г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

В соответствии с пунктом 3-1 статьи 41 Конституции Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЮ:    

 

1. Назначить внеочередные выборы Президента Республики Казахстан на 20 ноября 2022 года.

 

2. Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан обеспечить организацию и проведение внеочередных президентских выборов.

 

3. Правительству Республики Казахстан принять необходимые меры по организационному, материально-техническому и финансовому обеспечению внеочередных президентских выборов.

 

4. Акимам городов Астаны, Алматы, Шымкента и областей обеспечить своевременное составление и достоверность списков граждан, обладающих избирательным правом, оказывать всемерное содействие Центральной, территориальным и участковым избирательным комиссиям в решении вопросов организации и проведения внеочередных президентских выборов.

 

5. Настоящий Указ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

 

 

 

Президент

 

Республики Казахстан К.Токаев

 

 

 

 

 

Астана, Акорда, 21 сентября 2022 года

 

№ 1019

Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 

1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалсын.

 

2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.

 

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

 

4. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақытында жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін.

 

5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

 

Президенті Қ.Тоқаев

 

 

 

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 21 қыркүйек

 

№ 1019

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өтеулі негізде әскери оқытылған резерв бағдарламасы бойынша азаматтарды даярлауды жүргізеді. 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Дайындықтың бұл түрі дәстүрлі жедел қызметке балама болып табылады және Қорғаныс министрлігінің "әскери-техникалық мектеп" республикалық қазыналық кәсіпорны филиалының базасында өткізіледі.

Оқудың бір айы ішінде азаматтар теориялық даярлықтан басқа, Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінің тирлері мен полигондарында практикалық жаттығулардан өтеді, әскери қызметшілердің қару-жарағымен, жауынгерлік техникасымен, өмірімен және тұрмысымен танысады. Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша өтеулі негізде әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді даярлау 2022 жылғы 23 қыркүйектен бастап 20 желтоқсанға дейінгі кезеңде жүргізіледі

Оқу нәтижесі бітіру емтихандары, біліктілік беру және әскери ант беру болып табылады.   Өтеулі негізде әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификаттар негізінде білім алушылар әскери билеттер алады және запастағы әскери міндеттілердің есебіне тұрады. Азаматтар өздерінің оқуы үшін төлейтін ақы олар үшін әскери киімнің толық жиынтығын сатып алуға, оларды тамақтандыруды ұйымдастыруға жұмсалады.

Әскери істі үйреніп, Отанды қорғауға дайын болғысы келетіндер көп, сонымен қатар олар атыс қаруын үйренуге және қолдануға мүдделі. Мектепте әскерге шақырылушылар болашақ атқыш, гранатаатқыш және пулеметші әскери мамандықтарымен танысады. Филиалдарда оқитындардың негізгі құрамы жоғары және арнайы орта білімді.

Барлық сұрақтар бойынша қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімге хабарласуға болады

Ақмола облысының Есіл және Жарқайың аудандарының: Есіл қаласы, Гагарин көшесі, 5: 8(71647)21-2-43, 8(71647)22-4-60.

Ақмола облысы Есіл және Жарқайың аудандарының қорғаныс істері

жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы подполковник А. Джунусов.

«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандарты.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:

  1. Баланың тууын тіркеу;

2.Туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.

Қызмет берушінің атауы- Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары) Мемлекеттік корпорация арқылы:

  • Баланың тууын тіркеу;
  • Туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
  • Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері:
  • Баланың тууын тіркеу;
  • Туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
  • «электрондық үкіметтің» веб-порталы:
  • Баланың тууын тіркеу;
  • Туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
  • ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы:
  • Баланың тууын тіркеу.

Мемлекеттік қызметтік көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:

тууды тіркеу үшін-2 (екі) жұмыс күні;

  • әке болуды анықтау немесе ұл (қыз) асырап алу кезінде өзгерістер, толықтырулар енгізу - 1 (бір) жұмыс күні;
  • азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 5 (бес) жұмыс күні;
  • АХАЖ АЖ-де акт жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды);
  • портал арқылы берген кезде - өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі;

Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 (жиырма) минут.

Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20(жиырма) минут.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері . Тууды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі;

  1. Қазақстан Республикасы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 612-бабына сәйкес азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері

1) азаматтық хал актiлерiнің жазбаларын, әке болуды анықтауға және бала асырап алуға байланысты өзгерістер, толықтырулар енгізуді қоспағанда, өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтiруге байланысты куәлiктер бергенi үшiн – 0,5 АЕК;

2) шетел азаматтарының бала асырап алуы кезінде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізгені үшін немесе дербес деректерінің өзгеруіне байланысты тууды мемлекеттік тіркегені үшiн – 2 АЕК.

Азаматтық хал актiлерiн тiркеген кезде мыналар растайтын құжаттарын көрсеткен кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады:

  1. Салық кодексінің 618-бабына сәйкес азаматтық хал актiлерiн тiркеген кезде мыналар растайтын құжаттарын көрсеткен кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады: Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар

адамдар, сондай-ақ бала жасынан мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - туу туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берілгенi үшін;

2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты азаматтық хал актілерінің жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн;

3) жеке тұлғалар - ұл бала (қыз бала) асырап алуға және әкесін анықтауға байланысты туу туралы куәліктер қайтадан берілгені үшін.

 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Тууды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы Қағидаларға 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша туу туралы өтініш;

2) ата-анасының немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің жеке басты куәландыратын құжаты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

3) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігінің көшірмесі (акт Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген кезде және АХАЖ АЖ мәліметтер болмаған жағдайда);

4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;

Шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар қосымша:

- Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ұсынады;

- Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлға тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының белгісі бар азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін ұсынады;

- Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға азаматы болып табылатын елдің немесе азаматтығы жоқ тұлғаның тұрақты тұратын мемлекетінің құзыретті органдары берген оның жеке басын куәландыратын құжаты және олардың мәтінінің қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды түрде куәландырған аудармасын ұсынады.

Шетелдіктің, азаматтығы жоқ тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарының мәтіні аудармасының дұрыстығы шетел азаматы болып табылатын мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ тұлға тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саяси ведомствосында куәландырылуы мүмкін.

Бір жасқа толған және одан да асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке қосымша туу туралы медициналық куәлік (ол электрондық түрде болмаған жағдайда) қоса беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

Порталға жүгінген кезде:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш;

2) Қазақстан Республикасында тіркелген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;

3) ата-анасының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген, заңдастырылған немесе апостиль мөртабаны бар, орыс немесе мемлекеттік тілге нотариалды куәландырылған аудармасы бар неке (ерлі-зайыптылықты) қию немесе бұзу туралы куәліктердің сканерленген көшірмесі.

Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін (әке (ана) болуды анықтау, бала асырап алу кезінде өзгерістер, толықтырулар енгізуді қоспағанда) қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;;

2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) туу туралы куәлік, жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы көрсету және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген, заңдастырылған немесе апостиль мөртабаны бар, нотариалды куәландырылған орыс немесе мемлекеттік тілге аудармасы бар, туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері;

5) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (ҚР аумағында тіркелген азаматтық хал актілері туралы мәліметтер, өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу туралы, заңды фактіні және т. б. анықтау туралы сот шешімі жөнінде мәліметтер);

6) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжат (оны төлеу қажет болған жағдайда);

7) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы Қағидаларға 8, 9, 10, 12, 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әке (ана) болуды анықтау туралы, өзін баланың әкесі деп танитын адамның өтініші бойынша әке (ана) болуды анықтау туралы, сот шешімі бойынша әке (ана) болуды анықтау туралы, бала асырап алу туралы, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш (бала асырап алу туралы););

2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) туу туралы куәлік, жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы көрсету және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;

4) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (бала асырап алу, әке болуды анықтау туралы сот шешімі туралы мәліметтер; бала асырап алудың күшін жою немесе жарамсыз деп тану туралы сот шешімі туралы мәліметтер; әке болуды анықтау кезінде әкесінің өтінішінде көрсетілген негіздемеге байланысты анасының болмау мән-жайын растайтын құжаттар: анасының қайтыс болуы туралы азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасының аумағында); анасын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп жариялау туралы, анасын ата-ана құқықтарынан айыру не шектеу туралы сот шешімі туралы мәліметтер; анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін еместігі туралы анықтама, өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу туралы, заңды фактіні және т. б. анықтау туралы сот шешімі жөнінде мәліметтер);

5) туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген, заңдастырылған немесе апостиль мөртабаны бар, орыс немесе мемлекеттік тілге нотариалды куәландырылған аудармасы бар азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері;

6) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжат (оны төлеу қажет болған жағдайда);

7) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.

Бала туғанға дейін әке болуды анықтау туралы өтініш берілген жағдайда-медициналық ұйым немесе жеке практикамен айналысатын дәрігер берген анасының жүктілігін растайтын медициналық анықтама.

Егер әке болуды анықтау тууды мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүргізілсе, баланың туу туралы куәлігі талап етілмейді.

Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

Туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін порталға жүгінген кезде:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған немесе үялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш;

2) ҚР-да тіркелген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;

3) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (бала асырап алу, әке болуды анықтау туралы сот шешімі туралы мәліметтер; бала асырап алудың күшін жою немесе жарамсыз деп тану туралы сот шешімі туралы мәліметтер; әке болуды анықтау кезінде әкесінің өтінішінде көрсетілген негіздемеге байланысты анасының болмау мән-жайын растайтын құжаттар: анасының қайтыс болуы туралы азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасының аумағында); әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп жариялау туралы, анасын ата-ана құқықтарынан айыру не шектеу туралы сот шешімі туралы мәліметтер; анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін еместігі туралы анықтама, өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу туралы заңды фактіні және т. б. анықтау туралы сот шешімі жөнінде мәліметтер);

4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген, заңдастырылған немесе апостиль мөртабаны бар, нотариалды куәландырылған орыс немесе мемлекеттік тілге аудармасы бар, туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің сканерленген көшірмелері;

5) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;

6) туу туралы куәлік (көрсетілетін қызметті алушыға туу туралы жаңа куәлікті алған кезде ұсынылады), жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсету қажет.

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары:

Порталдағы «жеке кабинеттен» ұсынылған мәліметтер сұралатын тұлғаның, сондай-ақ порталда тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен келіскен жағдайда үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.

Мемлекеттік қызмет – тууды тіркеу бөлігінде проактивті түрде көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша тууды мемлекеттік тіркеу «Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау», «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою» және «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметтерімен жиынтықта «бір өтініш» қағидасы бойынша көрсетіледі.».

Барлық сұрақтар және анықтамалар бойынша Державин қ. Школьный көшісі 24, мекен жайымызға хабарласыңыз

телефон 9-17-65.

«Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.

Среда, 21 сентября 2022 11:17

Жылыту маусымына дайындық

Күздің басы - бұл қысқа егін жинау және егін жинау маусымы ғана емес, сонымен қатар жеке үйде шағын жөндеу, диагностикалық және профилактикалық жұмыстар, жылу маусымына дайындық үшін тамаша уақыт.

Суық ауа-райының жақындауымен көптеген пәтерлер мен жеке үйлердің иелері ескі жылу радиаторларын заманауи радиаторларға ауыстыру туралы ойлайды, олар максималды жылу беруді қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар интерьерге жақсы сәйкес келеді. Сенімділік пен ұзақ мерзімділік маңызды параметрлер болып табылады.

