Құрметті жарқайыңдықтар!
Жарқайың аудандық мәслихаты депутаттарының атынан сіздерді Уәлиханов ауылының 50 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!
Биылғы жыл тәуелсіз еліміз үшін де, оның ішінде Жарқайың ауданымыз үшін де тарихи сәттерге толы берекелі жыл болды.
Дана халқымызда: «Той – халықтың қазынасы» деген жақсы сөз бар. Қашанда рухы биік елдің өресі биік болатыны белгілі. Ежелден ынтымақ-бірлігі жарасқан, халықтың абзал қасиетімен, қазақы салт-дәстүрімен сүттей ұйыған Уәлиханов ауылы, міне, бүгін елуге толып отыр. Бұл – тарихи дәстүріміздің сабақтастығының айқын көрінісі деуге болады.
Өз ауылына ерекше сүйіспеншілікпен қарайтын адамдар – ауданымыздың басты байлығы, олар күнбе-күн өз жұмыстарын атқара отырып, ауылдың қалыптасуына және дамуына орасан зор үлес қосуда. «Туған жерім – алтын бесігім» деп туған жерді көркейтуде аянбай тер төккен ауыл тұрғындарына алғысым шексіз.
Құрметті жерлестер! Уәлиханов ауылының мерекесі құтты болсын. Отбасыларыңызға амандық-саулық, жаңа табыс және бақ-береке тілеймін. Туған өлкеге ұдайы қамқорлық жасап, экономиканы дамыту, халықтың әл-әуқатын арттыру бағытындағы атқарып жатқан жұмыстарыңыз үшін ризашылығымызды білдіремін.
Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов.