
zharkain
Сайлауда байқаушы болуға 6 үкіметтік емес ұйым өтінім берді - ОСК
Сайлауда байқаушы болуға 6 үкіметтік емес ұйым өтінім берді - ОСК
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сайлауда байқаушы болуға ниет білдірген 6 үкіметтік емес ұйымның өтінімі қаралып жатыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы сарапшылық кеңестің кеңейтілген отырысында ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазірдің өзінде 6 үкіметтік емес ұйым республика деңгейінде сайлауда байқаушы болуға ниет білдірді. Олар аккредиттеу үшін құжаттарын тапсырды. Оларды Орталық сайлау комиссиясы қарайды. Мемлекеттік органдардан тиісті жауап алу үшін көп уақыт кетеді. Барлығы қаралады, барлық ұйым рұқсат алады деп сенемін. Ол негізінен құзырлы органдардың қандай қорытынды жауап беретініне байланысты», - деп мәлім етті Нұрлан Әбдіров.
Саяси белсенділіктің жаңа алаңы құрылады – Сарапшы Мәжіліс пен мәслихат сайлауы туралы
Саяси белсенділіктің жаңа алаңы құрылады – Сарапшы Мәжіліс пен мәслихат сайлауы туралы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Алдағы сайлау Қазақстанның саяси жүйесін біртіндеп қайта форматтауға ықпал етеді. Бұл пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Татьяна Липина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сарапшы сайлау жүйесі өзгергенін, пропорционалды-мажоритарлық форматта өтетінін еске салды. Енді Мәжіліс депутаттарының үштен бірін қазақстандықтар тікелей сайлай алады.
«Мажоритарлық жүйе сайлаудың ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл мәслихаттарға да қатысты. Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада депутаттардың жартысы округтер бойынша, жартысы – партиялық тізіммен сайланады. Басқа елді мекендерде мәслихаттар құрамы толығымен округ бойынша сайланады. Яғни, жергілікті халық партияны емес, нақты адамдарды таңдайды», - деп жауап берді Татьяна Липина агенттік тілшісінің сауалына.
Оның пікірінше, жаңа шақырылған Мәжіліске сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіру міндеті қойылуы керек. Мысалы, сайлаудың ашықтығын қамтамасыз ету шараларын кеңейту қажет.
Сонымен бірге, спикер партиялардың сайлауалды платформалары мен кандидаттары бекітілетін съездер кезеңі басталатынын атап өтті.
«Партиялардың алдағы 6 жылға ұсынған бағдарламаларына қарап, қай партияның бұл мәселеге жүйелі түрде келгенін көруге болады. Көп нәрсе олардың сайлауалды стратегиясы мен саяси технологияларына байланысты. Бұл сайлаушылардың саяси жетілуін анықтайтын сынақ болмақ. Сондай-ақ, партия ұсынған кандидаттардың о баста қалыптастырған жеке бренді партияның күн тәртібін танымал етуге ықпал етуі мүмкін. Қалай болғанда да, бүгінгі таңда сайлауға қатысуға тіркелген 7 партия белсенді жарысқа кепілдік береді», - дейді Татьяна Липина.
Сондай-ақ, ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері депутаттыққа ұсынылғысы келетіндердің өте белсенді екенін айтты. Оның айтуынша, бәрі бірдей талапқа сай келе бермейді, бірақ сайлауға түсуге ниет білдіру саяси мәдениетті қалыптастыру мен азаматтық белсенділікті ынталандыру тұрғысынан маңызды.
«Сайлау науқанынан өткендер сайлау нәтижесіне қарамастан, саяси белсенділіктің жаңа алаңын құрады. Олар басқа да сайлау қарсаңында саяси қызметін жалғастыра берсе, депутаттық мандаттар босаса, маңызды нәтиже болады», - деп түйіндеді сарапшы.
Айта кетейік, биыл 19 наурызда елімізде Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді және осы күні мәслихат депутаттарын да сайлау жоспарланған.
Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысуға 7 партияға рұқсат берілді.
