
zharkain
Мектеп автобусының кілті табысталды
Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Мария Жекебатырова жаңа мектеп автобусының кілтін Костычев ауылдық округінің Октябрдің 50 жылдығы атындағы мектеп директорына табыс етті.
Мектеп автобусы болашақта оқушыларға сапалы білім алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың түрлі іс-шаралар мен конкурстарға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтетінін атап өтті Мария Жүсіпөызы.
Бұл мектеп автобусы ерекше қажеттіліктері бар балаларды тасымалдау мүмкіндіктерін қоса алғанда, заманауи талаптарға жауап береді, қауіпсіздік белдіктерімен, бейнебақылау камераларымен, ашық есіктерде қозғалысты бұғаттау механизмімен жабдықталған.
Жарқайың ауданының әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қаржы министрлігі: Ұлықтау рәсіміне қосымша қаражат бөлінбейді
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев президентті ұлықтау рәсіміне қосымша қаржы бөлінбейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ол үкімет отырысында журналистерге айтты.
«Президенттің инаугурациясына бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді»-Ерұлан Жамаубаев.
22 қарашада ОСК басшысы Нұрлан Әбдіров 20 қарашада өткен Қазақстан президенті сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады. Қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31% дауыс жинап, жеңіске жетті.
Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді.
Ақпарат дереккөзі: https://Қаржыkaz.zakon.kz/6016386-karzhy-ministrligi-ulyktau-rsimine-kosymsha-karazhat-bolinbeidi.html
Президенттің 7 жылға сайлануы оң өзгеріс әкеледі деп ойлаймын - Испанияның Қазақстандағы елшісі
Бұл туралы Испанияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегро мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елші Президенттің жеті жылға сайлану мерзіміне қатысты пікірін алға тартты.
Әдетте өте күрделі шешімді қабылдау неғұрлым ұзақ мерзімді қажет ететіні белгілі. Мұндай ұзақ уақыттың керек еместігін жоққа шығарып, өзгерістерге бет бұрған азамат – жақсы көшбасшы деп ойлаймын. Бұл шешім (президенттің жеті жылға сайлануын – ред.) – оң өзгеріске алып келеді, - деп атап өтті Төтенше және өкілетті елші шетелдік дипломатиялық корпусқа арналған бірлескен брифингтен соң берген сұхбатында.
Айтуынша, Испания Корольдігінен бақылаушылар елімізде өткен сайлауларға бұған дейін де қатысқан.
Испанияда дауыс беру пункттері жұмыс істейді деп жоспарланып отыр. Біз Қазақстанға бақылаушы болып келетіндерге қолдау көрсетеміз. Испания тарапынан Қазақстандағы Президент сайлауына екі бақылаушы қатысады. Бұл алғашқы рет қатысуымыз емес. Бұған дейін өткен сайлауда да біздің тарапымыздан бақылаушылар келген еді, - деді Монтенегро.
Еске сала кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы елдегі дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған жиында шет мемлекеттердегі өкілдіктерінің жанынан 68 сайлау учаскесі құрылғаны туралы айтқан болатын.
Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/prezidenttin-7-zhylga-saylanuy-on-ozgeris-akeledi-dep-oylaymyn-ispaniyanyn-qazaqstandagy-elshisi-291914/
Палестина елшісі: Қазақстандағы Президент сайлауында бақылаушы боламын
Бұл туралы Палестинаның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі доктор Монтасер Абузейд мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мен 20 қарашада өтетін кезектен тыс Президент сайлауында халықаралық бақылаушы боламын. Президент сайлауын бақылаймыз. Елдеріңізде өтетін саяси оқиғаға осымен төртінші мәрте бақылаушы ретінде қатысқалы отырмын. Әдетте біз бақылаушы болған соң барлық учаскелерді аралаймыз. Бұған дейін мен қатысқан сайлаудың бәрінде дауыс беру ерікті түрде, халықаралық стандартқа сай өтті, - деп атап өтті Төтенше және өкілетті елші шетелдік дипломатиялық корпусқа арналған бірлескен брифингтен соң берген сұхбатында.
Айтуынша, сайлауды бақылайтын халықаралық бақылаушылардың қарасы көп.
Елшілер тарапынан халықаралық бақылаушы ретінде сайлауға мен ғана қатыспаймын. Саяси оқиғаны бақылайтын елші әріптестерім көп. Одан бөлек, шет мемлекеттерден келетін халықаралық ұйымдардың өкілдері де бар, - деді доктор Монтасер Абузейд.
