
zharkain
Аудан әкімі Жанболат Хамитов Державин қаласының тұрғындарымен кездесуін өткізді
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау шеңберінде, Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов Державин қаласының тұрғындарымен кездесуін өткізді.
Кездесуге аудандық ұйымдардың басшылары, аудандық прокуратура, полиция және денсаулық сақтау бөлімінің өкілдері қатысты.
Халықпен кездесу барысында аудан әкімі қала тұрғындарын ағымдағы жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, халықпен кездесу барысында Державин қаласының әкімі Талғат Бейсеновтың есебі және аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Серік Жаркеновтың атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды.
Халықпен кездесу соңында қаланың дамуына қосқан үлесі және қала өміріне белсенді қатысқаны үшін Жарқайың ауданының әкімі бірқатар алғыс хаттар табыс етті.
Жарқайың ауданының әкімдігінің баспасөз қызметі.
Құрметті ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, ардагерлері!
Сіздерді айрықша атап өтетін кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Ауыл шаруашылығы – азаматтарымыздың өмір сапасына тікелей әсер ететін экономиканың басты салаларының бірі. Сіздердің тынымсыз, тіршілікке қажетті еңбектеріңіздің арқасында бүгінде отандық аграрлық сектор қарқынды дамып келеді. Әрине, біз одан әрі еңбектеніп, еліміздің игілігі үшін әлеуетімізді арттыра беретін боламыз.
Сарқылмайтын еңбексүйгiштiгiн бейнелейтiн ауыл шаруашылық саласы қызметкерлеріне, өндiрiс озаттарына, барлық диқандар мен мал өсiрушiлерге кәсіби мереке қарсаңында ерекше алғыс пен ризашылығымды бiлдiремiн.
Бар өмірін туған жердің дамуына арнап жүрген сіздерге Жарқайың ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайына үлестеріңізді қосып, табысты еңбек пен төккен тердің жемісін көруге тілектеспін. Өңіріміздің дамуы мен шаруашылықтың шыңдалуы жолындағы еңбектеріңіз абыройлы болсын. Дендеріңізге саулық, бақыт, отбасыларыңызға береке тілеймін!
Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов.
Құрметті ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері! Қадірменді аудан тұрғындары!
Сіздерді халқымыздың алтын бесігі - ауылдың науқандық жұмыстары аяқталып, диқандардың ерте көктемнен қоңыр күзге дейінгі абыройлы еңбектерінің, табысты тірліктерінің салтанат құрар шағы, мерейін өсіріп, мәртебесін көтерер қуанышты сәті қараша айындағы агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ауыл шаруашылығы қашан да ел экономикасын алға сүйрейтін жетекші саланың бірі болған, солай болып қала береді.
Биыл, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологияларын қатаң сақтау және қолайлы ауа райы жағдайлары, орташа өнімділігі 10,7 ц/га-дан 700 мың тонна астық жинауға мүмкіндік берді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 73 млрд. 366 млн. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі -194,9%.
Аграрлық сектордағы табыс Мемлекет басшысының жеке қолдауы және инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы елеулі қаржылық көмек, егіншілік пен мал шаруашылығындағы алдыңғы қатарлы технологияны белсенді түрде енгізу, сала жұмысшылары мен мамандарының жанқиярлық еңбегі нәтижесінде мүмкін болды.
Қадірменді жерлестер! Еңбек еріне айналған диқандар!
Сіздерге еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы табанды еңбектеріңіз, өз істеріңізге деген жанашырлық және туған жерге деген таусылмас сүйіспеншілік үшін алғыс айтамын.
Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт және біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы игілігі жолында жаңа еңбек табыстарын тілеймін.
Алдарыңызда тұрған жауапты міндетті абыроймен атқарып, туған өлкеміз үшін аянбай еңбек етуге тілектеспін!
Баршаңызды мерейлі мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, еліміздің гүлденіп, халқымыздың ырысын молайту жолындағы ерен еңбектеріңізге толағай табыс, өздеріңізге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық тілеймін.
