
zharkain
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұған дейін қазақстандықтар Республика күнін атап өткен болатын. Ол 2001 жылы мемлекеттік мерекелер тізіміне енгізілді, бірақ кейінірек – 2009 жылы – Президенттің Жарлығымен алынып тасталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың маусым айында өткен Ұлттық құрылтай отырысында бұл мерекені қайта атап өтуді ұсынды.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл біздің еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды. Бұл біздің мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуының ерекше кезеңі. Мемлекеттің Тәуелсіздік Декларациясы – бұл барлық негізгі қағидаларды бейнелейтін маңызды құжат. Дәл осы күні біз қазір теңдік пен бір-бірімізге деген құрмет орнаған еркін қоғамымызды құрып жатқан берік негіз қаланды.
Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық әл – ауқаты, мәдени, рухани келбеті бұрын болып көрмеген биік деңгейге көтерілді.
Елімізде қысқа мерзімде жүздеген жылдарға пара-пар қадамдар жасалды. Қазақстан деген мемлекетті, қазақ деген елді бүкіл дүние жүзі таныды. Еліміздің осындай биіктерді бағындыруына, әлеуметтік – экономикалық дамуына аудан тұрғындары да сүбелі үлесін қосып келеді.
Біз бүгін тарихы мен тағдыры ортақ халыққа айналдық. Татулық пен бірліктің нәтижесінде өркениет биігіне бірте-бірте қадам жасап келеміз. Бәсекеге қабілетті ел ғана – мықты болмақ. Арманы асқақ елдің мұраты биік.
Ардақты ағайын
Баршаңызды осынау ұлық мерекеміз Республика күнімен тағы бір мәрте құттықтаймын!
Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін! Күллі әлем көз тіккен Ұлы Дала Елінің азаттығы –ғұмырлы, Туымыз тұғырлы болсын! Мереке құтты болсын!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.
Құрметті Уәлиханов ауылының тұрғындары! Қымбатты жерлестер!
Сіздерді Шоқан Уәлиханов Ұлы ағартушының есімімен аталған ауылының құрылғанына 50 жыл толу мерейтойымен құттықтаймын!
Біздің жеріміз мол өнімділігімен, батыл жобаларымен, алғашқы тың игеруші - бастамашыл және шығармашыл адамдарымен танымал.
Олардың көпшілігі осында мәңгі қалды, қазірдің өзінде Уәлиханов ауылында бірнеше ұрпағы өсті.
Ауылдың жарты ғасырлық шежіресіне көз жүгіртсек, тарихтан сабақ алып, болашаққа көпір салу және алдағы уақытты ақылмен жоспарлау біздің міндетіміз болып қала бермек.
Біз Уәлиханов ауылының 50 жылдығын үлкен жетістікпен қарсы алып отырмыз. Осы жылдар ішінде сіздермен бірлесе отырып, Мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауылдың мәдениет үйі қалпына келтірілді, мектеп жөнделу үстінде, спорттық, балалар ойын алаңдары бой көтерді, жолдар қалпына келтіріліп, көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Уәлиханов ауылының сәулеттік келбеті жақсарып келеді.
Құрметті жерлестер!
Ауыл тұрғындарының еңбегі, ізденісі мен қамқорлығының арқасында Уәлиханов ауылы бұдан да әдемі, жарқын, заманауи, қонақжай ауылға айналатынына сенімдімін.
Осы мерейлі сәтте баршаңызға бақыт пен береке, қуаныш пен шаттық тілеймін! Ауыл тұрғындарын тағы бір мәрте 50 жылдық мерей тоймен құттықтаймын!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.
Бұл мүмкіндікті көп күттім, сайлауалды бағдарламам дайын – Қарақат Әбден
Президент сайлауы: Қарақат Әбден кандидат ретінде ресми тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясы 20 қарашада кезектен тыс өтетін президент сайлауына Қарақат Әбденді кандидат ретінде тіркеу жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясының күн тәртібінде бір ғана мәселе қаралды.
«Орталық сайлау комиссиясының 11 қазандағы қаулысымен кандидатураның заң талаптарына сәйкес келетіндігі анықталды. Үміткерге азаматтардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтары берілді. Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес ҚР Президенттігіне кандидатты қолдаған еліміздің 15 өңірінен 121 314 азаматтың қолы жиналды. Оның ішінде 120 158 қол тексеріліп, 118 418-і сенімді деп танылды»,- деді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.
