлемде атап өтіледі. Сондықтан, осынау мерейлі мерекемен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер әлемге өрелі биікке ұмтылған іргелі ел ретінде танылған тәуелсіз мемлекетімізді нығайтуға ат салысып, ерен еңбектеріңізбен үлес қоса отырып елдегі салиқалы саясатқа қолдау көрсетіп келесіздер.  Аға ұрпақ өкілдерінің даналығы мен кемеңгерлігі әсіресе, жаңа заман жастарының тың бастамалары үшін айрықша маңызға ие.

Сіздер  сабырмен, түсіністікпен және сүйіспеншілікпен бізді қайырымдылық жасауға және еңбекқорлыққа, өз отбасына  және Отанға адалдыққа, лайықты өмір сүруге, үміттенуді ешқашан жоғалтпауға үйретесіздер. Біз Сіздердің жетістіктеріңізді  мақтан тұтамыз, біз сіздерден үлгі аламыз, Сіздердің белсенді азаматтық және өмірлік ұстанымдарыңызға  таң қалуға шаршамаймыз.

Еліміздің дамуы мен көркеюуіне Сіздердің қосқан үлестеріңіз ұшан теңіз.

Бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсаған аға ұрпақ өкілдерінің алдында бас иеміз.

Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, көтеріңкі көңіл-күй, бейбітшілік, ынтымақ пен береке, жақын туыстарыңыздың сый-құрметі мен қамқорлығын тілеймін.

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының Әділет органдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанның әділет қызметінің қалыптасуы мен даму тарихы ондаған жылдарға созылады.

Қазіргі уақытта, елімізде халықаралық стандарттардың талаптарына сай заңды негіз қаланып, әділет органдарының құзыры кеңейтілді, жаңа міндеттер қойылды, ашық рәсімдер негізінде әділет органдары қызметкерлерінің кәсіби корпусы қалыптасты.

Бұл кезеңде әділет органдарының негізгі даму мақсаттары: халықтың құқықтық институттары мен құқықтық көмекке деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету және заңгерлердің жаңа толқынын қалыптастыру болып табылады.

Құқықтық жүйенің жетілдірілуі халыққа көрсетілетін нотариалдық және басқа құқықтық қызметтердің заман талабына сай деңгейде жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сіздерге зор денсаулық, отбасына құт-береке, әділет жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін!

Құрметпен, Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалсын.
  2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
  4. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақытында жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін.
  5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                                Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 21 қыркүйек

№ 1019

Ақпарат дереккөзі: https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-respublikasy-prezidentinin-kezekten-tys-saylauyn-tagayyndau-turaly-218459

Страница 79 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…