Ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті
Ауданымыздың орталығының коммуналдық базарында ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізу игі дәстүрге айналған. Осылайша, 2022 жылғы 19 қараша күні Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына орай және бағаны тұрақтандыру қарсаңында Державинск қаласында сағат 10:00-ден бастап өткен болатын. Өнімдер ауданымыздың түпкір түпкірінен әкелінді, әр ауыл өз үлесін қосуға тырысты, сондай-ақ "Ақ бидай" ЖШС және "Алтын-Дән кз" ЖШС элеваторлары да өз өнімдерін жәрмеңке сөресіне жеткізді. Жәрмеңкеде ауданымыздың тұрғындары тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерінің түр түрін (нан-тоқаш өнімдері, сүт өнімдері, ет өнімдері, құс еті, ешкі және тірі қошқарлар, астық қалдықтары) нарықтағы бағадан төмен бағамен сатып алуға мүмкіндігі болды.
«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.