Еңбектеріңіз жемісті, әрбір күндеріңіз жеңісті болсын!
Мереке құтты болсын!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.
Учаскелерде сайлаушылардың тұратын жерін анықтайтын онлайн сервис іске қосылады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сайлау учаскелерінде азаматтардың нақты тұрғылықты жерін тексерудің онлайн сервисі ұйымдастырылады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Барлық сайлау учаскелерінде азаматтар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексеруге құқылы. Барлығына өздерін сайлаушылар тізімінде тексеру бойынша SMS хабарламалар жібіреілді. Бұл дауыс беру күнінде түсетін өтініштер санын азайту үшін жасалды. Оған мемлекет тарапынан қосымша шығындар қарастырылды. Кешеден бастап екінші рет SMS хабарламалар жіберіп жатырмыз. Біз бүгін жергілікті атқарушы органдарға қате хабарлама алғандар болса, онда оларды анықтап қайта қарауын сұрап, өтініш жолдадық», - деп атап өтті Константин Петров.
Оның айтуынша, сайлаушылардың тізімі нақтыланғаннан кейін ол «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жіберіледі.
«Екінші ақпараттық хабарламалар дұрыс болуы керек. Егер қандай да бір қателіктер болса, оларды түзету қажет. Әр сайлауда біз дауыс берушілер тізімінен өзін таба алмайтын адамдар болатынын байқаймыз. Сондықтан, азаматтарға барынша ыңғайлы болу үшін біз сайлау учаскелерінде азаматтардың нақты тұрғылықты жерін тексерудің онлайн сервисін ұйымдастырамыз. Егер азамат басқа қалада тіркелген болса, оны сайлаушылар тізіміне енгізе алмаймыз. Ол үшін сайлаушы 30 күн бұрын өтініш басқа учаскеде дауыс беретінін растап, өтініш беруі тиіс», - деді Константин Петров.
Еске сала кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров алдағы сайлауды өткізу кезеңдерін түсіндірген болатын.
15 елдің сайлау комиссиясының төрағалары Қазақстанға келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда 20 қарашада өтетін президенттік сайлауға 15 елдің сайлау комиссиясының төрағалары келеді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сайлау науқаны басталғалы Орталық сайлау комиссиясының 25 отырысы өтті, олар аумақтық сайлау комиссияларының, уәкілетті мемлекеттік органдардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен онлайн өткізіліп келеді. Тікелей интернет-трансляциялар жүргізіледі. Барлық отырыстарға халықаралық байқаушылар шақырылады. Палестина мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Монтасир Абузейд аккредиттеуге бірінші болып құжат тапсырды. Сонымен қатар, Мажарстан, Германия, Индонезия, Канада, АҚШ, Түркия, Финляндия, Франция, Швеция, Эстония сияқты елдердің елшілері, Армения, Беларусь, Ұлыбритания, Ирак, Иран, Қытай, Қырғызстан, Нидерланды, Ресей Федерациясы және Таиланд елшіліктерінің қызметкерлері аккредиттелген», - деді Н. Әбідров шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифингте.
Оның айтуынша, екіжақты ынтымақтастық желісі бойынша алдағы сайлауды бақылау үшін 15 елдің Орталық сайлау комиссияларының өкілдері, оның ішінде Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Орталық сайлау комиссияларының төрағалары келеді.
Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне алдағы Президент сайлауына дайындық туралы баспасөз мәслихатын өткізді.
Президенттік сайлауға 10 101 учаске әзірленді, оның ішінде 53 елде 68 сайлау учаскесі құрылды. Сайлаушылар тізіміне 11 миллионнан астам қазақстандық енді.
