Өтеулі негізде әскери оқытылған резерв бағдарламасы бойынша азаматтарды даярлау
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өтеулі негізде әскери оқытылған резерв бағдарламасы бойынша азаматтарды даярлауды жүргізеді. 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Дайындықтың бұл түрі дәстүрлі жедел қызметке балама болып табылады және Қорғаныс министрлігінің "әскери-техникалық мектеп" республикалық қазыналық кәсіпорны филиалының базасында өткізіледі.
Оқудың бір айы ішінде азаматтар теориялық даярлықтан басқа, Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінің тирлері мен полигондарында практикалық жаттығулардан өтеді, әскери қызметшілердің қару-жарағымен, жауынгерлік техникасымен, өмірімен және тұрмысымен танысады. Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша өтеулі негізде әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді даярлау 2022 жылғы 23 қыркүйектен бастап 20 желтоқсанға дейінгі кезеңде жүргізіледі
Оқу нәтижесі бітіру емтихандары, біліктілік беру және әскери ант беру болып табылады. Өтеулі негізде әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификаттар негізінде білім алушылар әскери билеттер алады және запастағы әскери міндеттілердің есебіне тұрады. Азаматтар өздерінің оқуы үшін төлейтін ақы олар үшін әскери киімнің толық жиынтығын сатып алуға, оларды тамақтандыруды ұйымдастыруға жұмсалады.
Әскери істі үйреніп, Отанды қорғауға дайын болғысы келетіндер көп, сонымен қатар олар атыс қаруын үйренуге және қолдануға мүдделі. Мектепте әскерге шақырылушылар болашақ атқыш, гранатаатқыш және пулеметші әскери мамандықтарымен танысады. Филиалдарда оқитындардың негізгі құрамы жоғары және арнайы орта білімді.
Барлық сұрақтар бойынша қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімге хабарласуға болады
Ақмола облысының Есіл және Жарқайың аудандарының: Есіл қаласы, Гагарин көшесі, 5: 8(71647)21-2-43, 8(71647)22-4-60.
Ақмола облысы Есіл және Жарқайың аудандарының қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы подполковник А. Джунусов.