
zharkain
Президент сайлауы: Қоғамдық сауалнама жүргізуге 2 ұйым өтініш берді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Алда өтетін президент сайлауында қоғамдық сауалнама жүргізетін 2 ұйым Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«7 қазанда Орталық сайлау комиссиясына қоғамдық сауалнама жүргізу үшін «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты) мен «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесінен өтініш түсті», - делінген ҚР ОСК хабарламасында.
Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауалнама жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауалнама жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Сондай-ақ қоғамдық пікірге сауал жүргізу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні интернет желісінде жариялауға жол берілмейтіні хабарланды.
https://www.inform.kz/kz/prezident-saylauy-kogamdyk-saualnama-zhurgizuge-2-uyym-otinish-berdi_a3987862
Для меня большая честь баллотироваться в качестве общего кандидата - Касым-Жомарт Токаев
АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Мы вступили в новую политическую эпоху. Об этом заявил Президент РК Касым-Жомарт Токаев на Форуме народной коалиции по поддержке его кандидатуры на выборах, передает корреспондент МИА «Казинформ».
«Мы вступили в новую политическую эпоху. 20 ноября состоятся внеочередные президентские выборы. Это очень важная кампания, которая определит курс нашего дальнейшего развития», - сказал Касым-Жомарт Токаев.
Глава государства отметил, что различные общественные организации предложили выдвинуть его кандидатуру на этих выборах.
«Как я говорил ранее, Глава государства не должен отдавать приоритет ни одной партии, должен быть политически нейтральным. Никогда не отступал от этой позиции. Для меня большая честь и ответственность – баллотироваться на президентских выборах в качестве общего кандидата, выдвинутого всеми вами. Благодарю всех за доверие. Очень важно, что в состав коалиции вошли ведущие политические партии, общественные организации и движения. Таким образом, коалиция охватывает все социальные слои», - добавил Касым-Жомарт Токаев.
Ранее сообщалось, что Форум народной коалиции в поддержку Касым-Жомарта Токаева проходит в столице.
Председатель партии AMANAT Ерлан Кошанов заявил о создании народной коалиции по поддержке Касым-Жомарта Токаева на внеочередных выборах Президента РК.
«Как вы знаете, помимо нас, ряд партий и политических объединений выдвигают на пост Президента кандидатуру Главы государства Касым-Жомарта Кемелевича Токаева. В этой связи мы договорились совместно с политическими организациями о создании народной коалиции по поддержке Касым-Жомарта Кемелевича Токаева», - сказал Ерлан Кошанов на внеочередном XXIV съезде партии AMANAT.
https://www.inform.kz/ru/dlya-menya-bol-shaya-chest-ballotirovat-sya-v-kachestve-obschego-kandidata-kasym-zhomart-tokaev_a3987616
Казахстан стоит на пороге масштабных, перемен – Ерлан Кошанов
АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Казахстан находится на пороге масштабных, политико-социальных изменений. Об этом заявил председатель Мажилиса Парламента РК и партии AMANAT Ерлан Кошанов, передает корреспондент МИА «Казинформ».
«Несмотря на непростой момент, кардинальные реформы, предпринятые Главой государства в кратчайшие сроки, принесли свои плоды. Модель политического, государственного управления в стране вышла на новое качество. Главное, что во всех сферах сформировались принципы справедливости, равенства, утвердилось потенциальное гражданское общество. Это начало новой эры», - сказал Ерлан Кошанов на Форуме народной коалиции по поддержке кандидатуры Касым-Жомарта Токаева.
Председатель Мажилиса отметил, что в обществе царит свобода мнений, демократия.
«Основной целью проводимой работы является последовательное осуществление политических, экономических, социальных реформ, создание Справедливого Казахстана. В этой связи президентские выборы 20 ноября текущего года являются важнейшим событием в политической истории Казахстана. Глава государства Касым-Жомарт Токаев предварительно обнародовал график внеочередных президентских выборов, выборов в Мажилис Парламента и маслихаты. Это беспрецедентный в истории страны демократический шаг, символ новой политической культуры. Выборы будут проводиться на основе новых конституционных изменений. Предстоящие выборы представляют особый интерес для политических сил внутри страны, международного сообщества. С самого начала президентских выборов крупнейшие политические партии, общественные организации страны созвали свои собрания и начали свои действия по выборам», - сказал он.
Ранее председатель партии AMANAT Ерлан Кошанов заявил о создании народной коалиции по поддержке Касым-Жомарта Токаева на внеочередных выборах Президента РК.