Сайлаушылар тізіміне 11 миллионнан астам қазақстандық енді – ҚР ОСК
АСТАНА. ҚазАқпарат – 20 қарашада өтетін президенттік сайлауға 10101 учаске әзірленді, оның ішінде 53 елде 68 сайлау учаскесі құрылды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ел бойынша сайлауға барлығы 10 101 учаске іске қосылады, сайлаушылар тізіміне 11 950 485 азамат енгізілді. 4 қарашадан бастап ел тұрғындарына өздерін тізімнен тексеруге мүмкіндік берілді. Учаскелік комиссиялар өз өкілеттіктері бойынша тізімдердегі қателер мен дәлсіздіктер туралы өтініштерді қарайды, оларға тиісті өзгерістер енгізу мәселелерін шешеді. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан 53 елде 68 сайлау учаскесі құрылды», - деді ҚР ОСК төрағасы шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифингте.
Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің мәтінін бекітті.
Сондай-ақ, ОСК басшылығы мен мүшелері барлық өңірлерге барып, аумақтық сайлау комиссияларының, учаскелік сайлау комиссияларының, дауыс беруге арналған учаскелердің дайындығын, барлық қажетті инфрақұрылымның дайындығын тексерген.
Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне алдағы Президент сайлауына дайындық туралы баспасөз мәслихатын өткізді.
Орталық сайлау комиссиясы шетелдік дипломаттарға сайлау процесін түсіндірді
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне алдағы Президент сайлауына дайындық туралы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұл — Қазақстан Тәуелсіздік алғалы өткізіліп жатқан жетінші президенттік сайлау. Мұны еліміздегі демократияның дамуындағы тағы бір маңызды кезең деп санауға болады. Бұл сайлау халқымызға Қасым-Жомарт Тоқаевтың үш жыл президенттігі туралы, әділ Қазақстан ұстанымы туралы пайымдауға мүмкіндік береді. Бұл сайлауда әртүрлі саяси көзқарасы бар алты кандидат додаға түседі, бәсекеге толы сайлау өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Президенттікке кандидаттар қатарына саяси партиялардың өкілдері ғана емес, әртүрлі бірлестік өкілдері де кіреді. Бір атап өтерлігі, біздің тарихымызда алғаш рет екі әйел Президенттікке үміткер болып отыр. Бұл – Қазақстанның демократиялық дамуындағы тағы бір қадам. Қазақстан көптеген жылдар бойы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мен әйелдердің бизнес пен саясаттағы рөлін арттыру қадамдарын жасап келеді. Қазір біз осы күш-жігердің жемісін көріп отырмыз. Әрине, дауыс беру Қазақстанның көзқарастарының шынайы көрінісі болса ғана сайлау нәтижесі Президентке нақты және мықты мандат береді. Осылайша, Үкімет сайлауды әділ және ашық етуге ниетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау науқаны заңға сәйкес ашық, жергілікті және халықаралық байқаушылардың көптеп қатысуымен өткізілетінін бірнеше рет айтты», - деді Мұхтар Тілеуберді.
Мұхтар Тілеуберді президенттік сайлауды халықаралық ұйымдар мен Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус бақылайтынын атап өтті.
«Біз барлық байқаушылармен өзара жұмыс істесуге және сайлаудың объективті бағалануына үміттенеміз. Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың жауапты мүшесі екенін атап өткім келеді, сондықтан біз сайлауды ұлттық заңнамаға және халықаралық стандарттарға сай өткізуге толығымен дайынбыз», - деп атап өтті спикер.
Министр алдағы сайлаудың бірнеше аспектілері туралы да айтты.
«Біріншіден, маусым айында қабылданған конституциялық түзетулер мен реформалардан кейін Президентке Мемлекет басшысы болған кезде қандай да бір саяси партияның мүшесі болуға тыйым салынған. Бұл Президенттің саяси күреске қатысуын болдырмау мен бәсекелестікке ықпал етуі үшін жасалды. Сол себепті Президент жыл басында AMANAT басқарушы партиясының төрағасы қызметінен кетті. Осылайша, бұл сайлаудың алдыңғы сайлаудан айырмашылығы, қазіргі Президент саяси партияның мүшесі ретінде ұсынылмайды
Екіншіден, былтыр заңнамаға түзетулер енгізілген соң, бюллетеньдерге «Бәріне қарсымын» бағаны енгізілді. Бұл баған алдағы сайлауда күшіне енеді. Ең бастысы – Президенттіктің жаңа мерзімі туралы айта кетейін. 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында президенттік мерзімін қайта сайлау құқығынсыз жеті жылмен шектеуді ұсынды. Ол президенттік мандатты бір мерзімге шектеу Мемлекет басшысының ұлттық дамудың стратегиялық міндеттеріне барынша мән беруіне ықпал ететінін айтты. Мұны біздің еліміз үшін нағыз демократиялық серпін деп санауға болады. Бір ғана жеті жылдық мерзім билікті монополиялау қатерлерін жояды және демократияның негізгі қағидаттарын нығайтады», - дейді Сыртқы істер министрі.