«Байтақ» пен Respublica бүкіл өңірлерде мәслихат депутаттарын сайлауға қатысады
«Байтақ» пен Respublica бүкіл өңірлерде мәслихат депутаттарын сайлауға қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Байтақ» және Respublica партиялары барлық облыстық мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысады. Мұндай шешім Орталық сайлау комиссиясының отырысында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы 2023 жылғы 21 және 27 қаңтардағы қаулымен 15 өңірдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауға жіберілді. Қазіргі уақытта партия филиалдары бірқатар басқа облыста құрылды. Respublica саяси партиясы 2023 жылғы 21 және 27 қаңтардағы қаулымен 19 өңірдің мәслихат депутаттарын сайлауға жіберілді. Қазіргі уақытта партия филиалы Атырау облысында құрылған. Осыған байланысты «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясын Абай, Ақмола, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары мәслихаттарының депутаттарын сайлауға қатысуға жіберудің кейбір мәселелері туралы қаулыны, Respublica партиясын Атырау облыстық мәслихаттары депутаттарын сайлауға қатысуға жіберудің кейбір мәселелері туралы қаулыны қабылдау ұсынылады», - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.
Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулы қабылдады.
Қазақстан халық партиясы ОСК-ға кандидаттар құжатын тапсырды
Қазақстан халық партиясы ОСК-ға кандидаттар құжатын тапсырды
Қазақстан халық партиясы ОСК-ға кандидаттар құжатын тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Мәжіліс сайлауына кандидаттар құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл құжаттар тізімінде партияның жоғары органының хаттамасынан үзінді, ҚР Әділет министрлігінде саяси партияны тіркеу туралы құжаттың көшірмесі, партиялық тізім, азаматтардың партиялық тізімге енуге келісімі туралы өтініші және өмірбаяндары, мүгедектігі бар кандидаттардың анықтамалары бар.
Ал тіркеу кезінде кандидат пен оның жұбайының 2023 жылғы 1 қаңтарға активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы және сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат талап етіледі.
Партиялық тізімде үш санат өкілдерінің: әйелдердің, жастардың, мүгедектігі бар адамдарың саны жиынтығында оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс.
«Бір мақсатымыз ғана бар – тек қана жеңіске жету керек. Бүгін Халық партиясынан кандидаттар тізімін тапсырып шықтым. Онда 52 кандидаттан құралған тізім бар. Өздеріңіз білесіздер, дүйсенбі күні біздің Халық партиясының съезін өткіздік, мен баяндама жасадым, сонда бәрін айттым. Қазір еш алып-қосарым жоқ. Сайлау туралы заңға сәйкес, әзірге ешқандай ақпарат жариялай алмаймыз. Орталық сайлау комиссиясы ешқандай үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынғанын ескертті», - деді Е. Ертісбаев Орталық сайлау комиссиясында тілшілерге берген сұхбатында.
Еске сала кетсек, кандидаттарды ұсыну сайлауды тағайындау туралы Жарлық жарияланған күннен басталады және 20 күнге созылады, 8 ақпанда әр аймақта жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады. Үміткерлерді тіркеу 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін жалғасады.
Айта кетейік, 30 қаңтарда Қазақстан халық партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезінде кандидаттар тізімі бекітілген еді. Партиялық тізімде алты ұлттың өкілі бар. Кандидаттардың орташа жасы 50 жас. Сонымен қатар тізімдегі әйелдер, жастар және мүгедек жандардвң үлесі 32,6 пайызды құрайды.
«Ауыл» партиясы кезектен тыс съезін 4 ақпанға белгіледі
«Ауыл» партиясы кезектен тыс съезін 4 ақпанға белгіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 ақпанда Астана қаласында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс ХХІІ съезі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл шешім партия президиумының 23 қаңтардағы отырысында қабылданған.
Съезде партияның Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауына қатысу мәселелері қаралады.
Жиынға Қазақстанның өңірлерінен 100-ден аса делегат қатысады деп күтіліп отыр.
