
zharkain
Құрметті жарқайыңдықтар!
Сіздерді Дүниежүзілік нан күнімен құттықтаймын! Дүниежүзілік нан күні - бұл осы сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі және, әрине, адамның ең басты азық – түлік өнімі - нанға деген құрмет. Нан – тоқшылық пен берекенің, жақсылық пен баршылықтың нышаны. Барлық халықтарда нан ерекше құрметке ие және дастарханның мәні мен сәні. Халқымызда «Ас атасы — нан», «Құранды басып, нанды ал» деп керемет нақыл сөздер бар.
Дастарханның берекесі келтіретін нан үшін тер төгіп, оны өндіруге үлес қосып жүрген баршаңызға бүгінгі айтулы күн құтты болсын дегім келеді. Сіздің күнделікті құрметті еңбегіңіз үшін алғыс пен ризашылық сөздерін қабыл алыңыз! Елімізге амандық, халқымызға тыныштық тілеймін.
Жарқайың аудандық мәслихатының хатшысы А.Әлжанов.
Құрметті құтқарушылар!
Сіздерді, бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз - Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Егемен еліміздің тарихында өздеріңіз бастарыңызды бәйгеге тігіп атқарып жүрген адал қызметтеріңіздің алатын орны ерекше екені баршаға белгілі. Батырлық та, батылдық та, тапқырлық та, айлалы ақыл да Сіздердің бойларыңыздан табылады.
Құтқарушылардың жұмысы өз өміріне де қауіпті болып келеді. Дегенмен, олардың алға қойған басты міндеті – халықтың тыныш өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу.
Баршаңызға ауыр да адал еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеп, гүлденуі жолында жаңа табыстарға жете берулеріңізге тілектеспін! Дендеріңіз сау, отбастарыңыз аман болcын. Мереке құтты болсын!
Жарқайың аудандық мәслихатының хатшысы А.Әлжанов.
Құрметті жарқайыңдар!
Сіздерді Халықаралық нан күнімен құттықтаймын!
Нан - адам еңбегінің ең ерекше өнімдерінің бірі, жер бетіндегі ең сенімді тағам түрлерінің бірі. Бірде-бір адам дастархан басына нансыз отырмайды, сондықтан Халықаралық наубайшылар мен кондитерлер Одағының (UIBC) бастамасымен оған жылдың бөлек күні бөлініп отыр.
Қазіргі таңда мыңдаған адам нан өндіру ісімен айналысады. Оны жасау уақытты қажет ететін, қиын жұмыс, бірақ бұл ерекше сүйікті өнімді шығаруға тырысу, әрине, тұрарлық.
Барлықтарыңызды нанды, өндірушілерден бастап тұтынушыларға дейін мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерге және сіздің отбасыларыңызға зор денсаулық пен амандық тілеймін!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.
Құрметті азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді Қазақстан Республикасы азаматтық қорғаныс органдарының құрылғанына 27 жыл толуымен құттықтаймын! Біз құтқарушылардың күн сайын, әр сағатта атқаратын істерінің маңыздылығы мен мәнділігін бағалаймыз. Қандай қиыншылыққа тап келсе де төтенше жағдайлар қызметкерлері өз ісін абыроймен атқаруға бар ынтасымен кіріседі.
Ел аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша тапсырмаларды жоғары деңгейде шешуге қабілетті, жедел әрекет ететін қуатты және шұғыл жүйесі қалыптасты.
Бүгінгі күні республикамызда төтенше жағдайлар қызметкерлерінің беделі жоғары. Оған мамандардың кәсібилігі, қызметіне деген адалдығы мен ерліктерінің арқасында қол жеткізіп келеді. Осының нәтижесінде мыңдаған адамдардың өмірі құтқарылды.
Алдағы уақытта құтқарушылардың кәсіби шеберлігі, батылдығы мен қайсарлығы адамдарды құтқару ісінде қызмет ететініне толықтай сенімдімін.
Құрметті ауданымыздың құтқарушылары! Бүгінгі жарқын мерекеде сіздерге зор денсаулық, жанұяларыңызға амандық тілеймін! Қауіпті еңбектеріңіз сіздер құтқарған адамдардың алғысымен бағаланып, Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне зор үлестеріңізді қоса беріңіздер демекпін!
Құрметпен, Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.
Құрметті жерлестер, ардақты ауыл еңбеккерлері!