Жылыту маусымына дайындық бойынша ұсыныстар:

-жылыту маусымы басталар алдында пештерге, жылу генераторлық және калориферлік қондырғылардың қазандықтарына, сондай-ақ басқа да жылыту құралдары мен жүйелеріне тексеру және жөндеу жүргізу қажет;

- пештер мен басқа да жылыту аспаптарын жанғыш құрылымдардан, от жағу алдында көлемі кемінде 0,5 х 0,7 метр жанбайтын материалдан жасалған, сондай-ақ бөлімдерде және от жағу алдында күйген және зақымданған жағдайда өртке қарсы бөлгіштерсіз пайдалануға тыйым салынады.

– жылыту маусымы басталар алдында, сондай-ақ жылыту маусымы ағымында жылыту пештері үшін 3 айда кемінде 1 рет түтін мұржалары мен пештерді күйеден тазартуды қамтамасыз ету.

Пешпен жылытуды пайдалану кезінде тыйым салынады:

- жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды балаларға тапсыруға ;

- отынды, басқа да жанғышзаттар мен материалдарды пеш алдына орналастыру;

- пештерді жағу үшін бензин, керосин, дизель отынын және басқа да тез тұтанатын және  жанғыш заттарды қолдануға;;

- отынның осы түрлеріне арналмаған пештерді көмірмен, кокспен және газбен жағуға;

- желдету және газ арналарын мұржалар ретінде пайдалану5а;

- үй-жайларда көпшілік іс-шаралар өткізу кезінде пеш жағуды жүргізуге;

- пешті қатты жағуға болмайды.

Жылыту маусымына дайындық бойынша ұсыныстар ондаған іс-шараларды қамтиды:

- сыртқы қабырғалардағы, цокольдардағы, шатыр жабындыларындағы, шатырлардағы және олардың бір-бірімен түйіскен жерлеріндегі, терезелердегі немесе есіктердегі жарықтар мен тесіктерді жою;

- сылақ жабынын, шатырды және т. б. қалпына келтіру.;

- техникалық үй-жайларды ретке келтіру;

- терезе және есік толтыруларының, жапқыштар мен сылақтардың тұтастығын тексеру;

- орталық жылыту пештері мен пештердің сынақ оттықтарын жүргізу;

- жертөлеге, терезе ойықтарына түсетін атмосфералық және еріген суларды бұруды қамтамасыз ету;

- іргетастарды, жертөле қабырғалары мен жертөлелерді гидрооқшаулау сапасын тексеру;

- жылыту пештері мен газ жылытқыштары бар қондырғылардың, түтіндіктердің, газ өткізгіштердің, ішкі жылу, су және электрмен жабдықтау жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігін тексеру.

Державин қаласы № 12 –ӨСБ қараулдың бастығы

азаматты  қорғау лейтенанты А.М.Айжанов.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға бағытталған мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. Мемлекеттік қызметтер адам өмірінің барлық саласын және бүкіл кезеңін қамтиды. Туған сәттен бастап адам өмір бойы мемлекетпен Мемлекеттік қызметтерді алу арқылы өзара әрекеттеседі. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру-бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметіне азаматтардың сенімін арттырудың маңызды аспектісі. Соңғы бірнеше жылда мемлекеттік қызмет көрсету саласында үлкен өзгерістер болды, арнайы ережелер мен стандарттар әзірленіп, бекітілді.

«Державинск қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы" МКҚК» балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтерді сапалы және қолжетімді көрсету мақсатында «Державинск қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК – да мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын орындауға жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрық шығарылады. Ай сайын аудандық білім бөліміне көрсетілетін қызметтердің саны мен сапасы бойынша есеп ұсынылады. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша барлық қажетті құжаттар бар. Біздің орталықта көрнекі ақпараты бар стенд бар (стандарттар, көрсетілетін қызметтер тізімі, өтініш үлгілері, шағымдар журналы). «Мемлекеттік қызмет көрсету» мемлекеттік және орыс тілдерінде, онда ақпарат өзгерістер мен толықтыруларға қарай жаңартылады. Сондай-ақ, «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» және «Egov mobile»  едендік сөресі бар, бұл ата-аналарға онлайн-қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған шақырту түймесі бар пандус бар. Құжаттарды қабылдау қағаз форматта жүзеге асырылады. Барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтер белгіленген мерзімде уақтылы орындалады және тегін негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мерзімі бұзылған шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді алу туралы барлық қызықтыратын сұрақтарыңызға Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Державинск қ., Ниязбаев к-сі, 50 мекенжайы бойынша жауап ала аласыздар, Телефон 8 (71648) 9-17-01

