
zharkain
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қоғамдық пікір» зерттеу институты 20 қарашада өтетін ҚР Президенті сайлауына қатысты әлеуметтік сауалнама жүргізді. Нәтижесінде респонденттердің 71,6 пайызы дауыс беруге ниетті екендіктерін мәлім еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қоғамдық пікір» зерттеу институты 20 қарашада өтетін ҚР Президенті сайлауына қатысты әлеуметтік сауалнама жүргізді. Нәтижесінде респонденттердің 71,6 пайызы дауыс беруге ниетті екендіктерін мәлім еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Есепке сәйкес, 2022 жылғы 20 қарашадағы Президент сайлауына респонденттердің 71,6 пайызы қатысу ниетін білдірді. Ал, 18,3 пайызы өздерінің сайлауға қатысу ықтималдығын «50/50» деп бағалады. Дауыс беруге бармайтынын мәлімдегендер – 6,1 пайыз. Әлі шешім қабылдап үлгермеген респонденттер – 4 пайыз», - делінген «Қоғамдық пікір» институтының сауалнама нәтижесі көрсетілген
хабарламада.
Институт мәліметіне сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 84,4 пайызы Президент сайлауының әділ өтетініне сенеді. Ал, респонденттердің 11 пайызы бұған кереғар пікірде.
«Кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс беруі ықтимал сайлаушылардың 78,8 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға ниетті. Ал, респонденттердің 2,8 пайызы Жигули Дайрабаевқа дауыс беруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, 1,8 пайыз сайлаушы Нұрлан Әуесбаевтың кандидатурасын қолдамақ. Сауалнамаға қатысқандардың 1,6 пайызы Мейрам Қажыкен мен Салтанат Тұрсынбекова дауыс беруге ниетті. Сонымен бірге, Қарақат Әбденді қолдайтын азаматтар қатары – 0,8 пайыз. Әлеуметтік зерттеуге қатысқан қазақстандықтардың 3,2 пайызы барлығына қарсы дауыс беретінін мәлімдеген. Ал, репонденттердің 9,4
пайызы әлі таңдау жасап үлгермеген», - деп мәлім етті «Қоғамдық пікір» институтынан.
Аталған әлеуметтік зерттеу 4-6 қараша аралығында жүргізілді. Оған еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаланың 18 жастан асқан 1 200 тұрғыны қатысқан.
Әлеуметтік сауалнама: респонденттердің 70%-дан астамы сайлауда дауыс беруге ниетті
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қоғамдық пікір» зерттеу институты 20 қарашада өтетін ҚР Президенті сайлауына қатысты әлеуметтік сауалнама жүргізді. Нәтижесінде респонденттердің 71,6 пайызы дауыс беруге ниетті екендіктерін мәлім еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Есепке сәйкес, 2022 жылғы 20 қарашадағы Президент сайлауына респонденттердің 71,6 пайызы қатысу ниетін білдірді. Ал, 18,3 пайызы өздерінің сайлауға қатысу ықтималдығын «50/50» деп бағалады. Дауыс беруге бармайтынын мәлімдегендер – 6,1 пайыз. Әлі шешім қабылдап үлгермеген респонденттер – 4 пайыз», - делінген «Қоғамдық пікір» институтының сауалнама нәтижесі көрсетілген
хабарламада.
Институт мәліметіне сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 84,4 пайызы Президент сайлауының әділ өтетініне сенеді. Ал, респонденттердің 11 пайызы бұған кереғар пікірде.
«Кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс беруі ықтимал сайлаушылардың 78,8 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға ниетті. Ал, респонденттердің 2,8 пайызы Жигули Дайрабаевқа дауыс беруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, 1,8 пайыз сайлаушы Нұрлан Әуесбаевтың кандидатурасын қолдамақ. Сауалнамаға қатысқандардың 1,6 пайызы Мейрам Қажыкен мен Салтанат Тұрсынбекова дауыс беруге ниетті. Сонымен бірге, Қарақат Әбденді қолдайтын азаматтар қатары – 0,8 пайыз. Әлеуметтік зерттеуге қатысқан қазақстандықтардың 3,2 пайызы барлығына қарсы дауыс беретінін мәлімдеген. Ал, репонденттердің 9,4
пайызы әлі таңдау жасап үлгермеген», - деп мәлім етті «Қоғамдық пікір» институтынан.
Аталған әлеуметтік зерттеу 4-6 қараша аралығында жүргізілді. Оған еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаланың 18 жастан асқан 1 200 тұрғыны қатысқан.
Пресс-релиз
2022 жылғы 11 қарашада сағат 20:00-де «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебат өтеді.
Регламентке сәйкес, теледебат төрт раундтан тұрады.