Еске сала кетейік, бұған дейін Испанияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегро Президенттің жеті жыл мерзімге сайлануына қатысты пікірін айтып, бұл қадам елге оң өзгеріс әкеледі деп ойлайтынын айтқан болатын.
Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/palestina-elshisi-qazaqstandagy-prezident-saylauynda-baqylaushy-bolamyn-291919/
Депутат елімізде тауар бағасын төмендетуге қатысты ұсыныс айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманжан Жамалов инфляциямен күрес бағытанды тиімді тетіктерді құру мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тішісі.
«Бірде-бір тауардың бағасы арзандаған жоқ. Сонымен қатар, соңғы 10 айда азық-түлік инфляциясы 23 пайыздан асты. Ұлттық банк пен Үкімет бағаны ұстап тұрудың екі қауқарсыз құралын, яғни базалық мөлшерлеме мен «айналым схемасын» үнемі айналшақтап жүреді. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16 пайызға дейін көтерді. Базалық мөлшерлеменің жоғарылауы несие бойынша пайыздық мөлшерлеменің автоматты түрде көтерілетінін және несие алу бизнес үшін қиындай түсетінін білдіреді. Соның салдарынан бюджетке қымбат несиелер жүктеледі», - деді А. Жамалов Үкімет басшысы Әлихан Смайловтың атына жолдаған сауалында.
Сонымен қатар ол «айналым схемасына» тоқталды.
«Айналым схемасы» бойынша қазірдің өзінде 86,1 млрд теңге жұмсалды және тағы 14,9 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Естеріңізге сала кетейін, Мемлекет басшысы осы жылдың шілде айында «айналым схемасының» тиімділігіне күмән келтірген болатын. Бірақ ештеңе болмағандай айналым схемасы аясында жұмыстар жалғасып келеді. Біз ешқандай жаңа шешімдерді көрмедік. Ал Президенттің тапсырмасы іс жүзінде орындалмай жатыр. Бұл тұрғыда инфляцияны тежеу бағытында Ұлттық банк пен Үкімет бұрынғыдай әрекет етіп, бірақ жақсы нәтижеге үміттеніп отыр. Инфляциямен күрестегі басты мәселе – Ұлттық банк пен Үкімет арасында бірлескен, келісілген саясаттың жоқтығы деп білемін. Әркім мәселені өз бетінше шешеді», - деді депутат.
Осы орайда ол Қазақстандағы инфляцияға шетелден келетін өнімдер елеулі ықпал етіп отырғанын айтты. Еліміз азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек, тұрмыстық техника, құрылыс материалдарын, жиһаз және басқа да халық тұтынатын тауарларды үлкен көлемде импорттаймыз. Тек азық-түлік импорты 4 миллиард долларға жетеді.
«Біріншіден, Ұлттық банк өзіміздің өндіріті және нақты секторды дамыту үшін инвестиция мен несие қажет екенін түпкілікті түсінуі керек. 16 пайыз деңгейінде ешкім несие алмайды. Бізге ақша ағынын отандық өндірісті дамытуға бағыттайтын тиісті ақша-несие саясаты керек. Әзірге ол тек банктер мен ірі депозит иелерінің пайдасына жұмыс істейді. Екіншіден, импорттық жеткізу саясатын қайта қарау қажет. ЕАЭО және Орталық Азия аясында импорттың жаңа тиімді нұсқаларын үнемі іздестіру керек. Президенттің дипломатиялық бастамаларының жетістіктеріне және оның халықаралық беделіне сүйене отырып, Қазақстанның географиялық артықшылығын толық пайдалану қажет», - деді депутат.
Ақпарат дереккөзі: https://www.inform.kz/kz/deputat-elimizde-tauar-bagasyn-tomendetuge-katysty-usynys-aytty_a3999553
«2022 жылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін» конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурсты ұйымдастырушы: «Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Орналасқан жері: Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы Көкшетау қаласы, Абай көш. 96, Ақмола облысының аудандары, Көкшетау және Степногорск қалаларының кәсіпкерлік саласында жергілікті атқарушы органдар (кәсіпкерлік бөлімдер); пошталық мекенжайы: 02000, Көкшетау қаласы, Абай көш. 96; электрондық пошта мекенжайы: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.; байланыс телефоны: 8 (7162) 24-00-15, 24-00-14, 24-00-13; Конкурс нысанасы: Ақмола облысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үздік өкілдерін анықтау және белгілеу. Конкурс нысаны: ашық конкурс. Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер: Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 404 каб., Ақмола облысы аудандар, Көкшетау және Степногорск қалаларының кәсіпкерлік саласында жергілікті атқарушы органдар (кәсіпкерлік бөлімдер).