Сондай-ақ, ОСК мүшелері үміткердің кандидатурасын қабылдау туралы қаулыны дауысқа салды. Нәтижесінде бірауыздан оң шешім қабылданды.
«Орталық сайлау комиссиясы 2020 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс президент сайлауына Қарақат Жақсылыққызы Әбденді кандидат ретінде тіркейді», - деді орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Отырыс соңында ОСК төрағасы үміткерге кандидат куәлігін табыстады.
Еске салсақ, 7 қазанда «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі кезектен тыс президент сайлауына Қарақат Жақсылыққызы Әбденнің кандидатурасын ұсынған болатын.
10 қазан күні ҚР Орталық сайлау комиссиясында Қарақат Әбден мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша емтиханды сәтті тапсырды.
Ал 11 қазанда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне кандидат Қарақат Әбденнің барлық талапқа сәйкестігі туралы қаулы қабылдады.
Жигули Дайрабаев: Қай тілде сұрақ қойылса да, қазақша жауап беремін
Бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында журналист сұрақтарына Президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Баспасөз мәслихатында Жигули Молдақалықұлына «Сайлаудағы басты қарсыласыңыз кім?» деген сұрақ қойылды.
«Сайлау - саяси дода. Бұл саяси додада біз бар тәжірибемізді, білімімізді, күш-жігерімізді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуына жұмсаймыз. Мен сайлауға қорқып, үркіп, біреуді жақтаймын деп қатысып отырған жоқпын. Сайлау нәтижесінде кім жеңеді оны Қазақстан халқының сайлаушылары шешеді»,- деп жауап берді ол.
Сондай-ақ, Жигули Дайрабаев Қазақстанның 20 өңірінен 125 081 дауысты жинаған. Оның 119 975-і анық деп танылған болатын. Үміткер бұл сайлаушылардың сайлау барысында өзін қолдайтынына сенімді.
«Ауыл» халықтық-демократиялық партиясында 300 мыңнан аса мүшесі бар. Одан бөлек, 52 мыңнан астам Қазақстан фермерлер қауымдастығының мүшелері бар. Осы мені қолдап, сенім артып отырған әріптестеріме алғыс айтамын. Алдағы уақытта да Қазақстанның 20 өңірін аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін боламыз. Сайлаушылардың маған дауыс беретініне сенімдімін»,-деді үміткер.
Баспасөз мәлихаты барысында ол журналистің медициналық тексерістер туралы сауалына да жауап берді.
«Менің денім сау. Жас жігіттермен күресейік десеңіз, шығып күресе аламын. Салауатты өмір салтын бір адамдай ұстанатын азаматпын. Алатаудай ауылда спортпен айналысқан адам ретінде денсаулығымның жақсы екенін айта аламын»,- деді Жигули Молдақалықұлы.
Айта кететін бір жайт, сұраққа орысша жауап беруін сұраған журналиске «Мен қай тілде сұрақ қойсаңыз да, қазақ тілінде жауап қайтарамын» деп баса айтты.
Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/zhiguli-dayrabaev-qay-tilde-suraq-qoyylsa-da-qazaqsha-zhauap-beremin-289767/
"Мұқалмас" Н.Әлтаев туралы мәлімдеме жасады
Президент сайлауына түсем деп, түсе алмай қалған Әлтаев пен оны президенттікке кандидат ретінде ұсынды делінетін "Мұқалмас" қоғамдық бірлестігі арасында дау басталып жатыр.
«Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі президент сайлауына кандидат ұсынбады. Атышулы Нұржан Әлтаевты үміткер ретінде таныған хаттама – жарамсыз.
Қоғамдық бірлестіктің өкілдері осындай мәлімдеме жасап отыр. Айтуларынша, ұйымның жиынына қатысқан 15 аймақтық филиал жетекшісінің 13-і экс-депутат Нұржан Әлтаевтың кандидатурасына қарсы дауыс берген. Жалпы бірлестік атынан сайлауға үміткер ұсынбау деген бастаманы көбі қолдаған көрінеді.
Өйткені, «Мұқалмас» сайлау барысын тәуелсіз байқаушы болғандықтан бейтарап қалуды жөн деп тапқан. Алайда, «кандидат ретінде Әлтаев ұсынылды» деген ақпаратты естіп, қоғамдық бірлестіктің Қарағанды облыстық филиалының жетекшісі Майра Төлеубекқызы бірден сотқа шағымданған.
