Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс 43 сессиясы
16 қаңтарда Жетінші шақырылған Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі Ж. Хамитов, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияға аудандық мәслихат депутаты А.Әлжанов төрағалық етті.
Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібінде Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7С-1/5 «Аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымының хатшысын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, «аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 11 қаңтардағы №6С-35/3 «Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясын сайлау», «Жарқайың аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларын сайлау», «аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 11 қңтардағы №6С-35/4 «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, «Жарқайың ауданының басқару схемасын бекіту туралы», Жарқайың аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 мамырдағы №7С-31/3 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы ережесін және құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі №7С-11/4 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу, Ақмола облысы Жарқайың ауданы Костычево ауылдық округі Костычево ауылын Ақмола облысы Жарқайың ауданы Костычево ауылдық округі Сарыарқа ауылына қайта атау бойынша ұсыныс енгізу туралы мәселелер қаралды.
Қаралған мәселелер бойынша ақпараттар тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.
"Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі.