
zharkain
🔻 Сайлаушылар тізімдеріндегі өзіңіз туралы деректерді қалай тексеруге болады?
🔻 Как проверить себя в списках избирателей?
Пайдалы семинар
Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидаттардың сайлауалды штабтарының өкілдеріне арналған оқыту семинарын өткізді.
Семинарда негізгі спикерлер ретінде Орта¬лық сайлау комиссиясының мүше¬лері Сәбила Мұстафина, Анастасия Щегор¬¬цова, ОСК аппаратының бюджетті жос¬пар¬лау және орындау бөлімінің мең¬ге¬ру-шісі Гүлназ Кембаева, «Халық банк» АҚ Астана қаласы бо¬йынша фи-лиалы¬ның өкілдері Жанар Рахимова, Жания Досбаева, сондай-ақ Астана қаласы әкімі аппаратының қаржы-шаруа¬шылық бөлімінің басшысы Айнагүл Иксан сөз сөйледі.
Семинар қатысушыларына прези¬дент¬тікке кандидаттар¬дың БАҚ-та сөз сөйлеуіне рес¬пуб¬ли¬калық бюджеттен бөлінген қаражат көлемі мен тәртібі, кандидаттың сайлау қорларын құру, сайлау қоры¬тындылары белгі¬ленгеннен кейін қара¬жат¬ты пай¬далану туралы есеп¬тер¬ді ұсыну, сондай-ақ кандидаттардың барлық қаржы операциясы мен процедурасын ашық, әділ қамтамасыз ету туралы мәселелер толық түсіндірілді.
Сайлауалды штабтардың өкілдері жариялы сайлауалды шараларды өткізу арқылы кандидаттардың сайлауалды үгітті жүргізу, оның ішінде БАҚ ар¬қы¬лы, баспа, аудиовизуалды және басқа да үгіт материалдарын шығару және таратудың құ¬қық¬тық шарттарымен танысты.
Спикерлер кандидаттардың сайлау¬алды штабтарының өкіл¬дері тарапынан сайлау нау¬қаны аясында қойылған сұрақ¬тарына толық жауап берді.
https://egemen.kz/article/326500-paydaly-seminar
Кипр парламентшілері президенттік сайлаудың сәтті өтуін тіледі
Қазақстанның Кипр Республикасындағы елшісі Сатыбалды Бұршақов Кипр Өкілдер Палатасының сыртқы және еуропалық істер жөніндегі комитетінің төрағасы - Кипр-Қазақстан парламентаралық достық тобының тең төрағасы Харрис Георгиадиспен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу барысында Елші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауы аясында Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы хабардар етті, сондай-ақ Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі және Азиядағы ынтымақтастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінің қорытындылары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Х. Георгиадис Қазақстандағы қоғамдық-саяси өзгерістерді оң бағалай отырып, қазақстандық парламентарийлермен өзара іс-қимыл жасауға дайындығын білдірді, сондай-ақ 2022 жылғы 20 қарашада өтетін президенттік сайлаудың сәтті өтуін тіледі.
Президент сайлауы неліктен күзге белгіленді – Ерлан Қошановтың жауабы
Белгілі қазақстандық журналист Нартай Аралбайұлының YouTube-арнасына сұхбат берген ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов Президент сайлауының не себепті күзге белгіленгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз бұл сайлауды саяси реформалардың заңды жалғасы деп есептеуіміз керек. Саяси реформаларды қабылдағаннан кейін, біздің институттар да жаңаруы керек. Оны қоғам да талап етіп отыр. Өзіңіз білетіндей, әлеуметтік желілерде журналистер мен қоғам тарапынан «Мәжіліс сайлауы қашан болады?», «Президент сайлауы бола ма?» деген сұрақтар көбейді. Бұл – заңды сұрақтар. Сондықтан Президент барлық электоралды кестені, алда болатын сайлау науқандарының кестесін алдын-ала жариялады. Яғни, биыл Президент сайлауы, келесі жылдың бірінші жартысында Мәжіліс сайлауы болады, одан кейін Үкімет те жаңарады. Жаңарады немесе қайта жасақталады. Бұл – саяси ашықтықтың, мәдениеттің үлгісі. Президент сайлауының биыл күзде өтуі – сол билік институттарының жаңаруының басы деп айтар едім. Халық қабылдаған саяси реформалардың арқасында, соның ішінде Президенттің, Парламенттің құзыретіне, Үкімет пен саяси партияларға қатысты мәселелердің барлығы қамтылған. Енді барлығы жаңа жағдайда жұмыс істейді. Осылардың барлығы жаңғырып жатқан кезде Презиент оны өзінен бастау туралы шешім қабылдады», - деді Ерлан Қошанов.
Сонымен қатар, сұхбат барысында Парламент Мәжілісінің спикері Президентті 7 жыл мерзімге бір рет сайлау туралы өзгеріске қатысты да пікір білдірді.
«Президент 7 жылдық мерзімге бір мәрте ғана сайланады деген - ол Конституцияның 91-бабына енді. Бұл өзгермейді. Біздің Тәуелсіздігіміз және біздің республикамыздың біртұтастығымен қатар осы норма да енді оған. Ол болашақта өзгермейді», - деп түйіндеді ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері.
Партиялық емес байқау орталығының төрағасы кандидаттардың штаб басшыларымен кездесті
Партиялық емес байқау орталығы республикалық штабының төрағасы президенттікке кандидаттар Жигули Дайрабаев, Мейрам Қажыкен, Қарақат Әбден, Салтанат Тұрсынбекова, Нұрлан Әуесбаевтың республикалық штабының өкілдерімен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат Партиялық емес байқау орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу барысында Төлеген Күнәділов Партиялық емес байқау орталығының қызметімен таныстырып, алдағы сайлаудағы міндеттері туралы айтты. Штаб басшысы байқаушыларды даярлау процесіне, сондай-ақ оларды оқыту және әдістемелік қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.