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауын байқауға 330 байқаушы жібереді
АСТАНА. ҚазАқпарат –ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауын байқау үшін 30 ұзақ мерзімді және 300 қысқа мерзімді байқаушылардан тұратын делегация жібереді. ҚазАқпарат бұл туралы Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап хабарлайды.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы президентін кезектен тыс сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы Уршула Гацекпен кездесті.
Нұрлан Әбдіров ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясына Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауын байқау үшін 30 ұзақ мерзімді және 300 қысқа мерзімді байқаушылардан тұратын делегацияны жіберу туралы шешім қабылдағаны үшін алғысын білдірді.
Ортсайлауком төрағасы миссия мүшелерін сайлау науқанының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктерімен және ұзақтығымен, президенттікке кандидаттарды ұсыну қорытындысымен таныстырды. Сондай-ақ қазіргі уақытта ҚР президенттігіне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталып жатқанын атап өтті.
Бұдан бөлек, сайлау процесіне қатысушыларды оқыту және мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету мәселесіне дәстүрлі түрде көп көңіл бөлінетінін айтты. Саяси партиялар, жастар, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері үшін семинарлар өткізіліп жатыр. Жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында ҚР ОСК жанынан «Жас сайлаушылар клубы» құрылды. Сарапшы кеңестің құрамы жаңартылды.
Кездесу барысында Нұрлан Әбдіров миссия мүшелерін Ортсайлаукомның отырыстары мен оқыту іс-шараларына қатысуға шақырды. Сондай-ақ миссия өкілдерінің ОСК мүшелерімен және аппаратымен миссияны қызықтыратын кез келген мәселелер бойынша кездесулерін өткізуге дайын екенін білдірді.
Кездесу аясында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының мүшелері Орталық сайлау комиссиясының мүшелеріне өз сұрақтарын қойды.
«Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқанын заңнамаға сәйкес қатаң жүргізуді қамтамасыз етеді және адал және әділ бәсекелестік үшін барлық жағдай жасайды. Біз Бюромен, оның ішінде сайлау науқандары арасындағы тығыз ынтымақтастық пен сындарлы диалогты жалғастыруға үлкен мән береміз», - деп атап өтті Ортсайлауком төрағасы Н. Әбдіров кездесу соңында.
Құқық қорғаушы Әлтаев туралы: Сот дұрыс шешім қабылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Соттың «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұржан Әлтаевті президенттікке кандидат етіп ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп тануы дұрыс. Мұндай пікірді «Әділ сайлау үшін» штабының мүшесі, заңгер Ермек Әбдірасылов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Меніңше, сот дұрыс шешім қабылдады. Онда (сотта) қажетті барлық материал бар. Қоғамдық бірлестіктердің жиналысы қалай өтуі тиістігі, қанша адам қатысу керектігі, филал өкілдіктерінің қандай пайызы сол жиналысқа қатысуы қажеттігі жазылған жарғы бар. Мендегі ақпаратқа сәйкес, филиалдар ұсынған өкілдердің саны толық қатысқан жоқ. Ал жиналысқа кемінде 40 адам қатысуы тиіс еді. Бейнежазбадан не бәрі 17 адам қатысқаны анықталды. 11-і қарсы шығып, алтауы Әлтаевтың кандидатурасын ұсынуды жақтап дауыс берді. Демек, сот шешімімен заңнама талабы орындалып отыр», - деді заңгер.
Сонымен қатар ол қоғамдық бірлестіктер жарғыға сәйкес жиналыс өткізуі керектігін баса айтты.
«Егер олар айтқан фактілерге сай келмейтін мәліметтер ұсынатын болса, онда сот басқа қандай шешім шығаруы керек?! Меніңше, хаттама шындыққа сай келмейтіні анық. Сот заңды шешім қабылдады деп санаймын», - деді Ермек Әбдірасылов.
Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясы 7 қазан күні президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Нұржан Әлтаевтің құжаттары бұрмалану фактісіне тексеріліп жатқанын мәлім еткен еді.
Ал 12 қазанда «Мұқалмас» бірлестігі Нұржан Әлтаевтың сайлауға түсуіне қарсылық білдіріп сотқа жүгінгені хабарланды.
Бүгін Астана соты «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі отырысының Нұржан Әлтаевті президенттік кандидат етіп ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырды.
