г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

Қаламыздың орталығындағы "Автобөлшектер" дүкенінің иесі Андрей Ивахненконы аудан азаматтары жақсы танитыны жасырын емес. Себебі, көлігінен ақау тапқан жүргізушілер бірден қажетті керек жарағын осы дүкеннен тауып жатады. Әрі, мұнда тапсырыста береді. Біздің айтпақ ойымыз дүкен жайлы емес. Нақтырақ айтсақ, Андрей Валерьевич жайлы болмақ. Оның қазақ тілінде таза сөйлейтінін бірі білсе, бірі білмес. "Бүгінде, күн өткен сайын, қазақ тілін білуімнің қажеттілігі артып келе жатыр" - дейді ол, өз сөзінде. Өйткені, қазақ тілді азаматтар көбінде орысшаға тілі бұратылып, қажетті құралдарын сатып алу үшін ұялып болсада сұрап жатады екен. Сол уақытта "қазақша айта беріңіз" дегенде, әлгіндегі сатып алушылар қуанып, әрі таңырқап қалатын көрінеді.

Қостанай облысы, Әулиекөл ауданына қарасты Қаймақкөл ауылында туып өскен А.В. Ивахненко қазақша сөйлеуді бала кезінде әуелі әжесінен, кейін, құлын-тайдай тебісіп, бала кез, балғын шағын бірге өткізген, қазақ достарынан үйреніпті. Оның сөзінше Надежда әжей үйіне келген қонақтармен шүйіркелесіп, ескінің естеліктерін, көненің әңгімелерін қазақ тілінде емін-еркін айтатын көрінеді. Бұл күні, Андрей Валерьевич екі ұлына қазақ тілін үйретіп жүр. Соның бірі, осы дүкеннің екінші бөлігінде көлік қажеттіліктерін сататын Артем Андреевич. Ол таза қазақша сөйлемесе де, көп сөзді, қазақша жазуларды түсінемін дейді.

"Тіл үйрену ешқашан кеше емес. Сол себепті, біл білме, әйтеуір былдырлап, тілің күрмеліп болсын сөйлей бер, түбінде кез-келген тілді үйреніп аласын - дейді, А.В. Ивахненко

- Қазіргі күні кәсіпкерлерге қазақ тілін тез үйрену үшін бүкіл жұмысты тастап, арнайы оқу орталықтарына барып, ұзақ уақыт дайындалу керек. Ал, бүгінде бәсекелестік дамып, ақшаны қалай тапсам екен деген уақытта көпшілігінің қолы тие бермейді- деп, Андрей Валерьевич ағынан жарылды.

Расымен де, тіл үйренем деген адам, ешкімнен қорықпай, білгенінше сөйлей берсе, қай тіл болмасын үйреніп алары хақ. Ал, мемлекеттік тілді біл, әр азаматтың Отан алдындағы борышы, әрі алдағы уақытта нан табу құралы болмақ. Олай дейтініміз, Тәуелсіздігімізді алған 32 жыл уақыт ішінде қазақ тіліне деген қажеттілік уақыт өткен сайын артып келе жатыр. Әрі, мемлекеттік тілде сөйлейтін өзге ұлт өкілдерінің саны өссе кеміген емес. Оған бүгінгі кейіпкеріміз Андрей Валерьевичпен оның ұлы Артем дәлел.

Кез-келген мекемеде, сауда орталықтарында қызметті мемлекеттік тілде де, ресми тілде де теңдей көрсететін болса, әрине, бұл мекемеге, сауда нүктелеріне жүгінетін азамттардың қарасы көбейіп, ісі алға домалары анық. Сол себепті, болашақты бүгіннен ойланайық...

"Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі,  Халықаралық "Қазақ тілі қоғамы"  ҚБ, Жарқайың аудандық филиалының төрағасы О.Зейнолла.

Понедельник, 23 января 2023 03:53

Кезектен тыс 41 конференция

12  қаңтар күні аудан Мәдениет үйінің ғимаратында "АМАНАТ" партиясы Жарқайың аумақтық филиалының кезектен тыс 41 конференциясы өтті. Конференция жұмысына "АМАНАТ" партиясы Ақмола өңірлік филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі және бастауыш партия бірлестіктерінің делегаттары қатысты.  Конференция барысында "AMANAT" Партиясының Жарқайың аумақтық филиалының 2022 жылғы жұмысының қорытындысы туралы партияның аумақтық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлжан  Баегизова сөз сөйледі

Жиында "AMANAT" Партиясының Жарқайың аумақтық филиалының 2022 жылғы жұмысының қорытындысы бірауыздан қанағаттанарлық деп танылды.