Оның айтуынша, алдағы сайлау елде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардан кейін өтеді. 10 күн бұрын Мемлекет басшысы азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен маусым референдумында қабылданған 6 маңызды заңға қол қойды. Осы заңдардың күшіне енуі саяси жүйені демократияландыруға және мемлекеттік билік тармақтары арасындағы Президенттің өкілеттіктерін шектеуге және Парламенттің рөлін күшейтуге қатысты тежеу мен тепе-теңдік жүйесін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.
«Парламент сайлауы келесі жылдың бірінші жартысына жоспарланған. Бұл сайлау кезеңі біздің саяси, үкіметтік және экономикалық жүйелерімізді қайта жандандырады және мемлекеттік басқаруды айтарлықтай жаңғыртады. Біз Президент және Парламент сайлауларына халық көптеп қатысады деп үміттенеміз. Біздің азаматтар ұлтымыздың болашағын анықтауда шешуші рөл атқаруы тиіс. Жаһандық геосаяси сын-қатерлерді ескерсек, алдағы сайлау Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық қоғамдастық үшін де маңызды. Халықаралық дағдарыстар жаһандық тұрақсыздық пен қауіп-қатердің себебі болып отырғаны баршаға аян. Осылайша, тұрақты және гүлденген Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың мүддесіне сай келеді, өйткені біздің еліміз кең ауқымды жаһандық ынтымақтастыққа, сауда мен дипломатияға жәрдемдесуге ұмтылады. Бұл сайлау осы мақсаттарға жетуге ықпал етеді. Біз халықаралық әріптестеріміз бен бүгін осында ұсынылған елдер тарапынан ынтымақтастық пен қолдау күтеміз», - деп толықтырды Мұхтар Тілеуберді.
Сайлау барысын 641 халықаралық байқаушы қадағалайды – ОСК
АСТАНА. ҚазАқпарат – 20 қарашада өтетін кезектен тыс ҚР Президенті сайлауы барысын 641 халықаралық байқаушы қадағалайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін сағат 18.00-де біз халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын 20 қарашада өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына аккредиттеуді аяқтадық. Осылайша, президент сайлауына 641 халықаралық байқаушы қатысады. Оның ішінде 10 халықаралық ұйымнан 532 бақылаушы және 35 шет мемлекеттен 109 бақылаушы», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссия отырысында.
Оның айтуынша, халықаралық бақылаушылардың қатысуы сайлаудың ашық әрі әділ өтуіне ықпал етеді.
«Сол арқылы біз халықаралық міндеттемелерге бейілділігіміз бен халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен сайлау саласындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыратындығымызды растай түсеміз», - дейді ол.
Бұған дейін Президент сайлауына халықаралық байқаушыларды аккредиттеудің аяқталғаны туралы хабарлаған едік.
ОСК төрағасы мәлімдегендей, «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңның нормаларына сәйкес шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың атынан байқаушыларды аккредиттеу сайлаудан бес күн бұрын жергілікті уақыт 18:00-де аяқталады.
Сайлау-2022: БАҚ сауалнама нәтижесін тек 15 қарашаға дейін жариялай алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта ағымдағы жылғы 20 қарашаға тағайындалған ел Президентінің кезектен тыс сайлауы шеңберінде үгіт-насихат кезеңі жалғасуда. Осы кезеңде сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу тәртібі заңмен қатаң реттеледі, деп хабарлайды ҚР Бас прокуртурасы.