«Сайлау – маңызды оқиға және біз азаматтық қоғам өкілдері ретінде әділ дауыс беру үшін үлкен жауапкершілікті сезіне отырып, заңның сақталуын, сайлаудың адалдығы мен ашықтығын қадағалайтын боламыз», - деп атап өтті ол.
Штаб өкілдері дауыс беру барысында заңдылық пен әділеттіліктің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың бастамасына қолдау білдірді және байқаушыларды оқыту мәселелері бойынша ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.
Президент сайлауы: 53 шет мемлекетте 68 сайлау учаскесі құрылды
Қазақстан азаматтары ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына шетелде қатыса алады. Бұл туралы ҚазАқпарт СІМ сілтеме жасап хабарлайды.
2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 53 шет мемлекетте 68 сайлау учаскесі құрылды. Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады. ҚР шетелдегі мекемелерінде дауыс беру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 38-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес сайлау өткізілетін күні (2022 жылғы 20 қараша, жексенбі) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады.
Сонымен бірге шетелдегі сайлау процесін уақытылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет берулерін сұраймыз.
Сайлау: Орталық сайлау комиссиясы кандидаттардың сайлауалды штабтарын оқытуды бастады
Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидаттардың сайлауалды штабтарын оқытуды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қаржыландыру ережелерін бұзу және үгіт-насихат ережелерін бұзу сайлау науқандарының өте маңызды аспектісі болып саналады. Ол үшін әкімшілік және конституциялық-құқықтық жауапкершілік қарастырылған. Егер кандидаттардың штабтары ережелерді бұзса, бұл кандидатураларды алып тастауға да әкеп соғады», - деді ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров семинар қатысушыларына.
ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге жұмсалатын шығындар қалай қаржыланатынын түсіндірді.
«Сайлауды қаржыландыру – сайлауды дайындау мен өткізуді қаржылық қамтамасыз етуге, сайлау алдындағы үгіт-насихатты қаржыландыруға байланысты шаралардың жиынтығы. Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге арналған шығындарды қаржыландыру ҚР Сайлау туралы конституциялық заңында жазылған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сайлауды мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыру нормалары көзделген.
Президент сайлауы осы мақсаттар үшін ашылатын жергілікті атқарушы органдардың шоттары арқылы республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылады. Сайлау науқаны аясында кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихат шығындары қаржыландырылады», - деді С. Мұстафина.
Айта кетейік, 22 қазанда сағат 18:00-де президенттікке үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталды.
Президенттікке кандидаттардың штаб өкілдеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды
ҚР Орталық сайлау комиссиясы Президенттікке кандидаттардың сайлауалды штабтарының өкілдеріне арналған оқыту семинарын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Семинарда негізгі спикерлер ретінде Ортсайлауком мүшелері Сәбила Мұстафина, Анастасия Щегорцова, ҚР ОСК аппаратының бюджетті жоспарлау және орындау бөлімінің меңгерушісі, «Халық банк» АҚ Астана қаласы бойынша филиалының өкілдері Жанар Рахимова, Жания Досбаева, сондай-ақ «Астана қаласы әкімі аппараты» ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы Айнагүл Иксан сөз сөйледі.
Семинар қатысушыларына Президенттікке кандидаттардың БАҚ-та сөз сөйлеуіне республикалық бюджеттен бөлінген қаражат көлемі мен тәртібі, кандидаттың сайлау қорларын құру, сайлау қорытындылары белгіленгеннен кейін қаражатты пайдалану туралы есептерді ұсыну, сондай-ақ кандидаттардың барлық қаржы операциялары мен процедураларын ашық, әділ қамтамасыз ету туралы мәселелер толық түсіндірілді.
Сайлауалды штабтардың өкілдері жариялы сайлауалды шараларды өткізу арқылы кандидаттардың сайлауалды үгітті жүргізу, оның ішінде БАҚ арқылы, баспа, аудиовизуалды және басқа да үгіт материалдарын шығару және таратудың құқықтық шарттарымен танысты.
Кандидаттардың сайлауалды штабтарының өкілдері тарапынан сайлау науқаны аясында қойылған барлық сұрақтарына семинардың спикерлері толық жауап берді.
Орталық сайлау комиссиясы келесі семинары 2022 жылғы 27 қазанда ҮЕҰ Академиясының алаңында өтетін сайлауды ұлттық байқауды жүзеге асыру мәселелері бойынша саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдеріне жоспарланған.
Предвыборный штаб кандидата в Президенты Нурлана Ауесбаева приступил к работе
Штаб в поддержку кандидата в Президенты РК Нурлана Ауесбаева от Общенациональной социал-демократической партии приступил к работе, передает корреспондент МИА «Казинформ».
«Офис центрального штаба расположен в Астане. Здесь находится пресс-служба, специалисты, координаторы проектов, специалисты по SMM-продвижению. Штабы открылись во всех филиалах в регионах», - сообщили в штабе.
В штабе отметили, что агитационная работа будет вестись с соблюдением всех требований закона «О выборах».
Предвыборный штаб готов к старту агитационной кампании. Подготовлена предвыборная программа кандидата, разработан дизайн раздаточных материалов, наружной рекламы.
21 октября завершена регистрация кандидатов в Президенты РК. В стране также стартовала предвыборная агитация кандидатов в Президенты Казахстана. Предвыборная агитация началась с момента окончания срока регистрации в 18:00 по местному времени 21 октября 2022 года, а заканчивается в 00:00 дня, предшествующего дню выборов - то есть 19 ноября 2022 года.