«Как вы знаете, помимо нас, ряд партий и политических объединений выдвигают на пост Президента кандидатуру Главы государства Касым-Жомарта Кемелевича Токаева. В этой связи мы договорились совместно с политическими организациями о создании народной коалиции по поддержке Касым-Жомарта Кемелевича Токаева», - сказал Ерлан Кошанов на внеочередном XXIV съезде партии AMANAT.
https://www.inform.kz/ru/kazahstan-stoit-na-poroge-masshtabnyh-peremen-erlan-koshanov_a3987603
Қолдаушылар форумы: Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне сенім артқандарға ризашылығын білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының қатысуымен қолдаушылар форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Жиында халықтық коалиция Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ұсынды.
Форумда еліміздегі түрлі саяси партиялар мен республикалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері алдағы президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады.
Мемлекет басшысы форумда сөз сөйлеп, өзіне сенім артқаны үшін шараға қатысушыларға ризашылығын білдірді.
Форумға AMANAT, «Ақ жол», Қазақстан Халық партиясы секілді саяси партиялардың және 30-дан астам республикалық қоғамдық ұйымның атынан екі мыңнан астам өкіл қатысты.
https://www.inform.kz/kz/koldaushylar-forumy-kasym-zhomart-tokaev-ozine-senim-artkandarga-rizashylygyn-bildirdi_a3987677
Выборы пройдут открыто, честно и справедливо - Касым-Жомарт Токаев
АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев заявил, что предстоящие выборы пройдут открыто, честно и справедливо, передает корреспондент МИА «Казинформ».
«Устойчивый прогресс немыслим без опоры на традиции и ценности. Как наследники уникальной цивилизации Великой степи, мы должны воспользоваться своим историческим шансом, чтобы построить страну равных возможностей и социальной справедливости, другими словами, Справедливый Казахстан», - заявил Касым-Жомарт Токаев на Форуме народной коалиции, проходящем в столице.
«Уверен, эти выборы продемонстрируют зрелость, силу и единство нашей нации, покажут нашу решимость в достижении поставленных целей. Как действующий Глава государства, заявляю, что выборы пройдут открыто, честно и справедливо», - заявил Президент.
Ранее сообщалось, что Форум народной коалиции в поддержку Касым-Жомарта Токаева проходит в столице.
Председатель партии AMANAT Ерлан Кошанов заявил о создании народной коалиции по поддержке Касым-Жомарта Токаева на внеочередных выборах Президента РК.
«Как вы знаете, помимо нас, ряд партий и политических объединений выдвигают на пост Президента кандидатуру Главы государства Касым-Жомарта Кемелевича Токаева. В этой связи мы договорились совместно с политическими организациями о создании народной коалиции по поддержке Касым-Жомарта Кемелевича Токаева», - сказал Ерлан Кошанов на внеочередном XXIV съезде партии AMANAT.
https://www.inform.kz/ru/vybory-proydut-otkryto-chestno-i-spravedlivo-kasym-zhomart-tokaev_a3987636
Елді барлық сынақтан сүріндірмей алып шығатын нағыз көшбасшы қажет - Мәулен Әшімбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы бүгінгі халықтық коалицияның бірауыздан қабылдаған шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Кешелі бері еліміздегі ірі саяси күштер, республикалық қоғамдық бірлестіктер, ардагерлер мен жастар ұйымдары және басқа да ұжымдар алдағы президент сайлауына Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып жатыр. AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде де Мемлекет басшысын Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде ұсыну туралы шешім қабылданғаны белгілі.
Осыған орай, бүгін халықтық коалиция құрылып, оның құрамына енген барлық саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар бірауыздан Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасына қолдау білдірді. Бұл – мемлекеттілігіміз бен тәуелсіздігімізді нығайту жолында жасалған маңызды қадам. Өйткені, қазіргідей күрделі кезеңде бізге осындай ортақ пайым мен бекем бірлік ауадай қажет», - деп жазады Сенат төрағасы.
Мәулен Әшімбаев бүгін өткен қолдаушылар форумында Президенттің ел ынтымағына баса мән беріп, ұлтты ұйыстыратын жеті қағиданы айқындап бергеніне тоқталады.
«Бұл орайда, Мемлекет басшысы Тәуелсіздік, жеріміздің тұтастығы, мемлекеттік мүдде, рухани үндестік, заңдылық пен тәртіп, жасампаздық және достық пейіл мен мейірімділік біздің елдік жолындағы ең басты құндылықтарымыз екенін айрықша атап өтті», - дейді ол.
Кейінгі жылдарда Президент бастамасымен елімізде ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар табысты іске асырылып келе жатқанын жазған Сенат төрағасы саяси жүйеміздің айтарлықтай жаңғыртылғанына назар аударады.
Сондай-ақ, қазіргі таңда бүкіл әлеммен бірге Қазақстан да түрлі жаһандық сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын алға тартып, халықтық коалицияның ұсынысы ұтымды болғанын атап өтеді.