Заңгер Әлтаевты президенттікке ұсыну хаттамасының жарамсыз деп танылуына пікір білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Заң ғылымдарының докторы, профессор Индира Әубәкірова соттың «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі отырысының Нұржан Әлтаевті президенттікке кандидат етіп ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп тану шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
РЕКЛАМА
«Өте әділ шешім. Дәлел базасы еш күмән келтірмейді. Олар Әлтаев ұсынылды делінген «Мұқалмас» РҚБ отырысының видеосын ұсынған болатын. Іс жүзінде, бұл жайт жазбада жазылған. Басым көпшілігі Әлтаевтың ұсынылуына қарсы шыққан», - деді Индира Әубәкірова ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы.
Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясы 7 қазан күні президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Нұржан Әлтаевтің құжаттары бұрмалану фактісіне тексеріліп жатқанын мәлім еткен еді.
Ал 12 қазанда «Мұқалмас» бірлестігі Нұржан Әлтаевтың сайлауға түсуіне қарсылық білдіріп сотқа жүгінгені хабарланды.
Бүгін Астана соты «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі отырысының Нұржан Әлтаевті президенттік кандидат етіп ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырды.
Әлтаевті президенттікке кандидат ретінде ұсыну хаттамасын сот жарамсыз деп таныды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана соты «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі отырысының Нұржан Әлтаевті президенттік кандидат етіп ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырды. Бұл туралы Астана қалалық сотының ресми сайты жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының соты республикалық қоғамдық бірлестіктің (РҚБ) жалпы жиналыс хаттамасын жарамсыз деп тану туралы талап-арызы бойынша азаматтық істі қарады.
Талапкерлер өз талаптарын 2022 жылғы 6 қазандағы РҚБ жиналысының қорытындысы бойынша Ә. және оған жақын адамдар РҚБ-ның басқа мүшелерінің көмегімен бірлестік мүшелерінің дауыс беруінің бейнежазбасын негіздемеге қоса бере отырып, ҚР Орталық сайлау комиссиясына тіркеуге өз еркімен Ә.-нің кандидатурасын беруге ниеттеніп, дауыс беру қорытындысы мен хаттаманы бұрмалап жібергеніне негіздеді.
Жауапкер талаппен келіспеді және талапкердің дәлелдеріне қарамастан, РҚБ мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен көпшілік дауыспен Ә.-ні РҚБ атынан ұсыну туралы шешім қабылданды деп өз ұстанымын талап етті», - деп жазылған ресми мәліметте.
Ресми сайттағы мәліметке қарағанда, республикалық қоғамдық бірлестік атынан президенттікке кандидат ұсыну кезінде бірлестіктің Жарғысына қайшы әрекеттер жасалған.
«Жарғының 33-тармағына сәйкес барлық шешімдер жалпы жиналысқа қатысушылардың жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен қабылданады.
Жарғының 31-тармағында, егер оның жұмысына бірлестіктің өңірлік филиалдарының (өкілдіктерінің) жартысынан астамының өкілдері қатысса және жиналысқа қатысушылардың жалпы саны кемінде 40 адамды құраса, жалпы жиналыс заңды деп танылады.
Сотта жалпы жиналыста Ә-нің кандидатурасын ұсынуға – 6 адам, қарсы – 11 адам дауыс бергені анықталды.
Осылайша, жалпы жиналысты өткізу кезінде РҚБ мүшелерінің көпшілігі кезектен тыс президент сайлауында РҚБ атынан кандидат ретінде Ә-нің ұсынылуына «қарсы» дауыс берді.
Сот жалпы жиналыс хаттамасы РҚБ Жарғысының 31 және 33-тармақтарының талаптарына қайшы келеді және шындыққа жанаспайды деген қорытындыға келді.
Сонымен қатар, жалпы жиналысқа РҚБ мүшелері болып табылмайтын және дауыс беру құқығы жоқ адамдар қатысты және дауыс берді», - деп жазады Астана сотының сайты.
Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясы 7 қазан күні президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Нұржан Әлтаевтің құжаттары бұрмалану фактісіне тексеріліп жатқанын мәлім еткен еді.
Ал 12 қазанда «Мұқалмас» бірлестігі Нұржан Әлтаевтың сайлауға түсуіне қарсылық білдіріп сотқа жүгінгені хабарланды.