Жарқайың ауданының барлық тұрғындарының атынан биылғы егіннің табысты аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Аграрлық сектор дамыған Жарқайың ауданы үшін астық жинау науқаны əрдайым маңызды оқиға саналады. Еш қиындыққа қарамастан биылғы жиналған мол өнім сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен кәсіби біліктіліктеріңіздің нәтижесі.
Жарқайың диқандары 657 мың гектардан астам алқапта астық жинауды бастап, 10,1 ц/га-дан жоғары сапалы астық дақылдарының түсімін алды.
Ауыл шаруашылығында жүргізілген жүйелі реформалардың арқасында стратегиялық маңызы зор осы саланың əлеуеті мен инвестициялық тартымдылығы едәуір артты.
Құрметті диқандар!
Егін жинау науқанының сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Қажырлы еңбектеріңізбен ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алға қойылған міндетті іске асыруға қомақты үлесі үшін Сіздерге алғысымды білдіремін!
Құрметпен, Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.
ОСК Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасын мақұлдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованың ҚР Конституциясы мен ҚР сайлау туралы Конституциялық заңында қойылған талаптарға сай келетіндігін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованың сәйкестігін анықтау мәселесі қаралды.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Алтынбек Смағұлов Салтанат Тұрсынбекова кандидатурасының «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық ұйымы атынан ұсынылғанын еске салды.
ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдегендей, ҚР Конституциялық Заңының 54-бабына , 3-тармағына және 2-тармақшасына, 6-тармағына және 56-бабына сәйкес ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова ҚР Конституциясы және ҚР сайлау туралы Конституциялық заңында қойылған талаптарға толық сәйкес келеді.
Сондай-ақ, аталған үміткердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне қатысты лингвистикалық комиссия шешімі шықты.
«Емтихан қорытындысы бойынша лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы мемлекеттік тілді еркін меңгергені растап, бірауыздан шешім қабылдады», - делінген хабарламада.
Жұматай Әлиевтің кандидатурасы заң талаптарына толық сай келеді - ОСК
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиевтің ҚР Конституциясы және «ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкес келетінін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚР Конституциялық Заңының 54 -бабы, 3-тармағына және 2-тармақшасы, 6-тармағына және 56-бабына сәйкес орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиевтің ҚР Конституциясы және «ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкес келетіндігін қаулы етеді», - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Пезидентігіне кандидат Жұматай Әлиев мемлекеттік тілді меңгеру сынағанын сәтті өтті.
«Лингвистикалық емтихан үш кезеңде өткізілді. Жазба жұмысы, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармасынан үзінді оқу және кандидат таңдаған тақырып бойынша көпшілік алдында сөз сөйлеу. Емтихан аяқталған соң, комиссия кандидаттың жауабын талқылап, қорытындысын шығарды», - делінген хабарламада.
Орталық сайлау комиссиясының ресми ақпаратына сәйкес, емтихан қорытындысы бойынша лингвистикалық комиссияның екі мүшесі қалыс қала отырып, көпшілік дауыспен кандидат Жұматай Әлиұлы Әлиевтің мемлекеттік тілді меңгергені туралы шешім қабылдады.
Президент сайлауы: Жұматай Әлиев мемлекеттік тіл сынағын сәтті тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті сайлауына үміткер Жұматай Әлиевтің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі бойынша емтихан қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Лингвистикалық комиссия президенттікке кандидат Жұматай Әлиұлы Әлиевтің мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтады.
«Лингвистикалық емтихан үш кезеңде өткізілді. Жазба жұмысы, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармасынан үзінді оқу және кандидат таңдаған тақырып бойынша көпшілік алдында сөз сөйлеу. Емтихан аяқталған соң, комиссия кандидаттың жауабын талқылап, қорытындысын шығарды», - делінген хабарламада.
Мемлекеттік тіл бойынша емтихан қорытындысын лингвистикалық комиссияның төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Құрманжанұлы Ахметов баяндады.
«Кандидат «Түркістан – ер түріктің бесігі» тақырыбында жазба жұмысын орындады. Жұмыс мазмұны, стилі, емлесі, тыныс белгілері бойынша бағаланды. Екінші тапсырма бойынша Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді оқыды. Үшінші тапсырма бойынша «Адал еңбек – игілік көзі» тақырыбына көпшілік алдында сөйледі», - дейді ол.
Орталық сайлау комиссиясының ресми ақпаратына сәйкес, емтихан қорытындысы бойынша лингвистикалық комиссияның екі мүшесі қалыс қала отырып, кандидат Жұматай Әлиұлы Әлиевтің мемлекеттік тілді меңгергендігі туралы көпшілік дауыспен шешім қабылдады.