«Ақ жол» партиясы Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін бекітті
«Ақ жол» партиясы Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін бекітті
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясы 19 наурызда өтетін Мәжіліс депутаттарын сайлауына кандидаттар тізімін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биылғы Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы ерекше өтеді. Мемлекет басшысы бұл сайлаудың болатынын жарты жыл бұрын жариялады. Сондықтан бүкіл саяси күштерге, партияларға, оның ішінде біздің партиямызға дайындалуға толық мүмкіндік берілді», - деді «Ақ жол» демократиялық партиясының ХХІ құрылтайында саяси ұйым басшысы Азат Перуашев.
Құрылтай барысында Мәжіліс сайлауына партиялық тізім арқылы 54, ал мажоритарлық жүйе арқылы 24 адам кандидат ретінде бекітілді.
Сонымен қатар барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлауға «Ақ жол» партиясының атынан 174, ал мажоритарлық жүйемен 652 ұсынылатын болды.
«Ақ жол» демократиялық партиясынан Мәжіліс депутаттығына мажоритарлық жүйе бойынша түсетін үміткерлер тізімі
Өмірзақов Тұрсынбек Қазенұлы - «О'Азамат» Холдингтік компанияның президенті (Астана қаласы)
Бисекенов Нұрғали Рыспайұлы - Жылқы тұқымдарының республикалық палатасы кеңесінің төрағасы (Астана қаласы)
Сағадиева Рауан Бахтыбекқызы - «Ерекше балаларының ата-аналар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің тең құрылтайшысы және басқарма төрағасы(Алматы қаласы)
Ауғанбаева Алма Құрманқызы - Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының КММ директорының орынбасары (Алматы қаласы)
Ергөбек Құлбек Сәрсенұлы – Әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы, профессор (Шымкент қаласы)
Сапарбаев Самат Сағатұлы - Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры ( Ақтөбе облысы)
Алтаев Берік Жайлауұлы - «Казнутривет» ЖШС директоры ( Алматы облысы)
Сағымбаев Қуаныш Мұсаұлы - «Иманкулова» ЖК директоры (Алматы облысы)
Құрманғалиев Жасұлан Мұратұлы - «Отбасы Банк» АҚ Жетісу облыстық филиалы директорының орынбасары (Жетісу облысы)
Жұмағалиева Гүлмира Сабырқызы - «Атамекен» ҰК палатасының Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы, Махамбет аудандық мәслихатының VІІ шақырылым депутаты ( Атырау облысы)
Қазбекова Меруерт Айтқажықызы - «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары(Ақмола облысы)
Гүлжанат Рахатқызы - CENTRIUM Балалар мен жастарды дамыту орталығының басшысы (Абай облысы)
Рамазанова Алтынай Төлеуханқызы - «Baker Street» ЖШС директоры (Шығыс Қазақстан облысы)
Жатқанбаева Мадина Оналбайқызы - Журналистік зерттеу агенттігі «Xaqmedia» бас редакторы (Жамбыл облысы)
Гумаров Наурызбай Қайыршаұлы - «Өріс» ЖК директоры (Батыс Қазақстан облысы)
Карибов Әділ Әлиақпарұлы – Кәсіпкер (Қостанай облысы)
Прманов Жорабек Әкімбекұлы - «Ақ жол» демпартиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, Қызылорда облыстық маслихатының VII шақырылым депутаты (Қызылорда облысы)
Шиллер Марина Васильевна - Теміртау қалалық іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, «Про бизнес» ЖШС атқарушы директоры (Қарағанды облысы)
Сүлейменов Дулат Дүйсенбекұлы - Ұлытау ауданы Ақтас кентінің әкімі (Ұлытау облысы)
Сатыбаев Фуат Сайдахметұлы - ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты( Павлодар облысы)
Ысқақов Жаслан Мадиярұлы - «НТС Агро» ЖШС директорының кеңесшісі ( Солтүстік Қазақстан облысы)
Бижанов Нұрбол Орынбасарұлы - «Шымкент бөлімшесі ММ» қауіпсіздік қызметінің бастығы (Түркістан облысы)
Ибадуллаев Төлеген Ерболұлы - «Hill Corporation» ЖШС (Түркістан облысы)