Директордың м.а. Б.Ж.Исаева.

Іссапар бағдарламасы бойынша Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының басшысы Мансия Есекеева және Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Шонов Н.Крупский атындағы орта мектебінің акт залында аудандық мектеп оқушыларымен және белсенді жастарымен кездесу өткізді. Шара барысында Бағдат Шоновтың сәлемдеме сөзінен кейін Мансия Есекеева Ақмола облысы бойынша іске асып жатқан жастар саясаты жөнінде ақпарат берді, қатысушылар белсенділік танытып қойған сұрақтарына тиісті жауаптарын алды. Кездесу сонында Жарқайың ауданының белсенділері Ерлан Бимендин, Павел Стефанюк, Жанболат Тулекбаев, Ернар Байсеит және облыстық бейнероликтер байқауының жүлдегерлері Бейсен отбасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының жетекшісі Мансия Есекееваның атынан алғыс хатмен марапатталды. Естерінізге сала кетсек 12-14 қыркүйек аралығында Ақмола облысы Жастар-ресурстық орталығы Отбасы күніне орай, жас отбасылар арасында облыстық "БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯ!" онлайн байқауын өткізген болатын. Жарқайың ауданынан қатысқан Бейсен отбасы байқау нәтижесінде екінші орынға ие болды.
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы ішінен құрылған жастарды ақпараттық- түсіндіру тобының Жарқайың ауданының жастарымен кездесуі аудандық мәдениет үйінің концерттік залыңда жалғасын тапты. Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының NEET категориясы және жастармен жұмыс бөлімінің социолог-психологы Сайран Қали мектеп оқушыларымен және белсенді жастармен психологиялық тренинг өткізді. Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының «Фронт-офис, волонтерлерді қолдау орталығы» бөлімінің маманы Дидар Хамзи жиналған жастар арасында интелектуалды ойын өткізіп, жеңіске жеткен топты Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының естелік сыйлықтарымен марапаттады.

Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының басшысы Мансия Есекеева және Жарқайың ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы Шынболат Карин ЖШС «Алтын дән КЗ» басшысы Дархан Айсинмен кесдесу өткізді. Кәсіпорындағы жастарға көрсетілетін жағдаймен таныстырылған Мансия Есекеева жас жұмыскерлермен сұхбаттасты.

Жарқайың ауданының жастар ресурстық орталығы.

Іссапар бағдарламасы бойынша Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының басшысы Мансия Есекеева және Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Шонов Н.Крупский атындағы орта мектебінің акт залында аудандық мектеп оқушыларымен және белсенді жастарымен кездесу өткізді. Шара барысында Бағдат Шоновтың сәлемдеме сөзінен кейін Мансия Есекеева Ақмола облысы бойынша іске асып жатқан жастар саясаты жөнінде ақпарат берді, қатысушылар белсенділік танытып қойған сұрақтарына тиісті жауаптарын алды. Кездесу сонында Жарқайың ауданының белсенділері Ерлан Бимендин, Павел Стефанюк, Жанболат Тулекбаев, Ернар Байсеит және облыстық бейнероликтер байқауының жүлдегерлері Бейсен отбасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының жетекшісі Мансия Есекееваның атынан алғыс хатмен марапатталды. Естерінізге сала кетсек 12-14 қыркүйек аралығында Ақмола облысы Жастар-ресурстық орталығы Отбасы күніне орай, жас отбасылар арасында облыстық "БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯ!" онлайн байқауын өткізген болатын. Жарқайың ауданынан қатысқан Бейсен отбасы байқау нәтижесінде екінші орынға ие болды.
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы ішінен құрылған жастарды ақпараттық- түсіндіру тобының Жарқайың ауданының жастарымен кездесуі аудандық мәдениет үйінің концерттік залыңда жалғасын тапты. Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының NEET категориясы және жастармен жұмыс бөлімінің социолог-психологы Сайран Қали мектеп оқушыларымен және белсенді жастармен психологиялық тренинг өткізді. Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының «Фронт-офис, волонтерлерді қолдау орталығы» бөлімінің маманы Дидар Хамзи жиналған жастар арасында интелектуалды ойын өткізіп, жеңіске жеткен топты Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының естелік сыйлықтарымен марапаттады.

Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының басшысы Мансия Есекеева және Жарқайың ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы Шынболат Карин ЖШС «Алтын дән КЗ» басшысы Дархан Айсинмен кесдесу өткізді. Кәсіпорындағы жастарға көрсетілетін жағдаймен таныстырылған Мансия Есекеева жас жұмыскерлермен сұхбаттасты.

Жарқайың ауданының жастар ресурстық орталығы.

Среда, 21 сентября 2022 11:10

Кезекті медаль

2022 жылдың 20 қыркүйегінде Марокконың Марракеш қаласында, мүгедектігі бар тұлғалар арасында жеңіл атлетикадан әлемдік серия кезеңіне қатысқан Әсем Жанәділова мен оның жеке жаттықтырушысы Данияр Бектемісовті қарсы алу іс-шарасы өтті.

Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Шонов спортшыларды жоғары нәтижелерімен құттықтап, табыс және жарқын жеңістер тілеп, Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовтың алғыс хаттарын табыс етті.

Сондай-ақ, Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Есекеева, Жарқайың БЖСМ директоры Айгүл Әлжанова, Жарқайың ауданы әкімінің мүгедектігі бар тұлғалар мәселесі жөніндегі кеңесшісі Әділ Нұрбеков құттықтау сөз сөйледі.

Естеріңізге сала кетейік, біздің жерлестеріміз 40-тан астам елдің спортшыларының қатысуымен Марокконың Марракеш қаласында өткен мүгедектігі бар тұлғалар арасындағы жеңіл атлетикадан әлемдік серияның кезеңіне қатысты. Әсем Жанәділова аталған жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, күміс пен қола жеңіп алды.

Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде сағат 16.00-де Қазақстанның барлық қалаларында - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қараганды, Өскемен, Петропавл, Орал, Қызылорда, Көкшетау, Ақтобе, Атырау, Ақтау, Тараз, Қостана, Павлодар, Балхаш, Семей, Қонаев қалаларында, сонымен қатар, Державин қаласының Мәдениет үйінде "Халық заңгері" республикалық әлеуметтік акциясы аясында, азаматтарды қабылдау өткізілді.

Акцияға қатысушылар арасында Жарқайың ауданы әкімдігінің ұйым басшылары, полиция бөлімі бастығының орынбасары, көші-қон полиция қызметінің инспеткоры мен прокуратура өкілдері қатысты.

Бұл акцияның өту барысында Жарқайың ауданының тұрғындары тұрғын үй-коммуналдық саласы, халықты жұмыспен қамту, жер мәселелері, көші-қон, келе жатқан қыс мезгіліне орай қала қазандықтарының дайындығы туралы және т.б. сұрақтары бойынша жүгініп өзіне қажетті сұрақтар қойып қатысушылардан тиісті жауап алды. Сонымен қатар, аудан тұрғындарының сұрақтарына тиісті кеңестер мен ұсыныстар берілді.

Ұйымдастырушылар болып ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі, ZAN.KZ желілік басылымы және «Параграф» ақпараттық жүйесі шықты.

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.

Страница 80 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…