"AMANAT" партиясының орталық аппаратымен келісім бойынша "AMANAT" Партиясының Жарқайың аумақтық филиалының төрағасы лауазымына партияның аумақтық филиалының Атқарушы хатшысы Баегизова Гүлжан Маркенқызын сайлау туралы ұсынысты конференция делегаттары қолдады. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты "AMANAT"Партиясының Жарқайың аумақтық филиалының Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы ұйымдастыру мәселесі қаралды. Конференция барысында "AMANAT" партиясының мүшесі Асылбек Арыстанбеков "AMANAT" партиясынан Ақмола облысы Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылының әкіміне ұсынылды. Конференция соңында "AMANAT" Партиясының Жарқайың аумақтық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті.

"Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі  О.Зейнолла.

16 қаңтарда Жетінші шақырылған Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімі Ж. Хамитов, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияға аудандық мәслихат депутаты А.Әлжанов төрағалық етті.

Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібінде Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7С-1/5 «Аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымының хатшысын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, «аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 11 қаңтардағы №6С-35/3 «Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясын сайлау», «Жарқайың аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларын сайлау», «аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 11 қңтардағы №6С-35/4 «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, «Жарқайың ауданының басқару схемасын бекіту туралы», Жарқайың аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 мамырдағы №7С-31/3 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы ережесін және құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі №7С-11/4 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу, Ақмола облысы Жарқайың ауданы Костычево ауылдық округі Костычево ауылын Ақмола облысы Жарқайың ауданы Костычево ауылдық округі Сарыарқа ауылына қайта атау бойынша ұсыныс енгізу туралы  мәселелер қаралды.

Қаралған мәселелер бойынша ақпараттар тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

"Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі.

Понедельник, 23 января 2023 03:52

ОСК сайлау нәтижесін жариялады

Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутаттарын сайлаудың нәтижесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл жолы әр өңірден 1 өкілден 20 сенатор сайланған. Орташа есеппен бір орынға 6 адамнан келген. Жалпы, 130 кандидат ұсынылып, 55 кандидат дауысқа түскен.

  • Астанадан Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай.
  • Алматыдан "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Жанна Асанова.
  • Шымкенттен қазіргі сенатор Нұрлан Бекназаров.
  • Абай облысынан Семей құрылыс колледжінің директоры Қайрат Тастекеев.
  • Ақмола облысынан Талғат Жүнісов, Ақмола облыстық мәслихатынан, хатшы.
  • Алматы облысынан сенатор Жанболат Жөргенбаев.
  • Жамбыл облысынан Сәкен Арубаев, Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі.
  • Атырау облысынан Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Әлібек Нәутиев.
  • Батыс Қазақстан облысынан Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов.
  • Жетісу өңірінен қазіргі Парламент Сенаты депутаты Амангелді Толамисов.
  • Түркістан облысынан Мұрат Қадырбек, Жетісай ауданының әкімі.
  • Қарағанды облысында Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы Серік Өтешов.
  • Қостанай облысында Қостанай облысы әкімі аппараты Бас басқармасының бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов.
  • Қызылорда облысында Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов.
  • Маңғыстау облысында Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаров.
  • Павлодар облысында "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" ММ облыстық мәслихатының хатшысы Ернұр Әйткенов.
  • Солтүстік Қазақстан облысынан Білім министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
  • Ұлытау облысынан Советбек Медебаев.
  • Шығыс Қазақстан облысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғытов.
  • Ақтөбе облысында Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Амангелді Нұғманов.

Ақпарат дереккөзі: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/osk-saylau-natijesn-jariyaladyi-347214/

 

Понедельник, 23 января 2023 03:51

Кадрлық өзгерістер

Аппараттық кеңесте Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов аудан активін кадрлық өзгерістермен таныстырды.

Жарқайың ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №А-12/436 қаулысымен «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне және «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды.

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовтың 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №104 өкімімен «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып Азамат Беріктасұлы Баймулдинов тағайындалды.

2022 жылғы 29 желтоқсандағы №105 өкімімен «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып Белгібаева Қымбат Серікқызы тағайындалды.

Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Дәстүр бойынша 19 қантар күні православиелік шеркеуінің «Крещение Господня» діни мейрамы атап өтіліп, көптеген адам мұзды суға шомылып шығуға ұмтылады. Аталмыш мейрам жыл сайын бұқаралық сипат алуда. Қауіпсіз шомылу үшін келесі Ережелер есте сақтауларыңызға ұсынылады:

  • суға толық кіріп-шығу (шомылу) жағалауға жақын арнайы жабдықталған, мүмкіндігінше суда құтқару бекеттері маңында құтқарушылардың бақылауымен болғаны дұрыс;
  • осындай ойықтарды Крещение мерекесі қарсаңында үлкен қалаларда өзендерде арнайы жабдықтайды. Осындай орындардың орналасуы жөнінде тұрғындарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді;
  • ойылған мұзда шомылар алдында денені қыздырып, қимылдатып, шамалап жүгіру қажет;
  • аяқтың сезімталдығын жоғалтып алмау үшін ойылған мұзға оңтайлы, тайғанамайтын және оңай шешілетін аяқ-киіммен бару қажет. Ең жақсысы аяққа бәтіңке немесе жүнді шұлық киіп барған дұрыс. Аяғыңызға арнайы резеңке тәпішке кисеңіз олар аяғыңызды үшкір тастар мен қатып қалған тұздардан қорғап, сіздің тайғанауыңызға жол бермейді. Ойылған мұзға бара жатып, оның тайғанақ екендігін есте сақтаңыз. Баяу және өте сақ болып жүріңіз;
  • суға түсетін сатының тұрақты қойылғандығына көз жеткізіңіз. Тым болмаса, шомылушылар судан шығулары үшін ойылған мұз ішіне түйілген мықты арқанның басын сақтандыру үшін тастау қажет. Арқанның келесі ұшы жағалауға мықтап байлануы керек;
  • ми тамырларының рефлекторлық тарылуына жол бермеу үшін басын суламай, мойынға дейін батыру керек; Ойылған мұз ішіне ешқашан баспен сүңгімеңіз. Суға секіру және басты суға батыру ұсынылмайды, себебі ол температураның жоғалуын арттырады және суықтан шок әкелуі мүмкін;
  • суға алғаш түскен бетте өзіңізге қажет тереңдікті тауып алуға тырысыңыз, бірақ жүзімеңіз. Есіңізде болсын, суыққа сіздің денеңіз үйренісімен суық су қауіпсіз жиі тыныс алуды шақыруы да мүмкін;
  • ағзаның суып кетпеуін болдырмау үшін мұзды суда 1 минуттан артық болмаңыз;
  • егер сізбен нәресте болса, оның суға түсуі кезінде оны назардан тыс қалдырмаңыз;
  • суға шомылып (сүңгіп) шыққан кейін өзіңізді және нәрестені түкті орамалмен сүртіп, құрғақ киім кидіріңіз;
  • иммунитетті нығайту және ағзаның тоңу мүмкіндігін болдырмау үшін алдын ала термосқа даярланған ең жақсысы жеміс-жидек, көкөністен жасалған ыстық шәй ішу қажет.

АЗАМАТТАР! Мұзды суға шомылар алдында медицина қызметкерлерінің кеңесіне құлақ түріңіздер.

Мына аурулар кезінде азаматтарға қыста шомылуға болмайтындығы көрсетілген:

  • жүрек тамырлары жүйесі (жүрек клапандарының туа біткен және жүре пайда болған ауруы, стенокардия ұстамалары бар жүректің шаншу ауруы, миокард инфарктың алғандар, коронарлы-кардиосклероз, II және III сатыдағы гипертония ауруы);
  • орталық жүйке жүйелі (эпилепсия, бас сүйегінің ауыр жарақат алу зардаптары, анық байқалатын бас миы тамырларының склерозы, сирингомиелия, энцефалит, арахноидит);
  • көру органдары (глаукома, коньюктевит);
  • тыныс алу органдары (белсенді және асқынған сатыдағы өкпе құрт ауруы, өкпенің қабынуы, бронхиальды астма, эмфизема);
  • тері-венерологиялық аурулары;
  • Крещение Господня кезінде мұзды суда шомылу үшін не қажет:
  • орамал мен түкті халат, бір сыдырғы құрғақ киім;
  • суға түсуге арналған жеңіл киім, іш киіммен мен де болады;
  • аяқты жаралап алмас үшін тайғанамайтын тәпішке, ең жақсысы жүнді шұлғы, бәтеңке, киіп алып суға түсе беруге болады;
  • резеңке бас киім.

«Крещение Господня» мейрамын тойлау мерзімінде тұрғындардың шомылу орындары арнайы жабдықталып, суға түсіп, шығуы үшін көмекші құралдары болуы керек.

Судың тереңдігі 1,5 метрден аспауы керек. Ойылған мұз асты бей тегіс құмды болыу қажет. Масаң күйде шомылуға қатаң тиым салынады.

Жарқайың ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.

Страница 50 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…