ОСК: Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Күн тәртібіне Қасым-Жомарт Тоқаевты кандидат ретінде тіркеу мәселесі қойылды.
«Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамасына сәйкес, ҚР Президенттігіне кандидатты қолдау үшін уәкілетті өкілдер Қазақстанның бүкіл өңірлері бойынша 399 809 азаматтың қолын жинады. Бүгінде оның 141 045-і тексерілді, тексерілгендердің 140 167-сі түпнұсқа деп танылды», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.
ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 59-бабының 5-тармағына сәйкес барлық құжаттар заңда белгіленген мерзімде қабылданғанын айтты.
Осылайша ҚР Президенттігіне кандидатты тіркеуге қажетті барлық рәсімдер сақталды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құжаттары президенттікке кандидат ретінде Орталық сайлау комиссиясына тапсырылған еді.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы Ортсайлауком отырысы өтті
2022 жылғы 12 қазанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ортсайлауком хатшысы Мұхтар Ерман баяндама жасады. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды ұсыну кезеңі 2022 жылғы 11 қазанда сағат 18.00-де аяқталды. Орталық сайлау комиссиясына ұсыну кезеңінің қорытындылары бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынған 12 кандидаттың құжаттары тапсырылды.
1. Қажыкен Мейрам Зекешұлы
«Аманат» Қазақстан республикалық кәсіподақтар достастығы» ұсынды. ОСК-ға құжаттары 2022 жылдың 4 қазанында тапсырылды. Лингвистикалық комиссияның 2022 жылғы 8 қазандағы қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген. 2022 жылдың 8 қазанында ҚР ОСК Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін анықтады.
2. Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынды. ОСК-ға құжаттары 2022 жылдың 5 қазанында тапсырылды. Лингвистикалық комиссияның 2022 жылғы 8 қазандағы қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген. 2022 жылдың 9 қазанында ҚР ОСК Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін анықтады.
3. Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы
«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынды. ОСК-ға құжаттары 2022 жылдың 7 қазанында тапсырылды. Лингвистикалық комиссияның 2022 жылғы 10 қазандағы қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген. 2022 жылдың 10 қазанында ҚР ОСК Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін анықтады.
4. Тоқаев Қасым – Жомарт Кемелұлы
«AMANAT» партиясы, «Қазақстан Халық партиясы», «Ақ жол» ҚДП, сондай-ақ бірқатар республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынды.
ОСК-ға құжаттары 2022 жылдың 7 қазанында тапсырылды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 54-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік тілді еркін меңгергендігінін анықтау рәсімі кандидатурасы өкілеттіктердің келесі мерзіміне қайта ұсынылған, жұмыс істеп жүрген Республика Президентіне қолданылмайды. 2022 жылдың 8 қазанында ҚР ОСК Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін анықтады.
5. Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы
«МҰҚАЛМАС» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. ОСК-ға құжаттар 2022 жылдың 7 қазанында тапсырылды. Лингвистикалық комиссияның 2022 жылғы 11 қазандағы қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген.
6. Әбден Қарақат Жақсылыққызы
«Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. ОСК-ға құжаттары 2022 жылдың 8 қазанында тапсырылды. Лингвистикалық комиссияның 2022 жылғы 10 қазандағы қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген. 2022 жылдың 11 қазанда ҚР ОСК Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін белгіледі.
7. Ерғалиев Талғат Файзуллиұлы
«Қазақстан құрылысшылар одағы» заңды тұлғалардың республикалық бірлестігі ұсынды. ОСК-ға құжаттары 2022 жылдың 10 қазанында тапсырылды.
8. Әлиев Жұматай
«Халық демографиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. ОСК-ға құжаттар 2022 жылдың 10 қазанында тапсырылды.
9. Ғабжалилов Хайролла Мағауияұлы
Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. ОСК-ға құжаттары 2022 жылдың 11 қазанында тапсырылды.
10. Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы
«Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. ОСК-ға құжаттар 2022 жылдың 11 қазанында тапсырылды.
11.Жаңабаев Бақыт Маратоұлы
«Футбол жанкүйерлерінің қазақстандық лигасы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. ОСК-ға құжаттары 2022 жылдың 11 қазанында тапсырылды.
12.Бизақова Фатима
«Тәжірибелік психология» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. ОСК-ға құжаттары 2022 жылдың 11 қазанында тапсырылды.
Отырыс қорытындылары бойынша Орталық сайлау комиссиясында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті, онда ҚР ОСК мүшелері БАҚ сұрақтарына жауап берді.