Кадрлық өзгерістер
Аппараттық кеңесте Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов аудан активін кадрлық өзгерістермен таныстырды.
Жарқайың ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №А-12/436 қаулысымен «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне және «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды.
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовтың 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №104 өкімімен «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып Азамат Беріктасұлы Баймулдинов тағайындалды.
2022 жылғы 29 желтоқсандағы №105 өкімімен «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып Белгібаева Қымбат Серікқызы тағайындалды.
Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.