Бірінші раунд – «Сайлауалды бағдарламаның таныстырылымы». Онда қатысушылар сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыт-бағдарын таныстырады.
Екінші раундта «Пікірсайыс сессиясы» өтеді. Онда әр қатысушы өзі таңдаған екі оппонентіне бір-бір сұрақтан қояды.
Үшінші раунд - «Сайлаушылардың сұрақтары». 2022 жылдың 10 қарашасына дейін «Хабар» Агенттігінде «ҮМІТКЕРГЕ СҰРАҚ ҚОЙ!» айдарымен сайлаушылардан видеосұрақтар қабылданды. Яғни, азаматтарға кез келген кандидатқа өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік берілді. Олар ұзақтығы 1 минуттан аспайтын сұрақ жазып, оны Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. электрондық поштасына жіберді. Сайлаушылардан келген сұрақтар ішінен әрбір кандидатқа кездейсоқ бір сұрақтан қойылады. Эфирде қойылмаған видеосұрақтар кандидаттардың штабтарына жауап беру үшін жіберіледі.
Төртінші раунд «Сайлаушыларға үндеу» деп аталады. Онда қатысушылар сайлаушыларға арналған өз үндеулерін жасайды.
Пресс-релиз
11 ноября 2022 года в 20.00 часов в прямом эфире телеканала «Хабар» состоятся телевизионные дебаты кандидатов в Президенты Республики Казахстан и/или их доверенных лиц, организованные Центральной избирательной комиссией РК.
Согласно регламенту, теледебаты будут состоять из четырех раундов.
Первый раунд – «Презентация предвыборной программы», в котором состоятся выступления каждого участника с целью представления своей платформы.
Второй раунд – «Дискуссионная сессия», в котором участники смогут задать своим оппонентам по два вопроса.
Третий раунд - «Вопросы от избирателей». До 10 ноября 2022 года на базе Агентства «Хабар» был открыт прием заявок «СПРОСИ У КАНДИДАТА!». Избиратели имели возможность задать вопрос любому кандидату. Для этого они должны были записать видео-вопрос, длительностью не более 1 минуты и направить на электронный адрес Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.. По одному вопросу от избирателей будут заданы каждому кандидату по рандомному принципу. Не озвученные в эфире видео-обращения будут переданы в штабы кандидатов для предоставления ответов в порядке.
Четвертый раунд – «Обращение к избирателям», где участники обратятся к избирателям.
Сайлау 2022
«Хабар» телеарнасында Президенттікке кандидаттардың сайлауалды пікірсайысы өтеді
Бүгін сағат 20:00-де «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебат өтеді.
Регламентке сәйкес, теледебат төрт раундтан тұрады.
Бірінші раунд – «Сайлауалды бағдарламаның таныстырылымы». Онда қатысушылар сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыт-бағдарын таныстырады.
Екінші раундта «Пікірсайыс сессиясы» өтеді. Онда әр қатысушы өзі таңдаған екі оппонентіне бір-бір сұрақтан қояды.
Үшінші раунд – «Сайлаушылардың сұрақтары». 2022 жылдың 10 қарашасына дейін «Хабар» Агенттігінде «ҮМІТКЕРГЕ СҰРАҚ ҚОЙ!» айдарымен сайлаушылардан видеосұрақтар қабылданды. Яғни, азаматтарға кез келген кандидатқа өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік берілді. Олар ұзақтығы 1 минуттан аспайтын сұрақ жазып, оны Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. электрондық поштасына жіберді. Сайлаушылардан келген сұрақтар ішінен әрбір кандидатқа кездейсоқ бір сұрақтан қойылады. Эфирде қойылмаған видеосұрақтар кандидаттардың штабтарына жауап беру үшін жіберіледі.
Төртінші раунд «Сайлаушыларға үндеу» деп аталады. Онда қатысушылар сайлаушыларға арналған өз үндеулерін жасайды.
Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/habar-telearnasynda-prezidenttikke-kandidattardyn-saylaualdy-pikirsayysy-otedi-291589/
2022 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 7 заңды тұлғадан қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізгені туралы хабарлар
2022 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 7 заңды тұлғадан құжаттардың көшірмелерін қоса, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізгені туралы хабарлар келіп түсті:
1. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты) - "face to face" сұхбат сауалнамасы әдісі, телефон сауалнамасы (CATI);
2. «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі - "face to face" сұхбат сұрау әдісі, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);
3. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы - Профильді онлайн платформаны қолдана отырып, "face to face" сұхбат алу әдісі;
4. «Демократия институты» Ғылыми-зерттеу қауымдастығы - "face to face"сұхбат әдісі;
5. Астана - Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты ОФ ИКСИ «СОЦИС-А» - дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);
6. Исследовательская группа DAMU RG - CAWI сауалнама әдісі (Computer Assisted Web Interviewing);
7. «Ашық қоғам» аймақтық зерттеулер халықаралық институты - дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll).
Заңды тұлғалардан келіп түскен хабарлар туралы ақпарат олардың келіп түсуіне қарай Орталық сайлау комиссиясының сайтында жаңартылатын болады.
«Тауар белгісін қалай тіркеуге болады
Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын құқықтық қорғау, оларды осы Заңда белгіленген тәртіппен тіркеу негізінде, сондай – ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде тіркеусіз қамтамасыз етіледі.
Тауар таңбасын тіркеу үшін өтінімді толтырып, оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтына тапсыру қажет.
Тауар таңбасын тіркеуге өтінімге қойылатын талаптар «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жердің атаулары туралы» Заңның (бұдан әрі Заң) 9 – бабында көрсетілген.
Өтінім сараптамасын РМК «НИИС» кезеңдері бойынша жүргізеді: алдын ала сараптама және толық сараптама.
«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлардың шығарылған жерінің атаулары туралы» Заңның 11- бабына сәйкес өтінімге сараптама келесі кезеңдерде жүзеге асырылады:
Алдын ала сараптама – өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күн ішінде жүргізіледі.
Толық сараптама – өтініш берілген күннен бастап жеті ай ішінде жүргізіледі.
Сараптаманың кез келген сатысында, сараптама ұйымы онсыз сараптама жүргізу мүмкін болмайтын қосымша немесе нақтылайтын ақпаратты сұратуға құқылы.
Өтінім беруші сараптама жүргізу кезеңінде сұратылған ақпаратты ұсынбаған және (немесе) бұл мерзімді ұзарту туралы өтініш болмаса, өтінім қайтарып алынған деп есептеледі.
«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының 12-бабының 1-тармағына сәйкес, алдын ала сараптама нәтижелері бойынша, өтініш берушіге өтініштің қабылданғаны немесе өтінімді қарауға дәлелді қорытынды түрінде қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарланады.
Алдын ала сараптаманың нәтижелері бойынша өтініш берушіге өтініштің қарауға қабылданғаны немесе құжат айналымының тоқтатылғаны туралы он жұмыс күні ішінде хабарланады. Түпкілікті қорытындының негізінде сараптама ұйымы тауар таңбасын тіркеу, ішінара тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тауар таңбасын тіркеу туралы мәліметтер сараптама ұйымының тауар таңбасын тіркеу жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу кезінде Тауар таңбаларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының 45-бабына сәйкес уәкілетті органның (Әділет министрлігі) қорғау құжатын беру жөніндегі іс – шараларды жасағаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады.
Есіл ауданаралық әділет басқармасы
Ақмола облысының Әділет департаменті
ТІЛІ МЫҚТЫНЫҢ – ЕЛІ МЫҚТЫ
Қазіргі уақытқа дейін қазақ халқы тілдесу қажеттілігін өтеп келумен қатар оның рухани байлығы – ауыз әдебиетін атадан балаға мұра етіп ауызша жеткізген. Мұны халқымыздың аса мол мақал-мәтелдерінен, жұмбақтары мен жаңылтпаштарынан көруге болады.
Егеменді ел болғанымызға міне, отыз бір жылдың жүзі болды. Елбасымыздың салиқалы саясатының негізінде қазақ елі өркендеп, дамып келеді. Осы уақытқа дейін мемлекеттік тіліміздің әжептәуір дәрежесі көтерілді –ау, бірақ-та әлі біз ойлаған межелі деңгейге жете қойған жоқ. Ия елімізде қазақ тілін үйренуге басқа да ұлт өкілдері құштарлық танытып жатыр. Басқа ұлт өкілі мемлекеттік тілді біліп жатса, қуанышымызда шек жоқ. Осы тұрғыда қазақ тілінің мәртебесі көтеріле берсе екен дейміз. Алайда, ана тілін білмейтін қандастарымыз қазақ тілін мойындамай, әлі де жоғарыға қарап жалтақтап жүргені жаныңа батады. Мемлекетіміздің іргетасы жылдан-жылға нығайып келеді. Тәуелсіздігіміздің әрі қарай бекініп дами түсудің бірден-бір жолы – мемлекеттік тілді бағалау, оны құрметтеу, қазақ тілінің аясын кеңейту емес пе?! Біздің болашағымыз, Қазақстанның болашағы – жастар, яғни жастарымыз ана тілін еркін меңгеруі тиіс. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», - дегендей, алдымен өзінің ана тілін жетік білген адам басқа шетел тілдерін де оңай оқып-үйрене алады. Сондықтан, өнеге отбасыдан басталады, әрбір ата-ана баласын ана тілінде тәрбиелесе оның болашағы зор екеніне сенімдімін. Биыл Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 27 жыл, Ата Заң – Қазақстан Тәуелсіздігінің тірегі. Түп-қазығымыз Ата Заңымызды арқау ете отырып, Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету, тарихымызды дәріптеу, тілімізді құрметтеу әр қазақстандықтардың міндеті. Ендеше, Тәуелсіздік елімізде Қазақстан халқының жүзі әрдайым ашық-жарқын болып, ертеңімізге сеніммен қарау және асу-асу белестерді бағындырып талай жетістіктерге жету үшін тілімізді, ұлтымызды, отанымызды қадірлейік!