«Осындай алмағайып шақта бізге елді барлық сынақтан сүріндірмей алып шығатын нағыз көшбасшы қажет. Осы тұрғыдан келгенде, көпшіліктің Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауы халықтың Мемлекет басшысына деген сенімі екені сөзсіз. Сондықтан, халықтық коалицияның ұсынысы – еліміздің ертеңі үшін ең ұтымды шешім.
Алдағы сайлау халқымыздың береке-бірлігін арттырып, мемлекет дамуының жаңа кезеңіне жол ашады деп сенеміз», - деп түйіндейді Мәулен Әшімбаев.
Айта кетсек, бүгін елордада кезектен тыс Президент сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалицияның форумы өтті.
«Баршаңыз ұсынған ортақ кандидат ретінде президент сайлауына түсу – мен үшін зор мәртебе», - деді Президент аталған форумда.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада сайлауалды тұғырнамасын жария ететіндігін айтты.
https://www.inform.kz/kz/eldi-barlyk-synaktan-surindirmey-alyp-shygatyn-nagyz-koshbasshy-kazhet-maulen-ashimbaev_a3987745
Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада сайлауалды тұғырнамасын жариялайды
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада сайлауалды тұғырнамасын жария ететіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жақын арада мен сайлауалды тұғырнаманы ұсынамын, онда елді жан-жақты трансформациялау, азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі іс-шаралар көрініс табады. Менің нық сенімім бойынша, біздің мемлекет өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған теңгерімді, көп бағытты, сындарлы сыртқы саясатты жүзеге асыруы тиіс», - деді Мемлекет басшысы президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалицияның форумында.
Президент Қазақстан халықаралық қатынастардағы теңдік пен демократия қағидаттарын, халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысын ұдайы сақтауды жақтайтынын баса айтты.
«Қазақстан БҰҰ-ның әмбебап және баламасыз халықаралық ұйым ретіндегі беделін нығайту үшін белсенді күш-жігер жұмсайтын болады. Біз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, түркі мемлекеттері ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтасатын боламыз, сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің әлеуетін нығайтамыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
https://www.inform.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-zhakyn-arada-saylaualdy-tugyrnamasyn-zhariyalaydy_a3987627
Президент сайлауы: Мәслихат депутаттарының бірлестігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміз бойынша мәслихаттар депутаттарынан құралған республикалық қоғамдық бірлестік ҚР Президенті сайлауына өз кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін Астанада Қазақстан мәслихаттарының депутаттары бірлестігінің отырысы өтті.
Аталған жиынға еліміздің барлық өңірінен мәслихат депутаттары мен өкілдері қатысты.
Бірлестік мүшелері 20 қарашада өтетін ҚР Президенті сайлауына кандидат ретінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды.
«Қараша айында еліміз үшін маңызды науқан, Президент сайлауы өтеді. Қазір кандидаттарды ұсыну, тіркеу процесі жүріп жатыр. Қазақстанның алдағы 7 жыл ішінде дамуы сол сайлаудан кейін айқындалады. Біздің бірлестік ақылдаса келе, бірауыздан 20 қарашада өтетін ҚР Президенті сайлауына кандидат ретінде Қазақстан Республикасының қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынамыз. Қазір әлемдегі геосаяси ахуалды баршаңыз біліп отырсыздар. Осы орайда біз ел бірлігін сақтап, Мемлекет басшысы жүргізіп келген саясатты қолдап, жаңа Қазақстанды бірге құруымыз қажет», - деді Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Баһадүр Нарымбетов.
Оның айтуынша, аумалы-төкпелі заманда Мемлекет басшысының ел тұтастығы мен тәуелсіздігін сақтау қалуда тәжірибесі мол.
«Біздің бірлестік республика бойынша мәслихат депутаттарынан құрылған. Халықпен кездесу кезінде депутаттар алдында түрлі мәселелер көтеріледі. Осыған орай халықтың қалауы да Қасым-Жомарт Тоқаевқа түсіп отыр. Халық Президент ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты көргісі келеді», - дейді ол.
https://www.inform.kz/kz/prezident-saylauy-maslihat-deputattarynyn-birlestigi-kasym-zhomart-tokaevtyn-kandidaturasyn-usyndy_a3987065
Жиырма жылда үш президент сайлай аламыз – Алуа Жолдыбалина
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина Желмая жобасында президентті жеті жылға сайлаудың мәнісін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Конситуцияға енгізілген бірреттік жеті жылдық мерзім өзгертілмеуі керек. Төрт жылдан екі рет алсақ сегіз жыл шығады. Бір рет алсақ – жеті жыл. Францияның өзі президенттің қайта сайлану құқығын алып тастап, бір мерзімге ғана сайлауды талқылап жатыр. Израиль де солай. Бұл бір жағынан саяси элитаның жаңаруын тездетеді. Президент келген соң жеті жылда бағдарламасын жүзеге асырып, келесі президентке мүмкіндік береді. Жаңаруға мүмкіндік бар. Бес жылдан екі рет сайланса, он жылда бір ғана президент болады. Келер он жылда да солай. Ал жеті жылдан бір рет қана сайланса, жиырма жылда екі емес, үш президент болады, – деді Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина.
