Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы ішінен құрылған жастарды ақпараттық - түсіндіру тобының өңір аралық іссапарымен Жарқайың ауданында болып қайтты
Іссапар бағдарламасы бойынша Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының басшысы Мансия Есекеева және Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Шонов Н.Крупский атындағы орта мектебінің акт залында аудандық мектеп оқушыларымен және белсенді жастарымен кездесу өткізді. Шара барысында Бағдат Шоновтың сәлемдеме сөзінен кейін Мансия Есекеева Ақмола облысы бойынша іске асып жатқан жастар саясаты жөнінде ақпарат берді, қатысушылар белсенділік танытып қойған сұрақтарына тиісті жауаптарын алды. Кездесу сонында Жарқайың ауданының белсенділері Ерлан Бимендин, Павел Стефанюк, Жанболат Тулекбаев, Ернар Байсеит және облыстық бейнероликтер байқауының жүлдегерлері Бейсен отбасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының жетекшісі Мансия Есекееваның атынан алғыс хатмен марапатталды. Естерінізге сала кетсек 12-14 қыркүйек аралығында Ақмола облысы Жастар-ресурстық орталығы Отбасы күніне орай, жас отбасылар арасында облыстық "БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯ!" онлайн байқауын өткізген болатын. Жарқайың ауданынан қатысқан Бейсен отбасы байқау нәтижесінде екінші орынға ие болды.
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы ішінен құрылған жастарды ақпараттық- түсіндіру тобының Жарқайың ауданының жастарымен кездесуі аудандық мәдениет үйінің концерттік залыңда жалғасын тапты. Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының NEET категориясы және жастармен жұмыс бөлімінің социолог-психологы Сайран Қали мектеп оқушыларымен және белсенді жастармен психологиялық тренинг өткізді. Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының «Фронт-офис, волонтерлерді қолдау орталығы» бөлімінің маманы Дидар Хамзи жиналған жастар арасында интелектуалды ойын өткізіп, жеңіске жеткен топты Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының естелік сыйлықтарымен марапаттады.
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының басшысы Мансия Есекеева және Жарқайың ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы Шынболат Карин ЖШС «Алтын дән КЗ» басшысы Дархан Айсинмен кесдесу өткізді. Кәсіпорындағы жастарға көрсетілетін жағдаймен таныстырылған Мансия Есекеева жас жұмыскерлермен сұхбаттасты.
Жарқайың ауданының жастар ресурстық орталығы.