Парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды орындау бойынша өткізілген іс-шаралар
Четверг, 13 октября 2022 04:26
Жарқайың ауданының әкімі Ж.К.Хамитовтың 2022 жылға бекітілген парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды жүзеге асыру мақсатында, 2022 жылдың 29 қыркүйегінен 5 қазаны аралығында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:
- Жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, Жарқайың ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы Жарқайың ауданының NЕЕТ категориясындағы жастардың арасында сыбайлас құқыққа қарсы проблемалар және оның алдын алу әдістері туралы әңгімелесу өткізді.
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мақсатында ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Азамат Баймулдинов бөлім ұжымымен әңгімелесу өткізді.
- 2022 жылдың 4 қазанында Жарқайың ауданының «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ «Мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді.
- Пригород ауылдық клубының қызметкерлеріне 2022 жылдың 4 қазанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты нығайту мақсатында «Жемқорлыққа жоқ!» тақырыбында дәріс оқылды. Іс-шара барысында қызметкерлерге көрме мен альбом көрсетілді.
- «Адал бизнес» акциясының аясында, Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы Т.Шпановпен 2022 жылдың 5 қазанында жеке кәсіпкерлер арасында "Мен адал бизнесті таңдаймын" тақырыбындағы жұмыс жалғастырылды. Нақты акцияның барысында ірі сауда нысандарының жеке кәсіпкерлері өкілдерінің арасында әңгімелесу өткізілді. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік шаралары туралы ақпарат бар буклеттер, сондай-ақ бизнес құрылымдарға қатысты қандай да бір мәселелер туындаған кезде кәсіпкерлік бөлімінің визит карточкалары таратылды. Бөлімнің бас маман Т. Шпанов ЖК өкілдерін сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күресте бірлесіп жұмыс істеуге және "Адал бизнес"жүргізуге шақырды.
- 2022 жылдың 5 қазанында Жарқайың ауданы «Ішкі саясат, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ Пригород кітапханасының қызметкерлері оқушылармен жемқорлық қылмыстарын болдырмау жөнінде әңгімелесу өткізді.
- «Жарқайың ауданы Жаңадала ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ азаматтық қауымдастықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қою мақсатында ағымдағы жылдың 5 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген 2022-2026 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы концепцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ауылдық округтің тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.
Жарқайың ауданының әкімдігі.