Ол бұл өзгеріс саяси элитаның жаңаруына, жас адамдардың мемлекеттік билікке келуіне жағдай жасауға мүмкіндік беретінін айта кетті.
Сол кезде бәсеке болады. Президентті бір рет жеті жылға сайлаймыз. Келесі президент келген кезде жастар саяси бәсеке барына, презиенттікее толыққанды өтуге мүмкіндігі бар екеніне көзі жетеді. Көп мемлекетте ұзақ мерзімді стратегия қабылдамайды. Ауқымды бағдарламаларды жүзеге асыруға жеті жыл жеткілікті. Жолдауда әлеуметтік бастамалар өте көп болды. Қазір қандай президент келмесін көздеген мақсаты адам капиталына байланысты болуы керек. Мемлекеттің байлығы, берері, бүкіл әлеуетін де, барлық күшін де көрсететін ол – адами капитал. Білім, денсаулық саласын, адамның өмір сүру әл-ауқатын көтеру керек, деді Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары.
Алуа Жолдыбалина 2019 жылы басталған саяси реформаларың логикасы осымен аяқталуы керек екенін айта кетті.
Биыл саяси институттарға қатысты толыққанды өзгерістер болып жатыр. Ауыл әкімдерін сайлап жатқанымызға екі жыл болды. Маслихат сайлауын өзгерттік. Мәжілісте Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланатын санатты алып тастадық. 30 пайызы – өзін ұсынатындар, ал 70 пайызы партия атынан сайлауға түседі. 2023 жылы аудан әкімдерін сайлауға көшеміз. Бүкіл реформалардың толыққанды нүктесі ретінде президенттік институтқа да өзгеріс енгізіп жатырмыз. Толыққанды жүйе жаңарып, жаңа мақсаттарды орындаймыз, – деді Алуа Жолдыбалина.
Ол Қазақстанға геосаяси жағдай да әсерін тигізетінін айтты.
Қазақстан бүкіл перимет бойынша шектеседі. Ресей мен Укриана, Қытайдағы Тайвань мәселесі, Қырғызстан мен Тәжікстан, Армения мен Әзербайжан арасындағы жайдай бар. Халықаралық деңгейдегі процестер үлкен қарқын алды. Әрі қарай атқаратын мақсат-міндеттеріміз өте көп. Жаңарған саяси институттармен жұмыс істеу керек. Соңғы жалпыхалықтық референдум сайлауына 70 пайыздан астам адам қатысты. Жақсы көрсеткіш. Азаматтар елдің тағдырына бей-жай қарамайды деген сөз. Адамдар неғұрлым саясатқа, қоғамдық саланың барлығына қатысса, жауапкершілік алса, соғұрлым өздері де елдің тағдырын шешеді, – деді Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина.
https://baq.kz/zhiyrma-zhylda-ush-prezident-saylay-alamyz-alua-zholdybalina-288775/
Қазақстан ардагерлер қауымдастығы президенттікке кандидатты ұсынды
Бұл туралы бүгін елордада өткен Қазақстан ардагерлер қауымдастығының отырысы барысында белгілі болды, деп мәлімдейді BAQ.KZ тілшісі.
Күн тәртібінде Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының жетекшілері қауымдастық атынан ел Президенттігіне кандидат ұсыну мәселесін талқыға салды.
Әлемдік аренада зор беделге ие ұлдар осы елді жаһан жұртшылығына сыйлы етті. Қазақстанның халықаралық күн тәртібінің үлкен мәселелерінде ұлттық мүддемізге сай ұстанымды үлгі етемін. Бүгінде біз тағы сынақ алдында тұрмыз. Мұнда қазақ мемлекетінің күш-қуаты, халықтың бірлігі сыналады. Осы шақта дауылдың аласапыранынан, хас жаулардың апатынан, алдағы 7 жыл бойы азат Қазақстанды аман болып өтетін көшбасшы қажет. Ардагерлеріміздің байқауынша, мұндай тұлға елімізде бар. Ардагерлер қауымдастығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасының президенттігіне ұсыну туралы шешім қабылдадық, - деп атап өтті Ардагерлер қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл.
Айтуынша, қауымдастық өкілдері Мемлекет басшысы әділетті Қазақстанды құру туралы идеясын жүзеге асыратындығына риясыз сенеді.
Алдағы сайлауда Қазақстан халқы ынтымақ пен бірлікті ту етіп, бір үйдің баласындай жұмыла қатысады деген үміттеміз, - деді қауымдастық басшысы.
https://baq.kz/qazaqstan-ardagerler-qauymdastygy-prezidenttikke-kandidatty-usyndy-288819/