Жарқайың ауданының ПБ ІжСКТ.
Ұлттық теңгенің пайда болуы
Бүгін Қазақстанның Ұлттық валютасы – төл теңгеміздің айналымға енгізілген күні. Сондай-ақ, 15 қараша республикада қаржыгерлердің кәсіби мерекесі ретінде де аталып өтіледі. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұған дейін екі жыл бойы теңгені қолданысқа енгізуге күрделі дайындық жүргізілген еді. Нәтижесінде, 1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді.
Ұлттық валютамыз қалай "теңге" аталды? Ұлттық валюта атауын таңдау көптеген қайшылықтар тудырды: "алтын", "ақша", "тәнга" нұсқалары болды. Бастапқыда қазақстандық валютаны "сом" деп атау жоспарланған. Өйткені, кеңестік рубль банкноттарының қазақша аудармасында солай көрсетілген еді.
Алайда, 1993 жылы қырғыз сомы енгізілгеннен кейін, Қазақстанда басқа атауға ие болды – "теңге". Бұл ортағасырлық түріктердің "денге" немесе "тәнга" күміс монеталарының тарихи атауы. Бұл атауды академик Сауық Тәкежанов ұсынды. Оның жүз еселенген бөлшегі "тиын" деп аталды.
Ұлттық валюта - бұл елдің заңмен белгіленген ақша бірлігі. Өзінің ұлттық валютасын енгізу Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуда және дербес дамуында маңызды рөл атқарады. Теңге елдің қаржылық Тәуелсіздігінің ажырамас символына айналды. Теңгенің тарихы ең алғаш қазақ даласында күміс монета XV- ғасырда Отырар қаласында «таньга» деген атаумен пайда болған. Ал Ұлттық валютамыздың тарихы 1992 жылдан бастау алады. 1992 жылдың 27 тамызы күні Қазақстаның Ұлттық банкі теңге купюрасының үлгілерін бекіткен болатын.
Тәуелсіздік ел тарихымызда мемлекет мәртебесін өсіру мен экономикасының нығаюы жолында теңгенің орыны ерек болды. 30 жылдық ғұмырында теңге тәуелсіз елдің маңызды рәмізі екенін дәлелдеп шықты. Теңгенің болашақтағы қызметіне де сеніміміз мол.
Жарқайың ауданының Тілдерді оқыту орталығының әдіскері М. Қалқаева.
Жарқайың ауданы жастарының назарына байқау жарияланады!
Аудан жастары арасында «Жарқайың ауданының ең үздік жас маманы – 2022» кәсіптік байқауы өткізіледі!
- Байқау жас медицина қызметкерлері, жас мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, жас мәдениет қызметкерлері, жас спорт қызметкерлері, жас мұғалімдер, жас ветеринарлар, жас әлеуметтік сала қызметкерлері арасында өткізіледі.
- Байқауға жасы 30-ға дейінгі жас мамандар қатыса алады.
- Қызмет орны байқауға қатысушы үміткер жайлы толық мәліметтері бар ұсынымды (ТАЖ, туған күні, білімі, еңбек өтілі көрсетілген) жинақтайды.
- Байқау төмендегі талаптар бойынша өткізіледі:
1) Таныстыру сайысы;
2) «Өнерлінің өрісі кең»;
3) «Мамандығым – мақтанышым» кәсіби сайысы.
Байқау Аудандық мәдениет үйінде 2022 жылдың 28 қараша күні сағат 10.00-де өткізіледі. Байқауға қатысушы туралы ұсыным ағымдағы жылдың 27 қарашасына дейін Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. мекен-жайына электронды немесе 8 (777) 636-49-08 WhatsApp нөміріне жіберуіңізге болады.
Қосымша ақпарат алу үшін @mrc_zharkain (Instagram) парақшасына немесе 87776364908, 87772592106 WhatsApp нөмірлеріне жазуынызға болады.