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер электрондық пошта арқылы, көрсетілген мекен-жайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді. Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2022 ж. «14» қарашадан бастап 2022 ж. «30» қараша аралығында, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.30-ға дейін (жергілікті уақытпен). Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2022 ж. «14» қарашаның сағат 10.00-де (жергілікті уақытпен). Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2022 ж. «30» қараша күні сағат 17.30-да (жергілікті уақытпен). Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upp/about?lang=ru сайтында танысуға болады.
Барлық сұрақтар бойынша Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ-не - 9-18-32 нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Тіл-ұлттың тұғыры
Тіл-ұлттың тұғыры" тақырыбында мемлекеттік тіл туралы өлеңге ән жазу бойынша облыстық онлайн байқауына Жарқайың ауданы атынан Сәт Жүрмағанбетов қатысты. Тіл тақырыбында жазылған сөзі мен әнінің авторлығы және өнерлігінің жоғары бағаланғаны үшін Ақмола облысының Ішкі саясат басқарма басшысының алғыс хаты мен жаңа домбыра сыйлығымен марапатталды.
Жарқайың ауданының "Ішкі саясат, мəдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ.
Хабарландыру
Құрметті Жарқайың ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Ағымдағы жылдың 19 қарашасында сағат 10.00-ден бастап Державин қаласының коммуналдық базарда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Нарықтық бағадан төмен бағамен өнімдердің кең ассортименті (нан-тоқаш өнімдері, сүт өнімдері, ет өнімдері, құс еті, астық қалдықтары) ұсынылатын болады.
Ұлттық валюта күні ауданымызда тойланды
15 қараша Қазақстанның Ұлттық валютасы – төл теңгеміздің айналымға енгізілген күні. Сондай-ақ, бұл күн республикада қаржыгерлердің кәсіби мерекесі ретінде де аталып өтеді. 1993 жылдың 12 қарашада «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойылды. Бұған дейін екі жыл бойы теңгені қолданысқа енгізуге күрделі дайындық жүргізілген еді. Нәтижесінде, 1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енген болатын.
Ұлттық валюта атауын таңдауда үлкен дау болды: "алтын", "ақша", "таньга" ("тенга") нұсқалары ұсынылды. Қазақстандық валютаны тіпті "сом" деп атау жоспарланған – кеңес рублі кеңестік банкноттарда қазақ тіліне аударылғанда осылай белгіленген.
Алайда 1993 жылы Қырғызстан қырғыз сомын енгізгеннен кейін "теңге" атауы қабылданды. Ортағасырлық түркі күміс монеталардың "денге" немесе "танга" деген тарихи атауы болған. Атауды академик Сауық Тәкежанов ұсынды. Жүз есе бөлігін "тиын" деп атады.
Осылайша ауданымызда Ұлттық валюта күніне және Қазақстан Республикасы қаржыгерлердің кәсіби мерекесі ағымдағы жылдың 15 қарашасында аудан әкімдігінің мәжіліс залында салтанатты іс-шара өткізумен тойланған еді.
Мерекелік іс-шараға қатысушыларына Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Шонов құттықтау сөз айтып, тілек білдірді. Сонымен қатар, Аудан әкімі Ж.Хамитовтың атынан бірқатар алғыс хаттарды табыс етті. Ал аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері арнайы дайындалған шағын концертін табыстады.
«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырыстары өтті
2022 жылдың 10 қарашасында Жарқайың аудандық мәслихатының бюджеттік саясат және ауданның экономикалық дамуы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Күн тәртібінде: Далабай және Тассуат ауылдарын дамыту мәселелері мен перспективалары туралы мәселелері қарастырылды.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысына Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары М.Ж.Жекебатырова, аудандық мәслихаттың депутаттары, комиссия мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және шақырылғандар қатысты. Отырыс барысында ауыл әкімдеріне ауылдың даму мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, аулыдарда туындаған мәселелерді шешу жолдары және қысқа мерзімді жоспарлар тыңдалды. Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар тиісті ұсыныстар мен қаулы қабылдады.
Ағымдағы жылдың 11 қарашасында аудандық мәслихаттың Депутаттық өкілеттік және этика, әлеуметтік сала және заңдылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Отырысқа Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Мария Жүсіпқызы Жекебатырова, аудандық мәслихаттың депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және шақырылғандар қатысты.
Жарқайың ауданының тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы» мәселесі қаралды.
Отырысқа қатысушылар баяндаған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, сол мәселелерді шешу жолдарын бірлесіп қарастырды.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелері тиісті ұсынымдармен қаулы қабылдады.
Жарқайың аудандық мəслихатының баспасөз қызметі.