г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

Воскресенье, 30 октября 2022 06:35

Сайлау 2022

Воскресенье, 30 октября 2022 06:35

Сайлау2022

Суббота, 29 октября 2022 08:52

Кто может голосовать на выборах?

Кто может голосовать на выборах президента? 

 

Право на участие в выборах президента имеют граждане Казахстана, достигшие 18 лет. В голосовании не могут участвовать граждане, признанные судом недееспособными, а также содержащиеся в местах лишения свободы по приговору суда. Какое бы то ни было прямое или косвенное ограничение прав иных граждан республики на участие в выборах является недопустимым и наказывается по закону.

 

Граждане участвуют в выборах на равных основаниях и каждый из них обладает одним голосом, и участвуют на выборах непосредстве

АСТАНА. ҚазАқпарат – 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына ТМД елдерінен 23 байқаушы аккредитация алды. Бұл туралы ТМД Атқарушы комитеті төрағасының – атқарушы хатшысының орынбасары Ильхом Нематов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмысымыз ашықтыққа, демократиялыққа, бейтараптыққа, Қазақстанның ішкі істеріне араласпауға, халықаралық құқықтың негізгі нормалары мен ұстанымдарын сақтауға негізделген. Біздің байқаушы тәжірибеміз бар.

Байқау шынайы өтетіндігіне сенімім мол. Қорытынды мәлімдеме жасаймыз. Байқаушылар топтарының барлық жетекшілерінің қатысуымен үйлестіру кеңесін құрамыз. Дауыс беру аяқталғаннан кейін, 21 қарашада қорытынды құжатымызды жария етеміз. Мәлімдемеміз қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді байқаушылардың байқау нәтижелеріне ғана негізделетін болады», - деді Ильхом Нематов Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингіде.

Оның атап өтуінше, еліміздегі сайлауға ТМД елдерінен қатысатын 100-ден астам байқаушының 23-і бүгінде аккредитация алып үлгерген. Миссия құрамына ТМД-нің барлық елінің өкілі, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының, Ресей-Беларусь одақтас мемлекетінің Парламенттік Ассамблеясының өкілдері, Астанада аккредиттелген дипломаттар және ТМД Атқарушы комитетінің қызметкерлері кіреді.

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде өтетін кезектен тыс президент сайлауына орай байқаушылардың Әдеп кодексі әзірленді. Бұл туралы Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Байқаушылардың Әдеп кодексі әзірленді. 3 қарашада барлық серіктестеріміздің, кандидаттардың республикалық штаб өкілдерінің басын қосуды жоспарлап отырмыз. Жалпы, тәжірибеде байқаушылардың өздері заң бұзушылыққа жол беретіні кездеседі. Алдағы өтетін кездесуде аталған құжатты талқылап, қабылдауды көздеп отырмыз. Одан кейін оны жұмыс істеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жібереміз», - деді Төлеген Күнәділов елордада өткен брифинг барысында.

Ол байқаушылар заңдылық пен ашықтықты сақтап, барлық кандидатқа бейтарап болуы тиістігін баса айтты. Сонымен қатар соңғы уақытта байқаушылар тарапынан сайлау үдерісіне қызығушылық артып келе жатқанын ерекше атап өтті.

«Егер 2010 жылғы сайлауға 29 мың адам байқаушы ретінде қатысса, 2019 жылы олардың саны 45 мыңға жетті. Ал 2021 жылы өткен парламенттік сайлауға 74 мың байқаушы тіркелді. Қоғамның қызығушылығы артып келеді. Азаматтық қоғам байқаушы ретінде көп қатысқан сайын азаматтардың таңдауы заңмен қорғала түседі», - деді орталық төрағасы.

Бұл туралы орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ТМД атқару комитеті төрағасының орынбасары Ильхом Нематов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол 27 қазаннан бастап ТМД байқаушылары сайлау науқанын бақылауға кіріскенін айтты.

Бүгін біз сайлау науқанын бақылаушылар үшін штаб ашып отырмыз. Миссияны ТМД Атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев басқарады. Құрамына барлық Достастық елдің 100-ден астам өкілі кіреді. Оның 10-ы 27 қазаннан 21 қарашаға дейін ұзақ мерзімді бақылау жүргізеде,-деді.

Сөзінше қалған бақылаушылар сайлау күні келіп қысқа мерзімді бақылау жүргізбек. Орталық сайлау комиссиясы бүгінде 23 бақылаушыны аккредитациялады.

Сондай-ақ, ол халықаралық бақылаушылар ел заңдары мен барлық халықаралық талаптардың сақталуын қадағалайтынын баса айтты. Штаб сайлау заңнамасына құқықтық баға берумен айналысатын болады.

Біз барлық облысты қамтуға тырысамыз. Бақылаушылар барлық сайлау учаскесін аралап, сайлау комиссияларының қызметкерлерімен кездесетін болады, - деді ол.

Сонымен қатар төрағаның сөзінше аталған миссия құрамына ТМД-нің барлық елінің өкілі, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының, Ресей-Беларусь одақтас мемлекетінің Парламенттік Ассамблеясының өкілдері, Астанада аккредиттелген дипломаттар және ТМД Атқарушы комитетінің қызметкерлері кіреді.

Ал Тәуелсіз мемлекеттер достастығының миссиясы 21 қарашада қорытындыланады.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/saylauga-tmd-elderinen-100-den-asa-baqylaushy-keledi-290527/

АСТАНА. ҚазАқпарат – Партиялық емес байқау орталығы 20 қарашада өтен президент сайлауында барлық сайлау учаскесіне байқаушыларын жібермек. Бұл туралы аталған орталықтың төрағасы Төлеген Күнәділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Өңірлерде республикалық деңгейде ахуал штабтарын құрдық. Ол жерде барлық байқаушылар пулын оқыту іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 80-нен астам онлайн және офлайн форматта оқыту жүргізілді. Сайлау науқанының күрделі екенін жақсы білеміз. Сондықтан осы науқанда тәжірибелі, байқаушы ретіндегі құқықтары мен міндеттерін түсінетін адамдарға арқа сүйейміз. Бұл сайлауды шынайы бағалауға мүмкіндік береді», - деді ол елордада ұйымдастырыған брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, өткен аптада орталық президенттікке кандидаттардың штаб жетекшілерімен кездесу ұйымдастырған. Онда үгіт-насихат жұмыстары кезіне қоғамдық мониторинг жүргізу, сайлау күні барлық учаскеде сайлау үрдістерін бақылау мәселелері бойынша пікір алмасу болған.

«20 қараша күні еліміздегі барлық сайлау учаскесіне байқаушыларымызды жіберуге ниетті болып отырмыз», - деді Төлеген Күнәділов.

Сондай-ақ орталық төрағасы президенттік сайлауды байқауға келетін ТМД, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың миссия өкілдерімен кездесулер жоспарланғанын да атап өтті.

Страница 62 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…