Құрметті әділет саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлері күнімен құттықтаймын!
Сіздердің тынымсыз, ерен еңбектеріңіздің арқасында еліміздегі әрбір азаматтың ұстанымы нығайып, қоғамның жоғары мәдениеті қалыптасты. Әсіресе, құқықтық жүйе құрудың басында тұрған, сол жолда бойларындағы бар білімі мен білігін аянбай жұмсаған, бай тәжірибелерін кейінгі жастарға үйретуден жалықпаған осы саланың ардагерлеріне шынайы алғысымды айтқым келеді.
Әділет саласының қызметкерлері алдағы уақытта да мемлекеттігімізді нығайту және өркендету, заңнамаларды жетілдіру, конституциялық құқықты қорғау мен жүзеге асыру, азаматтардың еркіндігі мен заңды мүдделерін қорғау жолында белсенді еңбек ететіндіктеріне зор сенімдемін.
Сіздердің жоғары кәсіби біліктіліктеріңізге шынайы риза бола отырып, алдағы уақытта мол табыс тілеймін. Әрдайым бойларыңыздағы ерік-жігерлеріңіз, қажыр-қайраттарыңыз мықты болып, өздеріңізге тапсырылған аса жауапты істерде жоғары жетістіктерге жете беріңіздер. Кәсіби мереке күні отбасының амандығын, тау-сылмас күш-қуат, болашаққа деген сенім және денсаулықтарыңыздың мол болуын тілеймін!
Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов.