г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

ТІЛІ МЫҚТЫНЫҢ – ЕЛІ МЫҚТЫ

Қазіргі уақытқа дейін қазақ халқы тілдесу қажеттілігін өтеп келумен қатар оның рухани байлығы – ауыз әдебиетін атадан балаға мұра етіп ауызша жеткізген. Мұны халқымыздың аса мол мақал-мәтелдерінен, жұмбақтары мен жаңылтпаштарынан көруге болады.

Егеменді ел болғанымызға міне, отыз бір жылдың жүзі болды. Елбасымыздың салиқалы саясатының негізінде қазақ елі өркендеп, дамып келеді. Осы уақытқа дейін мемлекеттік тіліміздің әжептәуір дәрежесі көтерілді –ау, бірақ-та әлі біз ойлаған межелі деңгейге жете қойған жоқ. Ия елімізде қазақ тілін үйренуге басқа да ұлт өкілдері құштарлық танытып жатыр. Басқа ұлт өкілі мемлекеттік тілді біліп жатса, қуанышымызда шек жоқ. Осы тұрғыда қазақ тілінің мәртебесі көтеріле берсе екен дейміз. Алайда, ана тілін білмейтін қандастарымыз қазақ тілін мойындамай, әлі де жоғарыға қарап жалтақтап жүргені жаныңа батады. Мемлекетіміздің іргетасы жылдан-жылға нығайып келеді. Тәуелсіздігіміздің әрі қарай бекініп дами түсудің бірден-бір жолы – мемлекеттік тілді бағалау, оны құрметтеу, қазақ тілінің аясын кеңейту емес пе?! Біздің болашағымыз, Қазақстанның болашағы – жастар, яғни жастарымыз ана тілін еркін меңгеруі тиіс. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», - дегендей, алдымен өзінің ана тілін жетік білген адам басқа шетел тілдерін де оңай оқып-үйрене алады. Сондықтан, өнеге отбасыдан басталады, әрбір ата-ана баласын ана тілінде тәрбиелесе оның болашағы зор екеніне сенімдімін. Биыл Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 27 жыл, Ата Заң – Қазақстан Тәуелсіздігінің тірегі. Түп-қазығымыз Ата Заңымызды арқау ете отырып, Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету, тарихымызды дәріптеу, тілімізді құрметтеу әр қазақстандықтардың міндеті. Ендеше, Тәуелсіздік елімізде Қазақстан халқының жүзі әрдайым ашық-жарқын болып, ертеңімізге сеніммен қарау және асу-асу белестерді бағындырып талай жетістіктерге жету үшін тілімізді, ұлтымызды, отанымызды қадірлейік!

Жарқайың ауданының ПБ ІжСКТ.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…