Құрметті жерлестер, ардақты ауыл еңбеккерлері!
Жарқайың ауданының барлық тұрғындарының атынан биылғы егіннің табысты аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Аграрлық сектор дамыған Жарқайың ауданы үшін астық жинау науқаны əрдайым маңызды оқиға саналады. Еш қиындыққа қарамастан биылғы жиналған мол өнім сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен кәсіби біліктіліктеріңіздің нәтижесі.
Жарқайың диқандары 657 мың гектардан астам алқапта астық жинауды бастап, 10,1 ц/га-дан жоғары сапалы астық дақылдарының түсімін алды.
Ауыл шаруашылығында жүргізілген жүйелі реформалардың арқасында стратегиялық маңызы зор осы саланың əлеуеті мен инвестициялық тартымдылығы едәуір артты.
Құрметті диқандар!
Егін жинау науқанының сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Қажырлы еңбектеріңізбен ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алға қойылған міндетті іске асыруға қомақты үлесі үшін Сіздерге алғысымды білдіремін!
Құрметпен, Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.