Құрметті ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері! Қадірменді аудан тұрғындары!
Сіздерді халқымыздың алтын бесігі - ауылдың науқандық жұмыстары аяқталып, диқандардың ерте көктемнен қоңыр күзге дейінгі абыройлы еңбектерінің, табысты тірліктерінің салтанат құрар шағы, мерейін өсіріп, мәртебесін көтерер қуанышты сәті қараша айындағы агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ауыл шаруашылығы қашан да ел экономикасын алға сүйрейтін жетекші саланың бірі болған, солай болып қала береді.
Биыл, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологияларын қатаң сақтау және қолайлы ауа райы жағдайлары, орташа өнімділігі 10,7 ц/га-дан 700 мың тонна астық жинауға мүмкіндік берді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 73 млрд. 366 млн. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі -194,9%.
Аграрлық сектордағы табыс Мемлекет басшысының жеке қолдауы және инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы елеулі қаржылық көмек, егіншілік пен мал шаруашылығындағы алдыңғы қатарлы технологияны белсенді түрде енгізу, сала жұмысшылары мен мамандарының жанқиярлық еңбегі нәтижесінде мүмкін болды.
Қадірменді жерлестер! Еңбек еріне айналған диқандар!
Сіздерге еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы табанды еңбектеріңіз, өз істеріңізге деген жанашырлық және туған жерге деген таусылмас сүйіспеншілік үшін алғыс айтамын.
Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт және біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы игілігі жолында жаңа еңбек табыстарын тілеймін.
Алдарыңызда тұрған жауапты міндетті абыроймен атқарып, туған өлкеміз үшін аянбай еңбек етуге тілектеспін!
Баршаңызды мерейлі мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, еліміздің гүлденіп, халқымыздың ырысын молайту жолындағы ерен еңбектеріңізге толағай табыс, өздеріңізге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық тілеймін.
Еңбектеріңіз жемісті, әрбір күндеріңіз жеңісті болсын!
Мереке құтты болсын!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.