«Ақ жол» демократиялық партиясынан Мәжіліс депутаттығына партиялық тізім бойынша ұсынылатын үміткерлер тізімі
Перуашев Азат Тұрлыбекұлы - «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты
Еспаева Дәния Мәдиқызы - ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты
Дүйсембинов Берік Сәлімжанұлы - ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты
Барлыбаев Ерлан Хайланұлы – ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты
Иса Қазыбек Жарылқасынұлы - ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты
Раманқұлов Мақсат Базаралыұлы – ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты
Ерубаев Серік Сәрсенұлы - ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты
Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы - «Гранд-Ханака» ЖШС директоры, Түркістан облыстық кеңесінің мүшесі
Нұралдинов Олжас Елтайұлы - «Ақ жол» демпартиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы, «KBT-Group» ЖШС бас директоры
Өтепбай Азат Болатұлы - «Outsource Director Ltd.» ЖШС директоры
Кушенов Сұлтан Бахытұлы - Түркістан облыстық маслихатының VII шақырылым депутаты, «Конус» ЖШС құрылтайшысы
Дузбаева Мейрамкүл Алтынбекқызы - «ҚТЖ» ҰК» АҚ даму жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі
Уткин Сергей Геннадьевич - Адвокат
Әбжанов Әлімхан Досыбайұлы - «Ақ жол» демпартиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы, «Заңғар» компаниясы тобының басқарма төрағасы
Садықов Асқар Аманбайұлы - «Ақ жол» демпартиясының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, кәсіпкер
Риаханов Шыңғыс Нұртасұлы - «Ақ жол» демпартиясының ШҚО филиалының төрағасы, «Altay Trans» ЖШС директоры
Хамзин Ғани Болатұлы – ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты
Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы - «BIGLIFE» ЖШС тәуелсіз директоры
Өмірғали Ерлік Қайдарұлы - ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты
Қожахметов Асылхан Төлепбергенұлы - «Ақ жол» демократиялық партиясының Ұлттық Кеңесінің хатшысы
Сәрсенов Сағият Өмірзақұлы - «Іле корпорациясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР Мәжілісінің V шақырылым депутаты
Кенесары Алмас Үсенұлы - «Holding Orkendeu» ЖШС бас директоры
Васильев Дмитрий Владимирович - «Ақ жол» демпартиясы төрағасының орынбасары, «Аграрлық-инвестициялық корпорация» ЖШС директоры
Жұмағалиев Рустам Айсұлтанұлы - «Ақ жол» демократиялық партиясының Ұлттық Кеңесінің хатшысы
Үстемірова Ғалия Ідрісқызы - «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы хатшылығының меңгерушісі
Тәжібаева Ғазиза Бақтиярқызы - «Ақ жол» демократиялық партиясының Республикалық жастар қанатының басшысы
Демидова Дана Төлегенқызы - Жетісу облысы бойынша облыстық партия кеңесінің мүшесі
Елубаева Марал Қуандыққызы - «Қарағанды медицина университеті» Халықаралық медицина факультеті деканының академиялық жұмыс жөніндегі орынбасары
Смағұлов Асқар Сайлаубекұлы - «Ақ жол» демпартиясының Астана қалалық филиалының төрағасы, Астана қалалық маслихатының VII шақырылым депутаты
Маутқанов Алтай Ілиясұлы - «Даму» компаниялар тобының құрылтайшысы
Сембинов Азат Талғатұлы - «Ақ жол» демпартиясы төрағасының кеңесшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, кәсіпкер
Шардинов Бахтияр Ахметжанұлы - «Жаркент» ЖШС бас директоры
Шынасилова Мейраш Қалиқызы - «Ақ жол» демпартиясының Алматы облыстық филиалының төрайымы
Егінбаев Ермек Молдақұлұлы – «Ақ жол» демпартиясының Жетісу облысы бойынша филиал төрағасы, «Кайнар» ЖШС басқарма мүшесі
Юсупов Ермекқали Төлепқалиұлы - «Ақ жол» демпартиясының Атырау облыстық филиалының төрағасы, Атырау облыстық мәслихатының VII шақырылым депутаты