Сауал салуды жүргізу құқығын іске асырудың негіздері мен тәртібі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 29-бабында (9-тармақ, бұдан әрі-Конституциялық заң) бекітілген.
Нақты айтқанда, аталған құқықтық нормаға сай қоғамдық пікірге сауал салуды оларды жүргізуде кемінде 5 жыл тәжірибесі бар, сауал салу ниеті туралы ОСК-ны (Орталық сайлау комиссиясын) алдын ала жазбаша хабардар еткен, тіркелген заңды тұлғалар жүргізуге құқылы.
Хабарламада сауалнама жүргізуге қатысатын және онда жұмыс тәжірибесі бар мамандар, олар жүргізілетін өңірлер, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.
Ағымдағы жылғы 14 қарашадағы жағдай бойынша осындай жазбаша хабарламалармен ОСК-ға 7 заңды тұлға жүгінді.
Сайлау күні дауыс беруге арналған үй-жайда қоғамдық пікірге сауал салу жүргізуге тыйым салынады.
Бұл ретте, сайлау күні сайлау учаскелерінен шығу кезінде ОСК-ны жазбаша хабардар еткен, заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғаларға сауал салуды жүргізуге рұқсат етіледі.
Өз кезегінде, БАҚ сауал салу нәтижелерін жариялау кезінде оны жүргізген заңды тұлғаны және сауал салуға тапсырыс берген және төлеген адамдарды, өткізу уақытын, ақпарат жинау әдісін, сұрақтардың нақты тұжырымын, сұралғандардың санын және сауал салу нәтижелерінің қателік коэффициентін көрсетуге міндетті.
Сауал салу нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулерді БАҚ-та жариялауға дауыс беру күніне дейін 5 күн ішінде және дауыс беру күні жол берілмейді.
Осылайша, ағымдағы сайлау науқаны жағдайында БАҚ сауал салу нәтижелерін 15 қарашаға дейін жариялай алады.
Сайлау күні сайлау учаскелерінен шыққанда жүзеге асырылған қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін БАҚ-та жариялау дауыс беру күнінен кейін рұқсат етіледі.
Конституциялық Заңның көрсетілген талаптарын сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабының тиісті бөліктері бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазіргі уақытта жеке тұлғалар жүргізген сауал салумен байланысты мұндай бұзушылықтардың 2 фактісі орын алды. Оларға әкімшілік айыппұл салынды.
Мазмұндалғандар туралы хабарлай отырып, Бас прокуратура, барлық жеке және заңды тұлғаларды, бұқаралық ақпарат құралдарын сайлау процесінің бұзылуына жол бермеуге, оның ішінде сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу және жариялау кезінде Конституциялық заңды мүлтіксіз сақтауға шақырады.
Президент сайлауы: Қазақстандықтар электронды құжат арқылы дауыс бере алады
АСТАНА. ҚазАқпарат – 20 қарашада өтетін кезектен тыс ҚР Президенті сайлауында дауыс берушілер жеке куәліктің электронды нұсқасын қолдана алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазір қазақстандықтардың арасында цифрлық құжатты қолдану үлкен сұранысқа ие. Ол құжаттың түпнұсқасының аналогы. Сондықтан азаматтар сайлауда EGOV mobile, Kaspi және Halyk банкінің мобильді қосымшалары арқылы цифрлық куәлікті пайдалана алады. Яғни дауыс беруші жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық нұсқасын ұсынуға құқылы. Сайлау комиссиясының мүшелері сайлаушылар тізімдері негізінде электронды куәлікті ұсынған кезде сайлаушыға дауыс беруге арналған бюллетень беруге міндетті», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссия отырысында.
Айта кетсек, бүгін сағат 18:00-де Президент сайлауына халықаралық байқаушыларды аккредиттеу аяқталды.
Сондай-ақ, ОСК бірнеше халықаралық ұйымы атынан тіркелген 2 байқаушыны аккредиттеуді тоқтатты.