Құрметті аудан қариялары! Қадірлі ел қазыналары!
Сіздерді Халықаралық Қарт адамдар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер сабырлық, қарапайымдылық қасиеттеріңізбен біздерді мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелеп келесіздер. Көргені көп, түйгені мол Сіздердің өмірлік тәжірбиелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыз біз үшін әрдайым орны бөлек екенін айтқым келеді. Себебі әрқайсыларыңыздың өмір соқпақтарыңыз еңбекпен өріліп, бейнетпен боялған.
Зейнеткерлер мен ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсету, үлкендерді құрметтеу-мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі.
Сіздердің экономикалық, қоғамдық, мәдени, рухани өмірге белсене араласуларыңызға қолайлы жағдай туғызылуда. Осы ретте, Жарқайың ауданында әлеуметтік жағынан аз қамтылған қарт адамдар, жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектер мүддесі, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету мәселелері басты назарда ұсталып келеді. Сіздердің барлықтарыңызға біздің есіктеріміз әрқашанда ашық, қажетті қолдау көрсетуге бар мүмкіндігімізді жасаймыз. Бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсаған аға ұрпақ өкілдеріне алғысымыз шексіз.
Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, көтеріңкі көңіл-күй, бейбітшілік пен ынтымақ, әрқашанда біздердің жаңымызда болуларыңызды тілеймін.
Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А.Әлжанов.