Пыхарев Станислав Сергеевич - «С.С. Групп» ЖШС директоры
Тлеужанов Ержан Хамитұлы - «Ақ жол» демпартиясының Абай облысы бойынша филиалының төрағасы
Шалқарбеков Мұханбетәлі Женісұлы - «Ақ жол» демпартиясының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, «АБЗ Актас» ЖШС директоры
Бадашев Алмаз Бекетұлы - «WestGasOil LTD» ЖШС директоры
Жұтаев Махаббат Сағынбайұлы - «Ақ жол» демпартиясының Қостанай облыстық филиалының төрағасы, Қостанай облыстық мәслихатының VII шақырылым депутаты, кәсіпкер
Боранбаев Қайрат Жомартұлы - «Нурлен» ЖШС басқарма төрағасы, Қызылорда облыстық мәслихатының VII шақырылым депутаты
Нұрқазов Ойрат Серікұлы - «Бахус» Автоорталығы» ЖШС бас директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының VII шақырылым депутаты
Салықбаев Абзал Мырзаханұлы - «Ақ жол» демпартиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, кәсіпкер
Шаңбаева Гүлмайса Қонаққызы - «Ақ жол» демпартиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Маңғыстау облыстық мәслихатының VII шақырылым депутаты
Қорғанбаев Батыржан - «KazMunaiGas Exploration Production –Catering» ЖШС директорының орынбасары
Кинцель Евгений Юрьевич - «Ақ жол» демпартиясы комиссиясының төрағасы, Заң кеңесшілері Солтүстік Қазақстан тәуелсіз палатасының төрағасы
Молдашева Әйгерім Қанатқызы - «AirAstana» авиакомпаниясының Boeing 757/767 ұшқышы, Оңтүстік Калифорния университетінің магистранты
Әубәкірова Гүлнар Боярстанқызы - «Ақ жол» демпартиясының сот процестеріндегі кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қызметінің басшысы
Арыстанова Әйгерім Атығайқызы - «Ақ жол» демпартиясының жастар кәсіпкерлігін қолдау қызметінің басшысы
Өмірбекова Альфия Айтымбекқызы - «Sklad Agrohim» ЖШС кеден брокері
Нұрлыханов Тимур Ерланұлы - «QP Service» ЖШС бас директоры
Әлібаева Альмира Қадырлықызы - Кәсіпкер
Атыгаева Қызылгүл Тохтарқызы - «Жер-Ана-2021» ЖШС директоры
Ракишева Әлия Болатқызы - «Отбасы банкі» АҚ Есеп жөніндегі Басқарма бастығы
Барлығы - 53 кандидат
Квота 30% (15,9) – 17 кандидат.
AMANAT партиясының кезектен тыс съезі 7 ақпанда өтеді
«Байтақ» жаңа саяси партиясының сайлауалды съезі 3 ақпанда өтеді
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 2 ақпанда кезектен тыс ХХ съезін өткізеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 ақпан күні сағат 11:00-де Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның кезектен тыс ХХ съезі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат саяси ұйымның сайтына сілтеме жасап.
Съезд жұмысына Қазақстанның бүкіл аймақтарынан келген партия филиалдарының делегаттары қатысады.
2023 жылдың 21 қаңтарында ЖСДП төралқасы 19 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатынын хабарлаған болатын.
Еске сала кетейік, тағы бір саяси ұйым - AMANAT партиясының съезі 7 ақпанға жоспарланғанын хабарлаған едік.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 2 ақпанда кезектен тыс ХХ съезін өткізеді
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 2 ақпанда кезектен тыс ХХ съезін өткізеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 ақпан күні сағат 11:00-де Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның кезектен тыс ХХ съезі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат саяси ұйымның сайтына сілтеме жасап.
Съезд жұмысына Қазақстанның бүкіл аймақтарынан келген партия филиалдарының делегаттары қатысады.
2023 жылдың 21 қаңтарында ЖСДП төралқасы 19 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатынын хабарлаған болатын.
Еске сала кетейік, тағы бір саяси ұйым - AMANAT партиясының съезі 7 ақпанға жоспарланғанын хабарлаған едік.